Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

XVII – XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

16551
XVII – XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. - e-history.kz
ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Қазақ Ордасы нығая түсті

ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Қазақ Ордасы нығая түсті, оның шекарасы қазақтардың этностық аймағының негізгі бөлігін қамтыды. Күмән келтірмейтін деректерге қарағанда 1695 жылы Қазақ Ордасына 32 қала кірген. Сол тұстағы тарихшы Нұр-Мүхаммед былай деп жазған: "Қазақ хандарының ерекше мекендері бар. Үлкен Орданың сарайы - Тәшкентте, Орта Орданікі Түркістанға орналасқан. Қалада көңілі соққанда ғана тіршілік етеді, көбіне ордаларымен далада көшіп жүреді. Шаруаларына қалдырып кеткен арнайы адамдары иелік жасайды".

Қазақ жерінде мемлекет қалыптастырудың бай тәжірибесі бар. Мұнда әуелде басқарушы бекзаттардың дәстүрлері, әдет-ғүрыптары, беделіне негізделген билік үстемдік жүргізді. Түркі қағанаты кезеңінен бері қарай өктем билікке ауысу басталды. Жоңғар шапқыншылығы кезінде биліктің екі түрінің бірігуі орын алды. Өзіндік далалық демократия орнықты, онда хандардың (Шыңғыс әулетінің) мықты билігімен қатар халықтан шыққан билер мен батырлардың ықпалы күшейді. Осы мемлекеттердің барлығында да жауынгерлер жинақтаудың жүйесі, билік ету мен бағынудың қарым-қатынастарын реттейтін қүқықтық тәртіп орнады.

Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі қалыптасуы - уақыт жүйесіндегі тынымсыз ғамалия - этнополитогенездің оның мемлекеттігінің өткені, бүгінгісі мен болашағына қатынасы. Бірақ бұл үздіксіз процесс тарих мезгілінің әрқилы сатыларында оның сандық және сапалық тұрақтылығын бейнелемейді. Сондықтан сандық және сапалық өзгерістердің ара қатысына, егемендік нышандарының пісіп жетілуіне қарай көшпенді тайпалар этнополитогенезінің даму уақытын дәуірлер мен кезеңдерге саралап жіктеуге болады.

Түптеп келгенде, олардың барлығы да Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуын бейнелейді.

Жалпы біздің мемлекеттің қаз түруы мен дамуы уақыт бойынша үздіксіз де үзілмейтін жағдаят. Өйткені қола дәуірдің басында пайда болған еуразиялық далалықтардың тарихы мен мәдениетіндегі бірлік пен сабақтастық жоғалған жоқ, тек қана көнетүркілік дәуірдің тууына орай жаңа этностық реңдерге ие болды.

Көптеген өзге халықтар сияқты, қазақтардың арғы аталары өздерінің жалпы мемлекеттігіне біздің дәуірдің орта ғасырларында келді. Қазақ мемлекеттану пәнін зерделеу түрғысынан алғанда, Қазақстан Республикасының егемендігінің бой көтеруі тұрғысынан алғанда қазақтардың бірнеше мың жылдықтарға созылатын ұлттық мемлекеттігі тарихын төрт дөуірге бөлуге болады:


  1. Қазақтардың арғы аталары - далалықтардың бірлескен тіршілігін потестарлық тұрғыда ұйымдастыру дәуірі. Бұл жерде далалықтардың табиғи қоғамдастықтарының ұйымдастырылуын айтып отырмыз;

  2. Қазақ мемлекеттігінің әулеттік (династиялық) дәуірі;

  3. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке конституциялық даму жолымен жақындау дәуірі,

  4. Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта тәуелсіз мемлекеттік даму дәуірі.

Батыс Еуропаның ақсүйек корольдіктері мен Қытайдың төрешілік империяларына қарағанда далалық ұлыстар әскери демократиялар ретінде өмір сүрді. Хан құрылтайда сайланатын, ал билік оның танымалдығына бағынышты болды. Сайып келгенде хан, патша, немесе өмір бойлық президент болмаған,- деп атап көрсетеді Л. Гумилев, - оның айырмасы -ол қайта сайланбайтын, тақты тек өмірімен бірге тапсыра-тын болған. Биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі осылайша жүзеге асырылған.

