Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

80 жыл бұрын Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясы құрылды

21 жыл бұрын Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды.

Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің туған күні

- = -

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметіне ресми кірісуінің салтанатты рәсімі болып өтті

25930
Қазақстанда 2005 жылдың желтоқсан айында 3-ші президент сайлауы болып өтті. Осы сайлауда Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көп дауысқа ие болып, жеңіске жетті. Конституцияға сәйкес 2006 жылғы 11 қаңтарда Ақорда сарайында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуінің салтанатты рәсімі болып өтті. Салтанатты рәсімге саясаткерлер, президенттер және қадірлі қонақтар қатысты.