Қала тұрғындары мен қонақтары Жапония мәдениетімен жақын танысты. Жапония туралы біз не білеміз? Күншығыс елі туралы қалыптасып қылған стереотиптердің бірі – бұл ел көптеген шығыс жекпе-жегі түрлерінің отаны. Ұл бала, болашақ ер-азамат үшін бұдан басқа не маңызды болуы мүмкін?
Жапондық шығыс жекпе-жегіне спорттың мынадай танымал түрлері жатады: карате, жиу-житсу, жудо, айкидо, кендо (семсерлесу), сумо (күрес түрі), сонымен қоса аз танымал кюдо (садақпен ату), ябусамэ (садақпен ат үстінде ату), кобудзюцу. Ниндзя өнерін жапондық брендке жатқызуға болады. Фестивальда елорданың жас тұрғындары «ninjitsu Astana bujinkan dojo» ниндзя клубының шеберлігімен жақынырақ танысты.
«Ninjitsu Astana bujinkan dojo» клубының мүшесі Виталий Акулов аталған өнердің спортқа жатпайтынын жеткізді. – Біз Жапонияда жүйеге келтірілген әскери өнермен айналысамыз. Бұл неге спорт емес, неге жекпе-жек емес дегенге келсек, бұл өмір сүруді үйрететін өнер. Яғни кез келген техниканы үйренгенде ауыртпалық сезімін үйренеміз, рухани практикада табиғатпен сырласамыз. Біз ешқандай жарыстарға қатыспаймыз, бұл өнер спорттың ешбір түріне жатпайды, – дейді шебер.
Айтуынша, халық спортқа барса, жарысқа қатысқысы келеді. Бірақ олардың әскери өнері адамның өз-өзімен жарысуын қадағалайды. Қазақстан бойынша екі орталығымыз бар. Алматыда филиалымыз бар. Біз туралы көпшілік біле бермейді Жаттығу барысында түпнұсқаға жақын қару қолданамыз. Түпнұсқа қылышты қолдануға болмайды, себебі қауіпті. Барлық техника шынайы қаруға жақындау қылып жасалынады. Ол адамның қарудан және қарумен шабуыл жасайтыннан қорықпауы үшін жасалынады.
Жас астаналықтарға үстел ойындарынан шеберлік сыныптары көрсетілді, осыдан кейін балалар топтарға бөлініп, команда құрап, сайысқа түсті. ҚазМЗУ жанында жапон тілін оқытатын орталық бар екен.
Орталық қызметкерлері мен еріктілер жапон тілін үйренгісі келетіндерге жапон тілінің курстары мен өтетін орны туралы айтып берді. Жапон жазуы бойынша өткізілген шеберлік сыныбы үлкен қызығушылық тудырды. Өз атының жапон тілінде қалай жазылатынын білуге құмарлар шеберге кезекке тұрды. Нұрсұлтан есімі жапонша осылай жазылады Жасы кішілер оригамимен қызыға айналысып жатты. Кішкентай ғана саусақтарымен мұғалімнің көмегімен олар тамаша дүниелер жасап шығарды.
Жуырда ғана тағайындалған елші Тацухико Касай «Жастар» сарайындағы тамаша атмосфераға, осы шараға қызығушылық танытқан қала тұрғындары мен қонақтарына ризашылығын білдірді.
– Бүгін жапон мәдениетінің бір бөлігін, атап айтқанда кимоно, оригами, мәнерлеп жазу т.б. өнерін көрсетіп жатырмыз. Бағдарлама қызықты болады деп ойлаймын. Қазақ жастарының жапон мәдениетіне қызығушылық танытатыны мені қуантады, – деп атап өтті елші Тацухико Касай.
Кимоно киген жігіттер қазақтар мен жапондықтардың шыққан тегі бір деген теория бар. Бұл туралы елші Тацухико Касай еске салып өтті.
– Маған бұрын қазақтар мен жапондар бір жерде өмір сүргенін айтқан болатын. Кейін біз, балық жақсы көретіндер шығысқа қарай кетіппіз де, ет жақсы көретіндер батысқа қарай көшіп кетіпті. Содан батысқа кеткендер кейін қазақ болып кеткен. Сондықтан да біздің тамырымыз бір, – дейді Тацухико Касай.
Фестивальда жастардың түрлі вокалдық және би топтары өнер көрсетті. Жастар мерекеге мәз-мейрам болды. Фестиваль Жапония мен Қазақстан арасында ортақ дүниенің көптігін тағы бір рет дәлелдеп берді.