Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Өзбектер

29053
Өзбектер - e-history.kz

Өзбектер

Бұл өзбек деген Өзбек хан атыменен аталған деп айтылған. Әз Жәнібек ханға еріп, Шағатай нәсіліне қараған қазақтар Мауранаһарда отырықты болып қалғандықтан өзбек аталып қалды. Онан басқа анық қазақ еді. Бұлардың ішінде Жошыға қараған мағолдан да (маңғол), татардан да бар және Шағатайға қарағандардан да қосылғандар бар. Бұл өзбек рулары – тұяқлы, оның ішіндегі рулар – молла кесек, мырза кесек, митаны (бұлар ноғайдан). Және найман, бұл үш ру – қостамғалы, уақтамғалы, садырбек. Бұлар «найман һәм қоңыраттан бөлінген қазақпыз» дейді. Және үйсін үш ру – ошақты, көзтамғалы, ергенеклі. Және көшші, қатаған (бұларды бекзат деседі). Және сарай, бағрын юз, қырық мың қытай, қыпшақ, қарақалпақ, түрікмен, жалайыр, дүрмен, түрік, маңғыт, қаңлы, кенегес, мисит, ябы, тама, меркіт, аллат, баташ — осының бәрі әр жерден келгендер — өзбек атанып отырған.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түркі, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабынан. Аударған Б.Қайырбеков. Алма-Аты, СП Дастан, 1990 
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?