Азияның «қақпасы» мен Еуропаның «терезесі»
21.09.2018 1764
Тарихи маңызы бар жерлерге бару тарихшы үшін әрқашан мереке іспетті. Осы жолы профессор Бүркітбай Аяған Орынбор қаласына барып, өзінің алған әсерімен бөлісті

Орынбор қаласы және жалпы Орынбор өлкесі әрдайым қазақ-орыс қатынасында маңызды рөл атқарды.

Бұл мақаланың бабына терең бармай-ақ, айта кететін жай, XVIII ғасырдың ортасында қазақ даласының хандары Әбілмәмбет, Абылай мен Әбілхайыр, содан кейін олардың ұрпақтары бұл қалада әр түрлі себептермен  болған екен.

Орынбор қаласы 1917 жылдары, содан кейін 1925 жылға дейін Қырғыздың (Қазақ АКСР) астанасы  болған кезде өте ерекше қалалардың бірі болды.

Зерттеушілер үшін қаланың мұрағаттары өте маңызды рөл атқарады, себебі бұл жерде  Қазақстанның тағдырына қатысты  материалдардың шоғырланған орны болып табылады. Қыркүйек айында бізге осы қалада жұмыс істеу бақыты бұйырды.

 Бүгін Орынбор – ірі облыс орталығы, әлі күнге дейін өзіндік ерекшелігі бар Азияға «қақпа» және керісінше Еуропаға «терезе».  

Қазақстан мен Орта Азияны қаламен байланыстыратын Орынбор-Ташкент темір жол магистралі, автожолдар және авиациялық хабарлама.

Сондықтан, бәлкім, мұнда славяндардың өздерінен басқа азиялықтар, тіпті Үндістаннан студенттер, Кавказдан кәсіпкерлер көп.

Орынбор халқы мейірімді, ашық, олар әрбір адамға көмектесуге дайын,  бірде-бір өтінішті назардан тыс қалдырмайды.

Біздің тақырып бойынша материалдар екі мұрағатта жинақталған: Орынбор облыстық және Орынбор мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы мұрағатында (ОМӘСТМ).

Орынбор облыстық мұрағатында XVIII ғасырдан бастап ХХ ғасырдың 20-шы жылдарын  қамтитын материалдар бар. Қызметкерлері  бізге барлық қажетті материалдарды тауып беріп отырды. Біз үшін хабарламалар, дипломатиялық хат алмасу, хандармен  және Қазақ даласының көрнекті қайраткерлерімен жасасқан шарттар, өлкедегі толқулар үлкен құндылық болып табылады. Мұрағатта Есет Көтібарұлы туралы ақпарат, қырғыз (қазақ) руларының Орынборға қоныс аударылуы, олардың балаларын сатып алу жайында және шаруашылық қатынастар туралы ақпараттар көп.

Орынбор мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы мұрағатында (ОМӘСТМ) 1917 жылғы революция жайында, Кирревкомның (Қазевкомының) қызметі, Алаш-Орда қызметі туралы жартылай материалдар, құрылтай жиналысына сайлауда, уездік комитеттер, мектептер ашу және  астананы Орынбордан Қызыл-Ордаға көшіру туралы материалдар көптеп бар. ОМӘСТМ қызметкерлері «Орынбор губерниясының революциялық өзгерістер (1917-1921 жж.) жағдайында күнделікті өмірі» атты жинақ шығарды, онда оренбург халқының өте ауыр және өзгерісті кезеңіндегі өмірі көрсетілген.

***  

Біздер, қазақстандықтар үшін, қызығушылық туғызатын орындар, себебі онда орын алған оқиғалар, кейіннен Қазақстандағы болған процестерге үлкен әсері болған. Біз жазбаша материалдардан басқа  ғимараттарды аралап шықтық, онда саяси маңызды шешімдер қабылданған.

Пушкин 3 көшесі мен 9 қаңтар көшесінің қиылысында ғимарат тұр, онда 1917 жылдың желтоқсанында Жалпықазақ съезінің бірінші және екінші отырысы өткізілген. Осы шағын үш қабаттық ғимаратында танымал бағдарлама қабылданды, бұл бағдарламада қазақтар үшін автономия құру, Алаш-Орда партиясының құрылуы, саяси оқиғаларды бағалау туралы айтылған еді. Сонымен қатар осы ғимаратта демократиялық негізде үкіметтің төрағасы болып, партия көшбасшысы, аса көрнекті саяси қайраткер, Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы комиссары Әлихан Бөкейхан сайланды.

