Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарих және этнология институтына жаңа директор тағайындалды

2062
Тарих және этнология институтына жаңа директор тағайындалды - e-history.kz
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасы Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы алдында жаңа директор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлын таныстырды деп хабарлайды комитеттің ресми сайты.

Қабылдинов З.Е. республикалық мемлекеттік кәсіпорын жетекшілерінің бос орындарына кандидатураларды іріктеу бойынша конкурстық комиссияның шешімі бойынша тағайындалды. 

Кабульдинов З.Е. Омбы мемлекетік университетін «Тарих» мамандығы бойынша, Құқықтану және халықаралық қатынастар қазақ институтын «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

2003-2004 жылдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ежелгі және орта ғасыр тарихы факультетінің меңгерушісі қызметін атқарған. 

2004-2011 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тарих кафедрасының меңшерушісі, ректор кеңесшісі, Дүниежүзі тарихы және археология кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтік ғылым факультетінің деканы және әкімшілік-шаруашылық жұмыстар бойынша проректор қызметтерін атқарған. 

2011-ші жылдан 2017-ші жылға дейін ЕҰУ-нің бас ғылыми қызметкері, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры және «Еуразия» ғылыми-зерттеу орталығының директоры болған. 

Зиябек Ермұханұлы 5 монографияның, 7 оқу құралының және 450-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.        

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?