Қазақстан аймағында пайда болған, тайпалары кейін қазақ халқының негізін қалаған мемлекеттерде отырықшы егіншілердің мәдениетімен астасқан көшпенді өркениетке тән биліктің өзіндік саяси жүйесінің іргесі бекіді. Ол өзіне әскери-ақсүйектік далалық демократияның нышандарын жинақтаған өктемдік-ақсүйектік биліктің қосындысы іспеттес болды.

Қазақ қоғамында монархияның, парламентаризмнің және де басқа биліктін классикалық түрлерінің болмауы Қазақстандағы мемлекеттік бастауының тұрпайылығы немесе жабайылығы деуге ешқандай хақымыз жоқ. Мұндағы өркениет пен мемлекеттік құрылымның Еуразия халықтарындағыдан бірде бір кем еместігіне күмән келтіруге болмайды.

Сонымен қатар биліктің осынау екі түрінің өзінде көп-теген бір нышандар мен өзгешеліктер бар. Хан лауазымы бізге Орталық Азия көне түркілерінің дәуірінен жетсе, президент қызметі демократиялық Еуропадан келді. Хан болуға тек таза қанды шыңғыстық, билеуші хандық-сұлтандық әулет мүшесінің ғана құқығы бар еді, ал Қазақстан президенті болып белгілі бір әлеуметтік-демократиялық өлшемдерге лайық кез-келген азамат сайлана алады.

Президент тұлғасы қол сұғуға жатпайды, ал хандарды билік үшін тәжіге, текетірес барысында өлтіріп тастау онша қиын болмаған.

Ханның тағында әрқилы адамдар отырған және олар бір-біріне жеке қасиеттері, саяси салмағы, тағдыры және тарихтағы орны жағынан ұқсамайтын болған. Олардың ішінде қуатты топтық-рулық ақсүйектердің қақпалауындағы қол-жаулықтар да кездескен, сондай-ақ айтарлықтай адуын, оз-быр түлғалар да болған.

Бірақ, ортағасырлық хандарды да, қазіргі заманғы билеушілерді де біріктіретін жалпы жағдаят - халықтың олардан мемлекеттік құрылыс, мықты биліктің бейнесін, ұлттық тәуелсіздік пен аймақтық тұтастықтың өзіне бейбіт өмір мен тыныштықты қамтамасыз ететіндей кепілдігін көргілері ке-леді. Халық өз билеушілерін Дана, Ұлы, Жаужүрек деп қана емес, егер олар "ылайық" болса Қанішер, Алабақан, Майкөт деген тым "тоңторыстау" теңеулерге де теліген.

Қазақтық саяси дәстүр, хандардың жоғарғы билеушілер және жөн сілтеушілер тұрғысындағы шек келтірілмейтін ролін мойындай отырып, сондай-ақ бүкілхалықтық жиындар мен құрнылтайларға өлшеусіз хан билігіне қарсы тұрар өзіндік күш ретінде иек артқан. Көшпенділер парламенті - құрылтайдың ең жоғары алқалы сессиялары жыл сайын күзде Күлтөбе мекенінде шақырылып ішкі және сыртқы саясаттың барлық маңызды мәселелерін талқылап отырды. Мұндай құрылтайлардың шешімдерінде заң күші болды жөне олар баршаға бірдей міндеттілігімен ерекшеленді.

Тарих жас мемлекеттің тағдыры шешуші шақтарда, көп жағдайда оның басшысының түлғасына көп тәуелді болады деп үйретеді. Қасым, Хақназар, Есім, Тәуке, Абылай, Кене-сары сияқты ерен түлғалы хандары болған, Қазақ мемлекеті гүлдену мен өрлеу дәуірін бастан өткерді, онымен жақындағы, алыстағы көршілері санасты да. Сондай-ақ әлжуаз және жігерсіз билеушілер мемлекет пен халықты ажал жиегіне сан алып келді, өзара қырқыс пен былыққа душар етті.

Қазақ халқы, Мұхтар Әуезов айтқандай, "далалар мен ғасырларда тыным таппай көшіп жүрген трагедиялық кезбе іспеттес" ғасырлар бойында жан сақтауға, мәдени тұрғыдан тірі қалуға, ұлттық жөне адами қадір-қасиетін сақтау, өзіндік ерекшелікке деген құқығын сақтай отырып, күресіп бақты. Сондықтан бүгінде біздің жетекшілеріміз бар күш-жігерін Қазақстанның қайта жаңғыруы мен демократиялық негіздердің бекуіне жұмсауы керек.