Советская 17 көшесінде бір ғимарат орналасқан, онда 1921 жылғы маусым айында азамат соғысы аяқталғаннан кейін I жалпықырғыз конференциясы өткен және конференцияда дала өлкесін одан әрі дамыту туралы бірқатар маңызды қаулылар қабылданды. Съездің төралқасында Ярославский, Котляр, А. Жангелдин, С. Мендешев, Мұрзағалиев (съездің хаттамаларында тегі көрсетілмеген) болған. Бұл ғимарат  үш жыл бұрынғы жалпыказақ съезі өткен үйге ұқсас. Ғимарат шамасы бай қала тұрғындарынікі немесе әскери мекемелер, үкіметтік мекемелердікі болуы мүмкін, бірақ кез-келген жағдайда екі форумдарда болған шешімдер Қазақстанның тағдырына үлкен мәні болды. Қатысушылардың тағдыры саяси жағдайға байланысты баррикаданың әр түрлі тараптарында еді.

Кейін қысқа тыныштықтан соң 1919-1925 жылдары Алаш-Орда қозғалысының қатысушылары қудалауға ұшырады, жұмыстан шығару, карателдік шаралар, қуғын-сүргіндер, содан кейін, сирек жағдайларды қоспағанда, ату жазасына кесілді. Бірақ Қазақстанның большевиктері, большевизмнің көшбасшыларын қолдай отырып, орталығында В.И. Ленин, И.В. Сталин, В.М. Молотов, өздері де білмепті олардың да ертең соған тап болатынын. Олар 1937-1938 жылдары Ә. Жангелдинді қоспағанда қуғын-сүргінге ұшырап, сталиндік лагерлерде қайтыс болды.

Чичерин 75 көшесінде орналасқан екі қабатты үйде 1913-1918 жылдары арасында қоғам қайраткері, ағартушы, араб графикасындағы қазақ грамматикасының авторы Ахмет Байтұрсынұлы өмір сүрген. Қазіргі уақытта үйді біреу жекешелендірген, бірақ адамдар үйде көрінбейді.

Көптеген қазақстандықтарға таныс қаланың барлық нүктесінен Хусаиния мешіті көрінеді.

Орынбор көшелерімен жүргенде, аталған тарихи ғимараттарды көргенде уақыттың өтпелі екенін көресің. Қазір, әрине сол оқиғаларға қатысқандар жоқ. Тек мұрағаттардағы деректерде, оқиғаларға қатысушылардың естеліктері бойынша идеологиялық көзқарастары бөлінген адамдардың күресін және адамдарды айыптауды сезуге болады. Бір диктатор келіп, бұл дауларды жай ғана шешті: оларды жасалған тізімдер бойынша құртып жіберді, олардың отбасыларының ойранын шығарып, әйелдерін лагерлерге, ал балаларын жетімдер үйлеріне жіберді...

Бір қызығы, Орынборда советтік дәуірдің символдары өте көп сақталған. Мысалы, үлкен және кішігірім ескерткіштер В.И. Ленин, С.М. Киров, П. Кобозевтарға арналған. Олардың аттарымен аталған көшелер сақталған. Тек уақыт қана көрсетеді кімдікі дұрыс екенін.

Маған қаланың көрікті жерлерін көрсетіп таныстыруда үлкен көмек көрсеткен қазақ диаспорасының өкілі Сәуле Тәукешова мен оның әріптестері еді. Біз «Бәйтерек» қорында болдық. Қор жүйелі түрде аз қамтылған  отбасыларға қайырымдылық жасап тұрады. Олардың көмегімен «Керуен-сарайға» (Керуен сарай) баруға мүмкіндік алдым, онда түрлі елдердің көпестері тоқтаған екен. Қазір бұл – қымбат жинақталған ғимараттардың бірі. Осында мешіт орналасқан. Бұл мешітте кезінде Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы болған екен. Бізге «Керуен-сарайдың»  бас директоры Гүлім Жанғабылова залдарды зор ілтипатпен көрсетті.

Бұл күндері «Керуен-сарайда» Орынбордың тарихшы ғалымдары, профессорлар Сергей Любичанковский және Татьяна Тугаймен қызықты кездесу өтті. С.В. Любичанковский Ресей империясының исламдық аккультурация тақырыбында  кітапты дайындады, ал Т.И. Тугай – «Ахмет Байтұрсыновтың Орынбор жолы» атты кітабының авторы. Ғалымдармен  қазақстандық-ресейлік қатынастар бойынша орасан зор фактологиялық материалдар жиналды, жаңа құжаттар табылды,  екі ел халықтарының өзара қарым-қатынастарын зерттеудің жаңа тұжырымдамасы ұсынылды.

ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты ғылыми байланыстарды кеңейтуді, сонымен қатар конференциялар өткізу және ғылыми жинақтар шығаруды жоспарлап отыр.

 

Бүркітбай АЯҒАН, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры,

тарих ғылымдарының докторы, профессор