Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстанның кәрістері: кешегісі мен бүгінгісі

13295
Қазақстанның кәрістері: кешегісі мен бүгінгісі - e-history.kz
1926 жылғы Бүкілодақтық санақ бойынша Қазақстанда 42 кәріс болса, 1989 жылғы санақта 103315 адамға өскен.

Қазақстандағы кәрістер санының бұлай күрт өсуі 1937 жылғы Ресейдің Қиыр Шығы-сынан жаппай жер аударылуына байланысты болды. Ал Қиыр Шығысқа бұл бейбіт, қара-пайым халық Жапон басқыншылығынан қашып келіп қоныстанған еді. Міне, осынау ұйып отырған ұлт бүкіл Кеңестер Одағында 182339 адамды құраса, соның 96453-ін жаппай Қазақстанға жер аударды. Қалғандарын басқа республикаларға бөліп-бөліп, күштеп көшірді. Одақтас респуб­ликалардың бәрін қосқанда Қазақстанда тұра­тын кәрістер саны әлде қайда көп (2).

Еріксіз көшіріліп әкелінгендердің (жал-ғыз кәрістер емес) жағдайы адам төзгісіз болғаны мәлім. Олар­ды әр елдімекенге бөліп-бөліп орналас­тырған­мен, барған жерлерінде қаражатты бы­лай қой­ғанда үй-жай, мал-мүлік, азық қоры  мүлде жоқтың қасы еді.

Еріксіз жер аудару үш бағытта жүрген болатын. Біріншісі - жоспарлы түрде, Қазақ­станның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібін дамыту үшін, яғни, ел экономикасын көтеруге бағытталып көшірілген жұмыс күші. Екіншісі - 1936 жылдан бастап әлеуметтік топтар қудаланып еріксіз жер аудару. Үшіншісі - ең сорақысы, ұлттық белгіге қарап, күштеп көшіру. Оған Батыспен Шығыстан да, Орталық пен Таулы аймақтардан да көптеген ұлттар кірді. Олардың салт-дәстүрі де, тілдері де, тұрмыс-тіршіліктері де күтпеген жерден өзгерді. Соның бірі кәріс ұлты болатын.

Бұл жерде өздері де әзер-әзер күн көріп отырған жергілікті тұрғындар зорлықпен кө­шіп келгендерге қолынан келген барлық көме­гін аямағанын басып айтқан абзал.

Кәрістерді негізінен, қалалық орталық­тардан алыс елді мекендерге қоныстандырды. Ол жерлерде мектеп, ауруханалар мүлде жоқ еді. Жергілікті халық және басқа ұлттармен араласуға, жанұя құруға, тіл, салт-дәстүр, ұлттық ұяңдық, томаға-тұйықтық, қуғын-сүр­гін әсері, тағы басқа себептер қиындық туғызды.

Міне, осы тұста өзінің ұлттық үрдісі - еңбекқорлығы арқасында, әсіресе, жер өңдеу, бақша өнімдерін отырғызу, суармалы жер-лерді игерудегі икемділіктері кәрістерді өздері жұ­мыс істеген колхоз-совхоз ұжымдарында бедел­ге ие етті. Сондықтан да оларға сенім білдірі­ліп, арнайы корей колхоздары құрыл-ды, басқа ұжымшарлардан кәрістерге арнайы жер бөлініп берілді.

Сол бөлініп берілген жерлерді жақсы игерген корей колхоздарына түрлі егістікте дәнді-дақылдар егуге ұлықсат етілді. Мысалы 1938 жылғы 8 наурыздағы Солтүстік Қазақстан обкомының бюросында корей колхоздарына бидай егуге - 2920 га, картопке - 80 га, сұлыға - 880 га, арпаға - 250 га, күнбағысқа - 100 га тарыға - 300 га жер бөлінді. Бұндай мысал-дарды басқа облыстардан да көптеп келтіруге болады. Бюроның жоғарыдағы қаулысы орын-далып, өте жақсы өнім алынды.

Жалпы әр облыстардағы осындай Қаулы­ларды орындамау мүмкін емес еді. Өл-тіріл, жүдеп-жада, бірақ орында.

Бұл тапсырмаларды орындау, біріншіден, жер аударылған кәрістерге деген саяси-қоғам-дық көзқарас болса, екіншіден, үй-іші мен балаларының тамағының тоқтығы, дендерінің сау болуы деп білген жөн. Яғни, өмір сүрудің алғы шарты деп түсіну керек.

Уақытпен санасу, сағатпен белгілі мерзімде жұмыс жасау, «демалыс күндер» деген ұғым ол кезде ойға да оралмайды және бұл жалғыз кәрістердің басына ғана үйірілген бұлт емес еді. Ол кезде бұдан да басқа керағар жағдайлар орын алып жатты. Кәрістер қалаларға жақын жерлерден егіс алқаптарын беруді өтінсе, оған көбіне рұқсат берілмеді. Жоғарыдан жіберіле­тін «күріш ек», «күн-бағыс ек», «қызылша ек» деген бұйрықтарға егетін жер жағдайы мен ауа райы сәйкес келмейтін кездер жиі болды.

Жалпы жер аударылған кәрістер тек қана адал еңбектің арқасында тірі қалып, болашақтан үміт күтуге болатынын нақты түсінді.

Ал, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жағдай тіпті қиын болды. Бұл кезде Кеңес өкіметінің басқа ұлттары секілді кәрістер де «Бәрі  де Отан үшін!», «Бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен қажырлы еңбек етті. Тіпті соғыс­қа барғандардың өзін жартылай қазар­малық, ең­бек колонналарына жұмысқа салып ашықтырды.

Соғыстан кейінгі жылдардағы, әсіресе Хрущев тұсындағы «жылымық» та кәрістерге жақсылық әкелген жоқ. Бұл жерде ең үлкен мәселе - білім алу мен тіл үйрену. 1953 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан компартиясының Орталық Комитетінде «Корей ұлтының оқу­шылар құрамы бар кейбір мектептерде корей тілін оқыту туралы» құжат қаралып, Білім министрлігіне корей ұлтының балалары шо­ғырланған мектептерде корей тілін оқытып, сол мектептерді әдебиетпен, оқулықтармен қам­тамасыз ету қажеттігі жүктелді. Бірақ бұдан бірнеше жыл өткен соң, кәріс балалары шоғырланған елді мекен жоқтың қасы деген сылтаумен бұл іс аяқсыз қалды. Өйткені Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі бар болғаны үш корей мектебі сабақтарын жеткілікті әде­биетсіз, оқулықсыз өткізіп жатты. Елдің бас­қа аймақтарында корей тіліндегі мектептер болған жоқ. Кәріс балалары негізінен орыс тілді мектептерде дәріс алды. Біртіндеп бұрын бі­лім маңайына жолатылмаған кәріс интеллиген­циясы көбейе бастады.

1980 жылдардың соңындағы демократия­лық қайта құрулар 90 жылдардың басындағы Ел Тәуелсіздігіне алып келді. Қазақстанның Тәуелсіздігімен бірге экономикалық дербестік, ұлттық мәдени орталықтар дүниеге келді. Соның бірі - 1990 жылы ашылған Корей мә­дени орталығы. Елдегі ең ірі жоғарғы оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде шығыстану, оның ішінде ко­рей­тану факультеті жақсы жұмыс істей бас­тады. Оның дәріс беру жүйесіне шетелден (Сеулден, т.б. қалалардан) жоғары дәрежелі маман оқытушылар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, тіл мамандары ша-қырылып отырды, өздері сынақ алды. Бұ-рынғы Кеңес Одағы құрамындағы барлық мемлекеттерден кәріс жеткіншектерін Сеул, т.б. қалалардағы оқу орындарына ұйымдасқан түрде апарып, олардағы білім деңгейімен таныстыру, қазіргі кезде жүйелі түрде жүргізілуде.

«Қазақстанда ғасырлар бойы түрлі этнос­тардың тұруы айрықша қазақстандық мен­та­литетті қалыптастырды. Оған көңіл-күй­­­дің шығандаушылығы мен этностық оқ­шау­ланушылық жат. Азаматтық бірлесуге, ха­лықтық дәстүрлер мен құндылықтарды бі­рік­тіруге деген құлшыныс басым.

Осы заманғы Қазақстанның бірегейлігі этностық сан алуандылығында. Бұл қазақ­стандықтарға басқа халықтармен құнды мәдени жетістіктерді алмасу мүмкіндігін беретін біздің бүкіл қоғамның орасан зор байлығы, ортақ жетістігі».

Бүгінде өзінің отанына айналып отырған Қазақстанды көркейтуге кәрістер де басқа ұлт өкілдері секілді ат салысуда. Нарықтық эко­номика олардың еңбегінің жемісін көрсетуде. Еңбек етсе, қаржыға да, балаларының білім алуына да жол ашылатынын көріп, біліп отыр.

Кезінде шетел түгілі көрші ауданға баруға рұқсат ала алмайтын жер аударылғандар, бү­гінде әлемнің қай түкпіріне барам десе де, оқи­мын десе де жолы ашық.

Ал тікелей Қазақстанға келетін болсақ, бүгінде кәріс ұлтының өкілдері еңбек етіп, қызмет істемейтін бір де бір шаруашылық саласы жоқ деуге болады. Ғылым-білім ордаларында бол­сын, бизнесте, саясатта болсын, үлкен компания­лар­да болсын, банк жүйесінде, спортта, мәде­­ниет­те, теле-радиода, БАҚ-та, қысқасы, қоғам өмі­рінің барлық салаларында кәріс азаматтары мен азаматшалары өнікті еңбек етуде. Парламент­тен бастап аталған барлық саладағы кәрістер­дің нақты аты-жөнін түгендеуге талай парақ ке­тері анық. Бұлардың бәрінің тағдыры Қазақстан­ның саяси-экономикалық дамуымен тығыз байланысты. Ел ертеңі - біздің де ертеңіміз.

Ең Хун СОН, Ханкук Шет тілдері университеті Ортаазиятану кафедрасының профессоры

Оңтүстік Корея Республикасы