Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ақтөбелік археологтар көне қорғандарды тапты

1818
Ақтөбелік археологтар көне қорғандарды тапты - e-history.kz
Ақтөбелік археологтар көне қорғандарды тапты

Ақтөбе өңірінде отандық және германиялық ғалымдар бірлесіп, 4 жыл ішінде 15 көне қорғанды зерттеген. Жуырда олар Халықаралық жоба аясында Қобда ауданы Жиренқопа ауылы маңындағы ескі қорғанның қазба жұмыстарын  аяқтады. 

Жалпы табылған қорғанның сипатын ғалымдар Мысыр пирамидаларындағы қазбаларға ұқсас дейді. Олардың дені 2,5 мың жыл бұрын жерленген. Қазба жұмыстары кезінде ат әбзелдері, қару-жарақ, әйелдердің алтын әшекей бұйымдары табылған. Зерттеулер нәтижесіне сүйенген  археологтар даладағы ескі корғандарды сақ дәуіріне жатқызып отыр. Мәселен, олар тапқан қорғандардың биіктігі 10 метрге дейін жеткен. Ақтөбе өңірінің Қобда және Ойыл аудандары аумағында көшпелі сақтардың жауынгерлік ғұмыры мен  тұрмыс-салтын бейнелейтін жәдігерлер көптен кездеседі. Еліміздің Батыс өңірін мекендеген ежелгі сақ тайпалары саяси-әскери өмірге белсене араласқан көрінеді. Қорғаннан табылған  алтын заттар көшпенділердің басқа да елдермен сауда-саттық, экономикалық тығыз байланыста  болғанын дәлелдейді, - дейді ғалымдар. Ал, табылған жәдігерлер облыстық өлкетану мұражайында сақтаулы, олар Германияда өтетін Халықаралық көрмеге қойылмақ. 

Мейрам ДҮЙСЕНҒАЛИ, ОБЛЫСТЫҚ АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Осы обалардың шоғырланған жерлері бұл ірі өзендердің жалаулары болып табылады. Сол Ақтөбе облысындағы ірі  өзендер бұл Елек, Қобда, Ор, Жем өзендері. Міне, осы айналасындағы ескерткіштерді зерттеу алдағы мақсат қойылып отыр.  Елек өзені жағасындағы «Сапибұлақ» деген үлкен қорым зерттелді 2009 жылы.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?