Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ хандарының дипломатиялық жазбалары үш тілге аударылады

1053
Қазақ хандарының дипломатиялық жазбалары үш тілге аударылады - e-history.kz
Бұл қазақ хандығының тәуелсіз мемлекет ретінде көрші елдермен жүргізген сауда-экономикалық қарым-қатынасының жазбаша айғағы.

Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі Меруерт Әбусейітованың айтуынша қазақ хандарының көрші елдермен жүргізген дипломатиялық жазбалары үш тілге аударылады.

«Бұл қазақ хандығының тәуелсіз мемлекет ретінде көрші елдермен жүргізген сауда-экономикалық қарым-қатынасының жазбаша айғағы. Менің ойымша қазір ғалымдар мен тарихшылар бұл материалдарды зерттеуге кірісті. Жақын арада осы жазбаларды қазақ, орыс және ағылшын тіліне аударып, жұртшылыққа ұсынамыз», - деп мәлім етті М.Әбусейітова.

«Біз Қытайдан 283 том алып келдік. Олар 72 мыңнан астам қазақ хандары мен сұлтандарының көрші елдердің билеушілерімен жүргізген дипломатиялық жазбаларынан тұрады. Бұл құжаттар өте құнды. Егер бұрын қазақтарда жазба, мемлекеттілік болған жоқ деген пікір болса, бұл айғақтар қазақтарда нумизматикалық және картографиялық материал болғанын растайды», - деді осыған орай М.Әбусейітова.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?