Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Ақжайық жағалауы сыр шертеді» көрмесі шақырады

28924
«Ақжайық жағалауы сыр шертеді» көрмесі шақырады - e-history.kz

22.10.15.

2015 жылдың 27 қазан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейі қорынан «Ақжайық жағалауы сыр шертеді» атты көрменің ашылу салтанаты өтеді. 

Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейі облыс әкімдігінің 1992 жылғы шешіміне сәйкес ашылды. 1999 жылы музейге дербес ғимарат беру туралы шешім қабылданды. Ал 2005 жылы музейге жерлесіміз, суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Ш. Сариевтың есімі берілді. 

Қазіргі таңда музей облыстағы мәдени-ағарту орталығы болып табылады. Музейдің алуан түрлі коллекциясы Атырау облысы көркем мәдениетінің өткені мен бүгінгісін таныстырады. Музей қорында 1600-ге жуық жәдігер бар. «Ақжайық жағалауы сыр шертеді» атты көрмеде кескіндеме шеберлерінің тамаша туындылары ұсынылып отыр. 

Көрменің басты мақсаты – аймақтар арасындағы мәдени байланысты нығайту, музей ісін дамыту. Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейінің қоры Алматы қаласы мен қала қонақтарына қазақ халқы рухани мәдениетінің құндылықтарымен танысуына мол мүмкіндік береді. Көрмеге әр түрлі жанрдағы 40 туынды қойылды.

Жанәбіл Рахметов, Мұхит Калимов, Гүлфайрус Ысмайылованың және тағы басқалардың туындылары портрет өнерінің керемет үлгілері болып табылады. Олар сурет кейіпкерін дәлме-дәл бейнелейді. Ол үшін әр суретші тиісті шешім тауып, кейіпкеріне қоршаған ортамен салыстыра отырып мінездеме береді. 

Қамбарбек Аманов, Жоламан Аралбаев, Рафаэль Слекеновтің туындыларында ауыл өмірі кеңінен бейнеленген. Дәстүрлі түрде күннің батуы, ағаштар, құдықтар мен шөптер өсімдіктердің жарылуы, жердің дірілдеуі секілді ақылға сыймайтын пейзажға ауысады. 

Амандос Ақанаев, Әділхайыр Жантасов, Ерболат Шеруеновтің туындылары ата-бабалар дәстүрін негізге ала отырып, туған өлке тарихын әлемге танытады. 

Сәдір Кәрібай, Отарбай Кендір, Қабдол Досниязов, Анатолий Бажанов сынды суретшілердің туындыларында отбасылық жылылық пен туыстық қатынастарды, салт-дәстүрлерді бейнелей отырып, рухани әрі тұрмыстық сипатта туған жердің кейпін сипаттайды. 

Көрмеге арқау болған – суретшілердің туған жерге, Атырау қаласына, Ақжайыққа деген сүйіспеншілігі. Осы топтамадағы суреттер көгілдір және сарғыш қоңыр түспен берілген. Қала және қала маңының толассыз өзгеріп жатқан ажары жаңа әсерлер мен жаңа мақсаттарды туғызады. 

«Ақжайық жағалауы сыр шертеді» атты көрмесін ұсына отырып, Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейі алдағы уақытта да Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайымен байланысын жалғастырып, өзінің шығармашылық лабораториясын және тұтастай Қазақстан өнерінің «шеберханасын» байытады деп сенеді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?