Қазіргі Қазақстанды оның өткені мен жақсы да нашар тарихи дәстүрлерін білмей түсіну қиынға соғады. Тарих пен қазіргі заман қашанда бір-бірін демеп, қол ұстасып қатар жүрген. Тек тарихтан саяси және адамгершілік сабақтарын ала білген абзал. Біз бүгінде отан тарих сабағында отырған шәкірттер іспетті оның сарғайып кеткен беттерін жаңадан аударыстырып отырған жайымыз бар. Осылай еткенде ғана көптеген қазіргі мәселелердің тамыры ғасырлар қойнауына, Қазақ Ордасының туған, өрлеген және құлдыраған дәуіріне бойлап баратындығын бағамдаймыз.

Қазақ тарихының шымыр да шоғырлы тұсы деп ХҮІІ ғасырдың екінші және ХҮІІІ ғасырдың алғашқы жартысы бекерге аталмаса керек. Осынау кезең қазақ үлтының тарихындағы ең ауыр белес болып табылады, сонымен қатар халық санасына жоңғарлардың шапқыншылығынан туындаған қасірет пен жоқшылық жайлаған жылдар ретінде сіңіп қалды.

Жалпы адамзат тарихында орта ғасырдың соңын ала айқын байқалған акселерациялық нышандар, технократтық дамудың төбе көрсетуі, отты қарудың пайда бола бастауы, құрлықаралық ықпалдастықтың қарқын алуы енді ел болып, еңсе тіктей бастаған Қазақ Ордасына да өсер-ықпалын тигізбей қалған жоқ. Дәл осы тұста Қазақ Ордасымен іргелес өңірде Жоңғар Ордасы да бой көтеріп, айбынды күшке айналып үлгерген. Ұлы дала экожүйесімен кіндіктес көшпенді өмір салты қалыптастырған Қазақ, Жоңғар Ордалары өздерін әлі де болса табиғаттың қарсыластары емес, табиғаттың бел баласындай сезінетін. Алайда, сол кездегі Қазақ, Жоңғар Ордаларының батысы мен шығысында аграрлық мәдениетін дәуірлетіп, технократтық дамуға тұяқ іліктіріп үлгерген елдер үшін көшпенді өмір салты жәй ғана анохранизм емес, олардың кең қарымды стратегиялық ындындарының жүзеге асуына әрі кедергі, әрі әлі де болса қауіпті күш еді. Мұндай ахуал, әсіресе, Ресей мен Қытайды аландатып, бүйірлеріне шаншудай қадалды. Олар қайтсе де, осынау тау суындай екпінді көшпенді екі мемлекетті бір-біріне айдап салу арқылы ғана аз шығынмен өз мақсаттарын жүзеге асыруға болатынын жақсы түсінді. Бұл мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы әрекет барысында Ресей мен Қытай бәсекелес болды және қолданған қулық-сұмдықтары жөнінен бірінен-бірі асып түсті. Әсіресе, Ресей жоңғарлармен елшілік орнатып, отты қарулармен астыртын жасақтап, оларды қайтсе Қазақ Ордасымен арандатудың неше түрлі зымиян шараларын жасады. Ресей патшалығы ойластырған осы шаралардың ішінде, Жоңғар мемлекетінің Торғауыт, Дүрбіт, Хошауыт сияқты іргелі тайпаларына Қазақ Ордасының жерін аттатып өткізіп, Еділ бойынан қоныс беру қазақ пен жоңғар арасындағы ғасырдан астам уақытқа созылған қанқасап соғыс өртінің тұтануына себепші болды.

Жоңғарлар мен қазақтардың әскери қарым-қатынас, қақтығыстарын суреттеуге көшпес бұрын "жоңғар" атау сөзінің мағынасын аша кеткен жөн деп есептейміз. Жоңғар - ұлт емес. Бүл атау "сол жақ", "сол қанат" деген түсініктен шыққан. Бір деректерге қарағанда Шыңжаң, Шығыс Түркістан аймағын Тянь-Шань таулары, дәлірек айтқанда Хан-Тәңірі ұлы шыңының өзі екі бөлікке бөледі. Егер адам Хан-Тәңірінің ұшар биігіне көтерілсе, оның сол қолы жағында "Сол-түстік ойпат" - Жоңғар, оң қолы жағында "Оңтүстік ойпат" -Қашғар көсіліп жатады. "Ғар" деген сөз түркі тілінде ойпат, үңгір, шүңқыр дегенді білдіреді.

