Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астана күніне орай NDH DIGEST желілік журналы жарық көрді

1751
Астана күніне орай NDH DIGEST желілік журналы жарық көрді - e-history.kz
Астана күні мерекесі қарсаңында National Digital History интернет порталы жаңа желілік NDH DIGEST танымдық журналын қалың оқырманға таныстырады.

«Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Кочетовтің сөзінше, енді журнал қазақ және орыс тілдерінде айына бір рет оқырмандарға жол тартады. Сондай-ақ, ол журнал: «Әрбір атаулы дата мен тарихи оқиғаларды қамтып отыратын кең көлемді журнал болады» деп айтты. Электронды басылымның жалпы көлемі – 50 бет.

Желілік басылымның негізгі мақсаты – Қазақстан тарихын танымдық тұрғыдан бүгінгі сарынға сай, жеңіл тілде жеткізу. Одан бөлек басылым заманауи тәсілдегі инфографика, сапалы суреттер және әсерлі дизайнымен ерекшеленеді. Алғашқы саны санаулы күн қалған айтулы мереке Астананың туған күніне орай «Бозоқтан Астанаға дейін» деген атаумен жарық көреді.

Ел сүйсінген елордамыз 20 жылдың аясында әлем мойындағанымен қоймай, осы уақыт аралығында және бүгінгі күні Астана әлемдік тұрғыдағы айтулы оқиғалар орын алатын басты алаңға айналды. Ал бас шаһардың бағзы тарихына келер болсақ, түбі сонау Бозоқтан бастау алатын Астананың өткені өте бай әрі терең екеніне көз жеткіземіз.  

Жаңашыл журналда әсем Астананың өткен тарихы мен қатар бүгінгі өмірінен баян ететін тың мәліметтер, әсерлі әңгімелер мен қызықты естеліктер жарияланған. Қазақтың ұлы даласында сән-салтанат құрған байырғы империялардың байтақ ордасы жайлы да қызықты деректерді оқып білетін боласыз.

Тұсауы кесілген NDH DIGEST бірінші қазақстандық желілік журналы – болашақта терең тарихымыз бен тұғырлы тәуелсіздігімізді жырлайтын басты танымдық ақпарат құралы боларына сенімдіміз.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?