Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ билеушілерінің Ресей бодандығын қабылдауы

11578
Қазақ билеушілерінің Ресей бодандығын қабылдауы - e-history.kz
Қазақ халқының Ресей империясының қол астына кіру үрдісін алдымен Кіші жүз бастады. 1730 жылы Петерборға Әбілқайыр хан Сейтқұл батыр Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлы бастаған елшілік жібереді.

Қазақ халқының Ресей империясының қол астына кіру үрдісін алдымен Кіші жүз бастады. 1730 жылы Петерборға Әбілқайыр хан Сейтқұл батыр Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлы бастаған елшілік жібереді. Қараша айында елшілік Петерборға жетіп, Әбілқайырдың хатын Ресей патшайымы Анна Иоановнаға* тапсырады. Хатта Кіші жүзді Ресейдің қол астына алуы туралы өтініш жазылған еді. Бұл уақытқа дейін Ресей империясының құра-мына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдығы, Грузия толық қосылған болатын. Әбілхайыр елшілігі жоғары дәрежедегі сый-құрметпен қабылданады.

1731 жылы 19 ақпанда Анна Иоановна «Әбілқайыр ханды және бүкіл қазақ халқына оларды Ресей империясының қол астына алуы туралы» грамотаға қол қояды. Онда Әбілқайыр хан мен оның қол астындағы халқы Ресей бодан-дығына мынандай шарттар негізінде қабылданатыны туралы баяндалады:

Біріншіден, жоғары мәртебелі императорымызға адал қызмет етуге және бізге башқұрттар қызмет еткені сияқты жасақ төлеуге ант бересіздер.

Екіншіден, Ресейдің қол астындағы халықтардан ешқандайда тонаушылық пен өкпеге жол берілмейді.

* Қазақ жеріне Ресейдің ықпалы мен отарлаудың күшейе бастауы, ал кейіннен Қазақстанның Ресей құрамына толық енуі сол кезеңдердегі билеушілердің саясатына тікелей байланысты болған еді. Ол алғашқы император ¥лы I Петрден басталады (басқару уақыты 1682-1725 ); 

 онан кейін оның екінші әйелі I Екатерина (Марта Скавронская 1725-1727 );

 Петр II, I Петрдің немересі (1727-1730); 

Анна Иоановна, I Петрдің жиені (Герцогиня Курляндская 1730 - 1740); 

Елизавета, I Петрдің қызы (1740-1761); 

III Петр (неміс ханзадасы Карл Петр Ульрих 1761-1762); 

Екатерина II (неміс ханшайымы Софья Фредерик Август 1762-1796);

 I Павел, III Петр мен II Екатерина ұлы (1796-1801);

 I Александр, I Павелдің үлкен ұлы (1801-1825); 

I Николай, I Павелдің үшінші ұлы (1825-1855); 

II Александр, I Николайдың үлкен ұлы (1855-1881); 

 III Александр, II Александрдың екінші ұлы (1884-1894); 

II Николай, III Александрдың ұлы (1898-1917).


Үшіншіден, егер сендерге, қайсақтарға басқа біреулер басқыншылық жа-саса, Ресей императоры тарапынан қорғаласыздар және сіздер Ресейдің қол астындағы ел болып табыласыздар.

Төртіншіден, башқұрттар мен Ресейдің құрамындағы басқа да халықтар сіздердің тұтқындарыңызды босатады, ал сіздер ресейлік тұтқындарды бо-сатуға, башқұрттармен және қалмақтармен бейбіт жағдайда тұруға уәде етесіңдер» [22, 90].

Әбілқайыр хан мен басқа да ел билеушілерінен тиісті ант қабылдау ұшін Ресейдің сыртқы істер коллегиясының тілмашы А. Тевкелев бастаған елші-лер жіберіледі. (Оның татар есімінің баламалары Мамет, Мамет мырза, Кут-лумбет мырза, Құтлу-Мұхаммет.)

Қазақ билеушілерін Ресейге бодан болу женінде ант беруге көндіру үшін А.Тевкелевке маңызды саяси өкілеттер беріледі. Сондай-ақ оның елшілігі қазақ жерінде геодезиялық жұмыстар жүргізіп, аймақтың географиялық жағ-дайы, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі туралы мәліметтер жи-науы тиіс болды.

Оған «Қырғыз-қазақ ордасына, оларды Ресей қол астына алу үшін жіберілген шығыс тілдерінің аудармашысы М. Тевкелевке Мемлекеттік Сырт-қы істер коллегиясының нұсқауын» табыс етіледі. Бұл «Нұсқау» бойынша ол күнделік-журнал жазып отырған. Ондағы жазбалар сол кездегі тарихи оқиғалар жайында құнды деректер бере алады. «Нұсқаудың» бір бөлімінде: «Хан мен ақсақалдар және басқа қырғыз-қайсақтар адалдық туралы антты Құранмен берсін, оны бекіту үшін қол қойып Тевкелевке берсін... егер олар одан бас тартса, онда Тевкелев оларды көндіру керек», - деп жазылған [30,16-6.].

Анна Иоановна Әбілқайыр ханға арнайы сыйлық жіберген: қылыш, құндыз ішік, қара түлкі терісінен жасалған екі тымақ т.б. Сыйлықтарды хан ант қабыл-даған соң ғана беруге нұсқау берілген. 1731 жылы 5 қазанда А.Тевкелев Ырғыз өзені бойындағы Майтөбе дегөн жердеп Әбілқайыр ханның ордасына ке-леді. Елшілерді Әбілқайырдың үлкен ұлы Нұралының басшылығымен үлкен құрметпен қарсы алады.

