Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Күншығыс Түркістандағы түріктер

29032
Күншығыс Түркістандағы түріктер - e-history.kz

Күншығыс Түркістандағы түріктер

 Тарым өзенінің басында Алатау мен Памир арасында және Тибет жағында әр түрлі түрік ұрпағы бар. Олар көбінесе туған жер атыменен аталады. Мысалы, қашқарлық және хотандық. Олардың ең күнбатысындағысы – бұрыннан отырықты болған ескі арий деген тайпадан. Бұрынғы заманда қытайша Кіші пулу деп аталған хандық – сол осы күнгі конжут, келекіт дегендер, Үлкен пулу дейтұғыны – блужыстан, ясин, шитрал, һәм қафирстанның бір бөлегі. Аристовтың сөзінше, олардың руы – шоюя, шоми, шобы һәм ұсақтары бар. 9-жүз ішінде қарлықтың ханы алды, оларды мұсылман қылды. Онан соң қара қытай билеп, онан соң хорезмшаһ биледі. Ақырында қалмақ алып, онан қытай алды. Қытайлар оларды чанту, қырғыз, сарт деп атайды. Оның ішіндегі тараншы деген – егінші деген сөз. Қытайлар Құлжа маңына егін салғызған. Құлжаға мұсылман орныққан соң қытайға қарамаған есепті болып, 1871 жылда орыс құзырында болып, 1883 жылы қайта қытайға бергенде, тараншының көбі орыста қалып, Іле даласында орнықты. Және қытай қол астында түрікше сөйлейтін, Гансуда салор деген халық бар. Олар «1370 жылы Самарқандтан келіппіз» дейді. Және қытайдан мұсылман болған дүнгендер бар. Оның арғы тегі – түріктің жун атанғандарынан, он мың, жүз мыңнан қытайға қарап қалғандардың ұрпағынан.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түркі, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабынан. Аударған Б.Қайырбеков. Алма-Аты, СП Дастан, 1990
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?