Астана атауы қайдан келді?
20.02.2018 2944
Биыл Қазақстан астанасы өзінің жиырма жылдық мерейтойын тойламақшы

Еліміздің бас қаласы өз тарихында бірнеше рет атауы өзгертті: Ақмола, Целиноград, Ақмола, Астана. Бүгінгі Астана атауы көркем әрі нақты, ол қазақ тілінен аударғанда «астана, астаналық» деген мағынаны білдіреді. Осындай топонимикаға Қазақстанға келген кейбір қонақтар да, тіпті еліміздің тұрғындарының өздері де таңғалып жатады.

Бұл атау жайдан жай қойыла салған жоқ. Егер әлем астаналарының атауларының мағынасына мән бере қарар болсақ, олардың адам есімдерінен, тайпа, жануар, өсімдік аттарынан, табиғи құбылыс және т.б. атаулардан тарайтынын көреміз. Жаңа атау алған Астана, ешқандай теріс мағынасы немесе басқа бір мәнмәтіні жоқ, нақты атауға ие болды. 

Осылайша, жаңа астананың атауы әлемдік тарихтағы бірегей атау деп айтуға болады. Целиноградтың тарихы экономикалық әлеуеттің, ауылшаруашылығы саласының, сонымен қатар Ақмола облысының демографиялық жағдайының қарқынды өсу кезеңіне тұспа-тұс келеді. Тұрғындардың табиғи өсімі 1950 жылы 2,4%, ал 1959 жылы 3,0% құрады. Сол кезде Ақмола облысында төрт миллион гектарға жуық жер жыртылды. КОКП ОК Пленумының (1954) «Елде бидай өндіруді арттыруды одан әрі жалғастыру және тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» ақпан-наурыздағы қаулысы бидай өндірісінің өсуіне қозғалтқыш күш болды.

Осы кезден бастап, өзін тың жерлерді игеруде сынап көрмекші болған еріктілер облысқа келе бастады. алдымен Ақмолаға Алматыдан комсомолдар мен жастар топтары келді, содан соң Мәскеуден жұмысшылар келе бастады. 1954 жылдың бірінші жартысында-ақ облысқа 20 мыңнан астам адам келді.  Есіл бойындағы далада ондаған жаңа совхоздар, ашылды. Тың жерлерді игерудегі жетістіктері үшін 1961 жылы қала «Целиноград» деген атауға ие болды.  

1992 жылғы шілдеде ол «Ақмола» болып өзгерді, нақтырақ айтқанда бұрынғы атауын қайтып алды. 1822 жылдан бастап Ресей империясы Орта жүздің территориясына белсенді ене бастады. Бұл сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендеұлы бастаған жергілікті ақсүйектер қауымына ұнамады. Ол өзінің жайылым жерлерінен жаңа округ ашу туралы өтінішпен Омбыға жүгінеді. 

Бұл округқа басшы болғысы келіп, осындай өтініштермен ресейлік үкіметке жиі жүгінген сұлтандар арасындағы өзара тартысты тудырды. 1830 жылы Петропавл бекінісінің коменданты подполковник Ф.К.Шубин бастаған экспедиция Қараөткелдегі болашақ бекініс аумағына келеді.

Осылайша, бекініс атауына орысша қосымша қосылып ол «Акмолинск» деп атала бастады. Бұл атаудың мән-мағынасын ашудың бірнеше нұсқасы бар. Қалаға жақын жердегі бір төбеге елге сыйлы бір би жерленіп, сол жерді «ақ мола» деп атаған деген нұсқада бар. Басқа нұсқа бойынша, бұрын Ақмола ірі сауда орталығы болыпты. Орта Азия мен Ресейден саудагерлер келіп сауда жасайды екен, соның ішінде сүт тағамдары да сатылады екен.  

Қазақтар қымыз, шұбат, айран, қаймақ, құрт сияқты ұлттық өнімдерімен басқаларды тамсандырып, таңғалдыратын. Яғни, бұл дегенің «Ақ мол» деген сөз. Бірақ, Ақмоланың алдындағы Бозоқ қалашығы да сауда қаласы ретінде белгілі болған. Бозоқ өңірдің әкімшілік орталығы әрі Далалық жібек жолындағы қыпшақ билеушілерінің әскери ордасы болды. Бұдан басқа ол керуендер мен жолаушылардың тұрағы мен қонатын орны ретінде қызмет етті. Сонымен қоса, Бозоқ діни орталық ретінде де қабылданып, XIII-XV ғасырларда қасиетті мекен болып саналды. Бұл жерде ас беріліп, тәу етуге келген.

Сол кездің өзінде-ақ тұрғындар арасында дінге еріктілік пен толеранттылық байқалады. Сол жерде қазылған бес кесененің бірі – христиандар кесенесі.  Егер осы кезеңге бойлар болсақ, онда Ақсикет қалашығында айта кеткен жөн, ол Нұра өзенінің төменгі ағысы мен Есілдің ортаңғы ағысында (Қараөткел) орналасқан. Бұл қала 1375 жылы жасалған каталондық әлем картасында белгіленген. Белгілі ғалым Ә.Марғұлан бұл қалашықты Бытағай қалашығына ұқсатады. Осы картаға сәйкес, Торғай өзенінің төменгі ағысында Конгликет деген басқа қала орналасқан.

Осылайша, Ақмола облысының аумағында бірнеше қалашықтар болған. 1381 жылы Ақмола даласымен Орта Азияның құдіретті билеушісі – Әмір Темірдің әскерлері жүріп өткен. XV ғасырдағы парсылық автор  Шараф ад-Дин Әли Йазди «Зафар-намеде» Есіл бойындағы Ақзират, Бестерек, Далба деген дамыған қалалар туралы жазады.

Осылайша, қалалардың орналасқан жері мен атаулары ғана емес, сонымен бірге олардың сипаттамасы да сақталып қалған: қалалары дамыған болды, тауарларының көптігімен аты шықты, бұл болса осы өңірдің гүлденіп дамығандығының белгісі. Бірақ халық санасынан бірінші нұсқаны өшіру мүмкін болмады, астананы Ақмолаға көшірген кезде оның атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Назарбаев оны өзі таңдап алды:

Астананың атын өзгерту мәселесі бойынша мен күні-түні ойландым деуге болады. Содан бір күні... Бір күні түнде, нақтырақ айтсам түнгі сағат екіде, кенеттен ой келді – Астана! Астананың аты астана! Қазақша өте әдемі айтылады. Көрнекті, жарқын және өте әдемі естіледі! Орысша да, ағылшынша да солай. Бұл атауда бір шешімділік, қуаттылық пен нақтылық бар – Астана! Біздің ортақ көңіл-күйіміз бен астананы көшіргеннен күтетін үмітімізді білдіретін көрнекті әрі қысқа ұран сияқты.

Жаңа атымен елордамыз Астана Қазақстанды көрсететін бас қалаға айналды. Ел имиджі көп жағдайда астанасына байланысты болады, сондықтан да қаланың өз атына сай болуы аса маңызды.