Елшіні қабылдау рәсімі кезінде қазақ билеушілері арасында Ресей бодан-дығын қабылдау мәселесінде бірпік пен бірауыздылықтың жоқтығы білініп қалады. А. Тевкелев, қазақ сұлтандары мен ақсақалдардың бір бөлігінің орыс мемлекетіне бағынуға үзілді-кесілді қарсы екендерін түсінеді. Олардың хан-ның ықпалына көнбейтінін де сезеді. Бұл жағдайды шиеленістіре түскен еді. А.Тевкелевтің көмекшісі, Ресейге адал қызметі үшін тархан атағы берілген башқұрт Таймас Шаимовқа Табын руынан шыққан Бөкенбай батыр, оның күйеу баласы Есет батыр және оларға туыстық байланысы бар Құдайменді мырза Ресей бодандығын қабылдау туралы антты қолдауды ұйымдастыруға келісім береді. Онымен қоса А. Тевкелев «тәуелсіздікті жақтаушылардың бірнешеуін сатып алды». Нәтижесінде 1731 жылы 10 қаэанда Ресей бодан­дығын қабылдау және оған адал болу женінде антты бірінші болып Әбілқай-ыр хан, онан соң Бөкенбай батыр, онан кейін Есет батыр мен Құдайменді мырза береді. Ханнан басқа алғаш ант қабылдағандар ішінде 29 беделді би-сұлтандар мен батырлар болды. Осылайша Кіші жүздің Ресей империясы-ның қол астына өтуінің алғашқы қадамдары басталған еді. 1732 жылы 24 қарашада А. Тевкелев кері қайтады.

Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі қазақ халқының тағдырындағы өте қиын кезеңде дипломатиялық жолмен басталып, XIX ғасырдың 50-60- жыл-дарында әскери күш қолдану арқылы аяқталды.

XVIII ғасырдың 30-жылдарында жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылдары басталып, әсіресе Орта жүзге қауіп төндірді. Бұл жағдайда 1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановнаның жарлығы бойынша Орта жүз билеушілерінің орыс бодандығынан қабылдауы мәжбүрліктен туған саяси қадам болды. Бірақ Орта жүз әлі де болса дербестігін жоғалтпаған еді. Орта жүз ханы Сәмеке қайтыс болғаннан кеіін бұл жарлық жүзеге асырылмай қалды. 1822 жылы М. Сперанскийдің «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы» енпзілгенге дейін Орта жүз өз алдына дербес өмір сүре берді.

Қазақ мемлекеттілігін сақтап, оны нығайтуда қазақ ханы Абылай (1711-1781) көрегенді әрі шебер дипломатиялық саясат жүргізді. 1748 жылы Ресей бодандығын қабылдаған беделді сұлтан оны сақтай отырып, 1756 жылы Қытай бодандығын да қабылдайды. Бірақ іс жүзінде өз алдына тәу-елсіз саясат жүргізген болатын.

«Қазақ тарихының Герадоты» атанған А.И. Левшин өзінің «Қырғыз қазақ немесе қырғыз қайсақ ордалары мен далаларына сипаттама» атты еңбегін-де Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде нақтылы деректер кел-тіре отырып, талдау жасаған. Онда Абылай «қазақтардың барлық билеуші-лерінен айлакерлігімен және тәжірибеліпмен, ақыл парасатымен, оған қарайтын халықтың көптігімен беделді, Қытайдың боғдыханымен де, Ресей императорымен де қатынасы арқылы бүкіл ордада даңқты болды.

Ол күштілігіне сенімділігімен, ақылдылығымен және өте сақ мінезімен айналасына асқан шеберлікпен өзін қолдаушыларды топтастыра білді, жау-ларына күшін де көрсетті, ал қалыптасқан жағдайларға қарай кейде орыс бодандығын, қытай бодандығын мойындап, бірақ шын мәнінде тәуелсіз би-леуші болды» [40. 254-6.].

Абылай бүкіл қазақ халқының, үш жүздің ханы болды. Бұл жөнінде Шәкәрім былай деп жазады: «...үш жүзден тоқсан жақсылар ертіп барып, өздері қаси-етті көретұғын арғын, шақшақ нәсілінен Жәнібек деген кісіден бата алып, Әбілмансұрды үлкен хан қойыпты, ...Абылайдың хан болғаны 1735 жылдың маңайы болар» [60. 27-6.].

Абылай ханды қазақ жоңғар соғысындағы қазақ халқының жеңісін қамта-масыз еткен қолбасшы ретінде де халық ерекше құрмет тұтты. ¥заққа созыл-ған жоңғар қазақ соғысының ең соңғы кезеңі қазақ халқының жадында «Шаң-ды жорық» деген атпен сақталып қалған. Шын мәнінде бұл бейнелеп айтқанда, көкке дейін бұрқыратып шаң көтерген жорық емес, қайта қалмақтар-мен соғыс тарихындағы ең соңғы және ірі, аяусыздығы жағынан ең ауыр, қан судай ағып, сансыз жан құрбан болған күрес кезеңі еді. Бұл соғыста қазақ халқы тарихи ұлы жеңіске жетті.

1733-1734 жылдары ¥лы жүздің билеуші ақсүйектері де орыс бодандығын қабылдау туралы шешім қабылдайды. Жолбарыс хан бұл жөнінде Петерборға өтініш жасайды. 1734 жылы 10 маусымда Ресей үкіметі ¥лы жүздің ықпалды ру басыларын орыс елінің қол астына алу жөнінде грамота қабылдайды Бірақ ¥лы жүздің Ресейден территориялық тұрғыда қашықта орналасуы, халықаралық және ішкі жағдайдың күрделілігі ¥лы жүздің Ресейге толығымен қосылуына біршама кедергі жасап, оны кейінге қалдырған еді.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?