Кейбір мәліметтер бойынша, Шыңғысхан армиясы "сол қанатының" "жоңғар" деген атауы болған. Бұл кезеңде Жоңғарияны түркілік және моңғолдық төркіні бар ойраттар жайлады. Ол шорас, хошауыт, торғауыт, дүрбіт тайпаларының әрқилы атаулары. Бұларды да жоңғарлар деп атаған. Сөйтіп, "жоңғар" термині, қалмақтар, ойраттар, элюттер - сайып келгенде "сол жақтың", "сол қанаттың" адамдары. Олар ХІҮ ғ. екінші жартысында .моңғолдар ханы билігінің астынан шығып, өз жетекшілері - тайшылардың қол астына қараған, "Ойрат одағын" құрып, ыдыраған тайпаларды біріктірген.

Жоңғарлар өз дәуірінде Ұлы Қытай қабырғасы мен Ти-ет, екінші жағы - Моңғолия мен Жоңғар ойпаты аралығындағы аймаққа билік жүргізген. Олар ғасыр бойына Қытай империясы мен Қазақ даласы арасындағы жұмсартқыш (буфер) рөлін атқарып, қытайлардың шығыстан мезгіл-мезгіл тықсыруларын тежеп отырған. ХҮ ғасырда қытай саясатшылары жоңғар мемлекетінің ішіндегі алауыздықтарды пайдаланып, оларға қарсы жорыққа шығады. Жаугершілік зардабынан жоңғарлардың бір бөлігі өз жерінде қалады да, қалғандары елді тастап кетуге мәжбүр болады.

Отандарын тастап шыққан жоңғарлардың бір бөлігі Қазақстан аймағында, Самара далаларында, Қалмақияда тұрақтанып қалады. Қазіргі Қалмақияда сол жоңғарлардың ұрпақтары түрып жатыр. Жоңғар тілі қазақ тілімен тамырлас болғандықтан, біздің жерге орныққандары қазақтарға сіңісіп кетті. Қытайдың Іле автономиялық облысында ойрат-жоңғарлардың төрт автономиялық мекендері бар. Сондықтан кейбір тарихшылардың жоңғарлар тарих сахнасынан мүлде жоғалып кетті деген тұжырым шындыққа сәйкеспейді.

Жоңғарлар мен қазақтар ұдайы жауығып, ылғи шайқасып өткен деген пікір де - қате түсінік. Рас, олардың арасында әлсін-әлсін саяси, экономикалық, аймақтық тұрғыдағы келіспеушіліктр болып тұрған. Әскери әрекеттер көбінесе көрші империялардың саясатынан туындаған. Бұл тұрғыда Қытай мен Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар арасындағы қарама-қайшылықтарды тереңдете түсу мақсатымен екі елді кезек көтермелеп отырғандықтарын айтсақ та жеткілікті.

Қазақтар мен жоңғарлардың ылғи қырғи қабақ емес, бейбітшіл, кей шамада ағайыншылық қарым-қатынастары турасында мына мәліметтер куәлік ете алады. 1595 жылы Мәскеудегі қазақ елшісі былай деп жазды: "Сенің туысың Тәуекел Қазақ Ордасына хан болса, оның інісі Шахмұхамбет қалмақтардың ханы болып сайланды". Ал, хан Тәуекел Ре-сейге жолдаған хатында: "Мен қазақтар мен қалмақтардың патшасымын"деп жазған.

Қазақ хандығы құрылған уақытпен бір мезгілде түркі тектес батыс моңғол халықтарының тобы, будда дінін ұстанатын қалмақтардың арғы аталарынан тұратын Жоңғар (ойрат) мемлекеті бой көтереді. Бұл тұста халықаралық жағдай былай болатын. Батыста - I Петрдің қазақ жерлерін өзіне қосуды мемлекеттік саясат деңгейіне дейін көтерген Ресей империясы. Қытай империясы тарапынан да басқыншылық қаупі аз төнген жоқ. Осындай жағдайды пайдаланған және дүрдараз көршілердің түртпектеуімен жоңғар-қалмақтар 150 жыл бойына, 1599-1750 ж. ж. аралығында қазақ жерлеріне ұдайы жортуылдар жасап тұрды.

