Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанның Ресей империясына қосыла бастауы

39569
Қазақстанның Ресей империясына қосыла бастауы - e-history.kz
XVIII ғасырдың 30 жылдарының басында Қазақстанды қосу тек қана XIX ғасырдың ортасында аяқталды және күрделі қарама-қайшы процесс болып табылды.

XVIII ғасырдың 20 жылдары қазақ халқы үшін тарихта ел басына күн туған кезең болды, көршілес елдер тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты, әсіресе  жоңғарлардың шығыстан ойран салып ірі соққылар беруі, қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өміріне қиындата түсті. Сыртқы саясаттағы жағдай қазақтарды орын алған жағдайдан шығу жолын іздеуге мәжбүр қылды. 1726 жылы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, старшиндар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай және басқалары Ресейге, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы Қойбағарды жіберген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды, сонда да Әбілқайыр хан өзінің бодандығынан және  пиғылынан қайтпай, 1730 жылы қыркүйекте Уфа арқылы елші жібереді. 1731 жылы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Әбілхайыр ханнан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді.

1731 жылы 5 қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында жауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды. Әбілқайыр 1731 жылы 10 қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттармен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан сақтауды да ойлады, оған Бөгенбай, Есет батырлар мен Құдайменде мырза қосылды.

Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының жан-жақты негіздерін теріске шығармай, Әбілхайырдың жеке көреген саясатын естен шығармау қажет, ол ресейлік әкімшілікке сүйене отырып, барлық саяси қарсыластарының көзқарасын әлсіретуді, жекеше билікке күресуде әлеуетті қарсыластарынан жоғары тұруға үміттенді. Әбілхайырдың және оның жақын серіктестері, беделді батырлар Бөгенбайдың, Жәнібектің, Есеттің және т.б. басты мақсаты барлық қазақ руларын біріктіру және Ресейдің формальды қамқоршылары арқылы орталықтандырылған мемлекет құру болды. Алайда, Кіші жүз ресейлік бодандықты қабылдаған соң Қазақстандағы жағдай күрделі болып қалды. Жоңғарлардың ойран салып басып кіру қаупі арылған жоқ.

1731 жылдың аяғында Әбілқайыр және Бөгенбай батыр өздерінің елшілерін Орта Жүзге жіберіп, Семеке ханға, егер Ресей бодандығын қабылдаса орыс әскерлерінің көмегімен өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндігі жөнінде уәде берді. Семеке Әбілхайырдың ұсынысын қабылдады. 1732 жылы Орта жүздің кейбір бөліктері Ресей құрамына формальды түрде кірді. Алдағы оқиға көрсеткендей, Семеке Ресей империясымен келісімшартты сақтамауға тырысты: ресей бодандығындағы башқұрттарға шабуыл жасады. Жоңғар шабуылшыларының қаупі Орта жүздің беделді феодалдарын Ресейге олады өзінің құрамына алу туралы қайта жүгінуге оятты. Анна Иоанновнаның 1734 жылғы 10 маусымдағы грамотасымен Семекенің және оның сыбайластарының өтініші қанағаттандырылды.

1732 жылы 24 қарашада Тевкелев өз міндетін аяқтап, Найзакескеннен кері жолға шықты. 1733 жылы 2 қаңтарда Әбілхайырдың Петербургке жіберген елшісімен Уфаға келді. Оның құрамында Әбілхайырдың ұлы сұлтан Ералы, ханның немере інісі сұлтан Нияз, старшиналар Шандыбай, Мырза Құдай-Назар, Мырзагелді батыр және т.б. болды. Петербургтегі келіссөздің нәтижесінде  Кіші Жүздің Ресей бодандығына кіруі ресми ресімделді.

