Бұл туралы «Әдебиет» порталы хабарлады. Деректі фильмнің режиссері Ілияс Ысқақов: – Мырзатай ағамыз туралы осыған дейін түсірілген деректі фильмдердің барлығында ол кісінің мемлекет үшін істеген істері, қайраткерлігі әрі дипломатиялық жұмыстары толық қамтылған. Сондықтан біз осы деректі фильмді түсіру барысында таптаурын болған дүниелерден гөрі, түрколог ғалымның балалық шағы, студенттік жылдары, ғылымға қалай келгені туралы көбірек дерек беруге тырыстық. Деректі фильмді түсіру барысындағы тағы бір басты мәселе – ешбір тұлғаға Мырзатай ағамызға баға бергізуді, пікір айтқызуды жөн көрмедік, – дейді. Деректі фильмді көруге зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, ақын-жазушылар келді. Фильм бүгінгі қоғам қайраткерінің кешегі бала Мырзатай жайлы сағынышқа толы шақтарын баяндаумен басталады. Ғалым онда жастық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келгендіктен жоқшылықтың тауқыметін қалай тартқаны, сол тұстағы қазақ әйелдерінің төзімділігі, өз анасы туралы жылы естеліктерімен бөліскен. Жалпы деректі фильмге «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланып келе жатқан «Күндерімнің куәсі» атты күнделіктері негізгі өзек болып отыр. Деректі фильмнің шарықтау шегі Елбасының қоғам қайреткерін қабылдап: «Сіз тәуелсіздіктің алғашқы таңынан бастап әрдайым жанымда болдыңыз. Маған қолдау білдіріп, кеңесшім, Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқардыңыз. Мен Сізді жауапты лауазымдарға тағайындадым. Елші, университет ректоры болып, дипломаттарды тәрбиелеуге атсалыстыңыз. Белгілі ғалым, қаламгер ретінде кең танылдыңыз. Сізді 80 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтап, зор денсаулық тілеймін. Әлі де елге қызмет ете беріңіз», – деп І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған сәтімен жалғасқан екен. Деректі фильм бүгінде ел құлағына Мейрамбек Бесбаевтың орындауында сіңіп қалған Мырзатай ағамыздың туындысы «Дүние, шікін» әнімен қортындыланыпты. Фильм аяқтаған тұста Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалин сөз алып, фильмнің бүгінгі ұрпаққа берері мол екенін, бұл істің артында қанша еңбек жатқанын айтып, түсіруші топқа ризашылығын білдірді. Әзірлеген
Мырзатай Жолдасбеков туралы деректі фильм көрерменге жол тартты
2729
Кеше Астана қаласындағы «Думан» қонақүйінің кинозалында мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің өміріне арналған «Дүние, шіркін» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтті.
Танымал
Апта
Ай
Жыл
Бір әннің тарихы: «Бозторғайым»
28.05.2026
3315
Торғай ашаршылығына 105 жыл толды
24.05.2026
3131
«Әмірсана 30 мың қазақ жасағын бастап келеді»: қауесет пе, әлде Чиңнің қорқынышы ма?
28.05.2026
2043
Маусым айындағы мерейтойлар мен атаулы күндер
25.05.2026
1962
Омар Бармақов және Батпаққара көтерілісі
26.05.2026
1665
Жылқышы Ақтайұлы және Қобдаға бет түзеген қазақ көші
29.05.2026
1640
Қажылық, «Қажыбаян» һәм «Қазақ» газеті
26.05.2026
1455
Жайық өңірінің жануарлар әлемі жинақталған музей
26.05.2026
1352
Қуғынға түскен ғұмыр
29.05.2026
1158
Қазақстан дипломатиясына 34 жыл: Мамыр - мәмілелер айы
28.05.2026
1000
Қанды адыр құпиясы немесе Қазақ даласына 20 мың қолмен басып кірген қытай әскері қайда жоғалды?
08.05.2026
9484
«Ұзын сары»: қазақтың ұмыт бола бастаған дәстүрлері
14.05.2026
8905
Алаштың алғашқы ветеринар дәрігері
12.05.2026
8381
Аягөзден шыққан қайсар қазақ қызы
18.05.2026
7571
Сүйінбике ханым кім?
15.05.2026
6801
Бір әннің тарихы: «Сағыныш сазы»
15.05.2026
6688
Цинь патшалығына сыйға берілген сегіз сәйгүлік
12.05.2026
6655
Ұмыт болған хандар: ІІ Жәнібек хан
15.05.2026
6547
Неслихан Өзтүрік: «Мұстафа Өзтүріктің қызы ғана емес, қазақтың қызы деп қабылдағанын сезіндім»
22.05.2026
6208
«Құралайдың салқыны» деген не?
12.05.2026
5394
Жылқы жылы қандай болған?
26.12.2025
23191
Адам «жұтатын» арал: Құпияға толы Барсакелмес туралы
08.10.2025
21686
Өзге елге алтын сыйлаған қазақ спортшылары
25.02.2026
20845
2026 жылы тойланатын атаулы күндер мен мерейтойлар
18.11.2025
20719
2025 жылы өмірден өткен тұлғалар
22.12.2025
20461
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2025. Толық мәтін
08.09.2025
19373
Қазақтар түнде судан неге қорыққан?
31.01.2026
19075
Мао Цзэдунның оққағары болған қазақ
19.03.2026
16930
Бір әннің тарихы: «Келші, Айым»
04.03.2026
16168
Қазақ халқының ұлттық тағам түрлері
25.08.2025
15810
Жалған айыпты арқалаған – ағайынды Каналиндер
23.01.2026
15759