Қазақ жоңғар соғысы тарихының айшықты беттерінің бірі Салқам Жәңгір сұлтанның Ерден-Батыр Қоңтажының жер қайысқан қолына қарсы тұрып, Жоңғар мемлекеті билеушісінің ең басты мақсаты - Қазақ Ордасын талқандауына мүмкіндік бермеген ерен ерлігі болып табылады. Бүл әскери әрекеттерде Жәңгір жау әскерінің саны қаншама басым болса да, Қазақ Ордасының аймағы мен мақсаттарын қорғап қала алды.

Белгілі тарихшы В. В. Вельяминов-Зернов Орбұлақ жеңісі туралы мақала жазса, кеңестік зерттеуші И. Златкин осы шайқас жөніндегі мәліметтер ауқымын өз кітабында толық келтіреді. Сөйте тұра, бес томдық "Қазақ ССР тарихында", 1993 жылы жарық көрген "Қазақстан тарихы" очерктерінде Орбұлақ шайқасы жөнінде мардымды ақпарат берілмеуі өкінішті-ақ жағдай. Кейбір авторларымыздың отандық тарих-тағы жеңістер мен ұлы істердің маңызын төмендетуге, немесе елемеуге тырысуы кездейсоқ емес, ол кезінде А. М. Панкратова атап өткен қазақ тарихшыларына тән тарихи шындықты көпе-көрнеу бұрмалап, ата тарихымызды әлсіретуге бейім аурудан арылмауымыздың себебі. Жәңгір сұлтанның Батыр Қоңтажыға қарсы әскери әрекеттерін жан-жақты су-реттеген авторлардың ең алқашқыларының бірі жазушы-зерттеуші М. Мағауин. 1644 жылы Жоңғарияға барып қайтқан орыс елшісі Жәңгір сұлтанның 600-ақ жауынгері болғанын жазады. Бәлкім, бұлар ататын от қаруы бар, әскердің авангардын құрайтын адамдар болар. Тұтанатын от қару-мылтық ол кезде Қазақ Ордасы ғана емес, бүкіл Орта Азияның әскері үшін соны жаңалық болатын.

От қаруды қолданып, шайқас жүргізудің жаңа әдісін жүзеге асырған, шатқалға жақын жерлердің табиғи-жағрапиялық ерекшеліктерін ұтымды пайдалана білген Жәңгір, Ресейдің Сібір губернаторлығы жылнамасының мәліметіне қарағанда, екі ұрыста Қоңтайшының 10 мыңнан астам жауынгерін жойып жіберген. Ал үшінші шайқастың басталуына Қазақ хандығы мен Бүхар хандығының әскери одағының келісімі бойынша Самарқан өміршісі Жалаңтөс жиырма мыңдық әскермен келіп жетеді. Қосылған күштерге қарсы тұра алмаған Батыр Қоңтажы ұрыс даласын тастай қашады. Баяндауды аяқтай келе, мына бір жағдаяттарды атап өткіміз келеді. Біріншіден, Қазақ Ордасы мен Батыр Қоңтажы әскері арасындағы соғыс тұтқиыл, қысқа мерзімді, келте жорық емес, мұқият ойластырылған, жауласушы екі жақ та өздерінің барлық күш-қуатын сарқа жұмсаған, нәтижесінде әлденеше айға созылған кең көлемді қан майдан болды.

Екіншіден, Жәңгір сүлтан жоңғарлардың елу мың қолын жеңді деп түсіндіріліп келген алты жүз адам, сайып келгенде қазақ әскерінің сауыт бұзар екпінді тобы, сол замандағы құдіретті қару - от қарумен қаруланған бір ғана бөлігі.

Үшіншіден, қазақтарға көмекке 20-мындық қолмен Жалаңтөстің келіп жетуі жарты жылға жуық текетірестің шешуші оқиғасы емес, тек түйіндеуші факторы ғана.
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?