Сонымен бірге, 1733-1734 жылдары Оңтүстік Қазақстанның кейбір билері мен беделді сұлтандары Ресей бодандығын қабылдауға деген ықыласын білдірді Анна Иоанновна патшайымның 1734 жылғы 10 маусымдағы Жарлығы үкіметтің Ұлы Жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы келісімін куәландырды. Алайда, оның Ресейден қашық орналасуы, сондай-ақ Жоңғарлармен қызба қарым-қатынаста болуы, 1740 жылы ресейлік бағдарды ұстап тұрған Жолбарыс ханды өлтіру бұл жоспардың жүзеге асуын ұзаққа жылжытты.

Жаңадан біріктірілген қазақ жерлеріндегі көзқарасты бекіту үшін 1734 жылы мамырда I Петрдің сыбайласы – Сенаттың обер-хатшысы И.К. Кириллов басқарған Орынбор экспедициясы ұйымдастырылды. А.И. Тевкелев оның көмекшісі болып бекітілді. Комиссияның міндетіне Ресейдің құрамына кірген жерлерді жан-жақты зерделеу, табиғи ресурстарды барлау, Орск бекінісінің имаратын салу, орыс және қазақ иеленушілерінің арасындағы жаңа шекараны анықтау кірді. Бірқатар себептер және ең алдымен 1734-1738 жылдарда Башқұрт көтерілісі Орынбор экспедициясының кеңейтілген жоспарын жүзеге асыруға кедергі жасады. 1735 жылы орыс-қазақ саяси және сауда өзара қарым-қатынасын дамытуда маңызды мағынаға ие Орынбор қаласының негізі қаланды. 1737 жылы И.К. Кирилловтың қайтыс болуына байланысты, Кіші және Орта жүздердің сұлтандары мен старшиндерінің елшілерін бағындыруға тырысқан В.Н. Татищев Орынбор өлкесінің жаңа бастығы болып тағайындалды.

1740 жылы Орынборда өткен Кіші және Орта жүздің старшиндері мен сұлтандары өкілдерінің съезі Ресей бодандығына кірудің алғашқы нәтижелерін бекітуге мүмкіндік берді. Оған қатысқан Әбілмәмбет хан және сұлтан Абылай, орын алған оқиғаларды ескере отырып, мүмкін болатын жоңғар шапқыншылығынан Қазақстанды қорғау үшін ұмтылып, Ресей бодандығына қабылдауын айтты. Кіші және Орта жүздердің сұлтандары мен старшиндері тобының 1740 жылғы қабылдаған анты, Ресейге тек қана Орта жүздің кейбір бөліктерін кіргізуге мүмкіндік берді, ал Қазақстанның өзге де Солтүстік-Шығыс және Орталық өңірлері тек қана XIX ғасырдың 20-40 жылдарында, патшаның әскери-саяси акциялары салдарынан империя құрамына кірді.

XVIII ғасырдың 30 жылдарының басында Қазақстанды қосу тек қана XIX ғасырдың ортасында аяқталды және күрделі қарама-қайшы процесс болып табылды. Қазақ жүздерін қосу әртүрлі саясаттан тыс және ішкі жағдайларға байланысты жүргізілді. Оңтүстік Қазақстанды, содан соң Орта Азияны Ресейге қосу патшаға Британ империясымен бақталастықта жоғары тұруға мүмкіндік берді.

Патша әкімшілік-саяси реформа арқылы басқарудың дәстүрлі жүйесін таратты, көшпенділерді жарамдылығы аз жерлерге ығыстыра отырып, қазақ өлкелеріне орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндік ашты. Халықтың басым бөлігіне бақылаусыз билік алып, Ресей барлық салада дерлік отарлау саясатын кеңейтті.

Сонымен бірге, Қазақстанды Ресейге қосу көшпенділер мен келімсектер арасында шаруашылық өзара қарым-қатынас жасау үшін мүмкіндіктер туғызды, сауаттылықты, сауданы жандандыруды тарату, қазақ ауылдарын осы жерден шығатын барлық салдармен бірге, капиталистік-өнеркәсіптік қатынастың орбитасына енгізу үшін мүмкіндіктер орнатты.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?