Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Якуттар

29038
Якуттар - e-history.kz

 Якут деген халық – манжурия тіліменен яку деп атағаннан, ескі түріктің сақа деген табы. Сонан сағай атанған татарлардан шыққан ел. Бұлар орыс қоластында ең күншығыс жақтағы шетте, Лена өзенінің басынан Охот теңізге шейін, күнбатысы Енисей суының аяғына шейін, олар өздерін сақа дейді. Олар орысша Батилинский һәм Елли деп екі бөліп айтылады. Басында Красноярский татардан, яғни сағайлардан келген Омуғай бай менен Елли дегеннің нәсілі. Басында Омуғай бай келіп хан болып тұрғанын естіп, Елли деген келіп, Омуғайдың бір қызы соған тиген соң Омуғай қызына өкпелеп, жасау орнына бір жаман бие беріпті. Артынан Елли байып, көп баласы болыпты. Приклонский деген жазушының сөзінше, Омуғай байдың жалғыз баласы – Барағай (Батила, Келтағай, Тобуқ деген). Оның нәсілінен Баяғантай ұлысы болды. Еллидің алты баласы болған – Лабынға сурук (ең бұрын шаман, яғни бақсы болған осы еді), екінші баласы – Хадат Хағалас деген (Ханғалас ұлысы соның нәсілі), үшінші баласы – Жүнжағлыдан Баторюс ұлысы болды, төртінші баласы – Молутой Орхоннан Мегин ұлысы шықты, бесінші баласы – Дили Дархан, оның екі баласы – Борғунжарта, Сордахдобсон. Бұлардан Борғун, Добсон ұлыстары болды, алтыншы баласы – Хатан Хатамалайдан Нам ұлысы шықты.

Бұл якуттардың ол жерге келгені 1200 жылдардың ішінде болса керек. Руларын бес ағауыс деп те атап, кейде жон деуші еді. Жонның мағынасы орысша «народ», бізше «халық» деген сөз. Ескі заманда якуттардың әрбір табының ұрандары, таңбалары болса керек, бірақ бұл кезде ұмытылған, сөйтсе де ұмытылмай табылғаны: Колмский якуттың ұраны – барилас (яғни бүркіт) және әрбір ұрандары – сасыл (яғни түлкі), есе (яғни аю), шелбін (яғни шолпан), іс (яғни іш), тарағай (яғни таз) және сондай ұрандары көп болған.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түркі, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабынан. Аударған Б.Қайырбеков. Алма-Аты, СП Дастан, 1990
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?