Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Тарих ғылымының докторы, профессор Тілеуқажы Шойынбаевтың туылған күні

- = -

ҚР Үкіметінің қаулысымен«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы құрылды

26345
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамын құру туралы» № 237 қаулысымен жарғылық капиталындағы мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен құрылды. Қордың жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаттары есебінен қалыптасады және қырық бес миллион тоғыз жүз елу мың теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын ұлғайту жалғыз акционер немесе Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте, сот шешімі негізінде жүзеге асырыла алады. 2004 жылғы 21 сәуірде Қор заңды тұлға ретінде тіркелген (тіркеу туралы куәлік №16157-1901-АҚ). Қордың мемлекеттік пакет акцияларымен иелену және пайдалану құқығы 2004 жылғы 1 маусымдағы №10 Қабылдау-тапсыру актісі негізінде Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Номиналды құны 1 000 (бір мың) теңге тұратын акцияларды шығару көлемі 45 950 мың теңге құрайды, жарғылық капиталы 45 950 мың теңге. Шығарылған акциялардың саны 45 950 жай акцияны құрайды, оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірі KZ1C51240014 берілген, шығару нысаны құжаттамасыз. Акциялардың шығарылымы толық төленген, орналастырылмаған акциялар Қор иелігінде жоқ. Қордың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады.