Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1998 жылы «Ақмола қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты

- = -

1939 жылы Қарағанды облысында Ұлытау ауданы құрылды

26211
1939 жылы Қарағанды облысында Ұлытау ауданы құрылды - e-history.kz
Аудан аумағы 122,9 мың шаршы километрге тең. Аудан орталығы Ұлытау ауылында орналасқан. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарында 14,3 мың адам болды.
Ұлытау ауданы - Қарағанды облысы Аудан 1972 жылы құрылған. Аудан аумағы 122,9 мың шаршы километрге тең. Аудан орталығы Ұлытау ауылында орналасқан. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 14,3 мың адамды құрады. Ауданда 13 ауылдық әкімшілік, 41 ауылдық елді мекен, 3 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басында қалада тұратын халық санының 95,7%-ы қазақтар, 2,8%-ы орыстар, 0,2%-ы немістер, 0,2%-ы татарлар, 0,5%-ы украиндер, 0,6%-ы басқа ұлт өкілдері. 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 16,83 өлім – 7,82 табиғи өсім – 9,01 Ауданда 01.01.07 жылға 99 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 10 орта, 89 шағын субъектілер. Негізгі экономикалық бағыт: ауыл шаруашылығы өндірісі. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрайды. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің нақты бар болуы: 4 ауыл шаруашылық кәсіпорындар, 913 шаруа қожалық және 3,0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 1611,0 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 71,0 мың га - егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 41,6 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 38,2 мың га дәнді дақылдар, 28,0 га - картоп, 14,0 га - көкөніс. 2006 жылы 6,1 мың тонна дән, 0,5 мың тонна картоп, 0,3 мың тонна көкөніс дақылдары, 9,9 мың тонна ет (тірі салмақта); 15,5 мың тонна сүт, 912,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2006 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саңы 30,7 мың бас; қой мен ешкі – 164,5 мың бас; жылқы – 12,1 мың бас; құс – 5,9 мың басты құрады.* Өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері: нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, металл кендерін шығару. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 109,0 млн. теңгені құрады. Ауданда • 18 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 3091 оқушы оқиды, • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында – 164 оқушы оқиды. Ауданда • 16 кітапхана, • 8 клуб типті мекеме, • 2 мұражай жұмыс істейді. 2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 808 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы –21253 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 883,4 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемнің 47,2%-ын құрады. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 7,6 млн. теңгені құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 50,2 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 58,3 млн. теңге.