Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң!
31.08.2017 3687
Конституция күні мемлекеттік мереке болып табылады және 30 тамыз тойланады, дәл осы күні 1995 жылы республикалық референдумда елдің басты Ата Заңы қабылданды

Сірә, бұл мереке, жалпыхалықтық тойлау барысында оның маңызы мен тағайындалымы әділетсіз ұмытылып қалатын аздаған мейрамдардың бірі болып табылады. Осы салтанатты Күн қарсаңында еліміздің Конституциясы тарихымен, заңды құжаттың мазмұны мен практикалық іске асырылуымен танысуды ұсынамыз.

Қазақстан Конституциясы заңдылықты ғана емес, сонымен қатар этикалық жағын да қамтитын, мемлекеттің негізгі құрылымдарын қалыптастырудағы халқымыздың бірлескен үлкен жетістігін білдіретін Республиканың бейресми символы болып табылады.   

Конституция – халықтың әлеуметтік-заңды қорғалуын кепілдендіретін механизм. Егер бұрын «азамат» «адам» концептісінен басым түсетін болса, ал қазір «адам» белгілі құқықтар мен міндеттерге ие, ал патриотизм мен өзін елдің азаматы ретінде сезінуге тәрбиелеу ең гуманисті тәсілдермен жүргізіледі. Конституция адамдардың бір-біріне деген сыйластығының және төзімділігінің негізін қалап, ұлтаралық және конфессия аралық келісімді нығайтады.

Конституция күні мерекелік іс-шаралар өткізіледі: концерттер, отшашулар, конкурстар, сауда орталықтары келушілері үшін ойын-сауықтар ұйымдастырады. Конституцияның зор маңызына қарамастан, оның ішінде идеологиялық деңгейі де бар, қазақстандықтардың бәрі бір кісідей осы Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық тоқсан сегіз бабын біле бермейді. 

Республиканың Негізгі заңы туралы хабардарлықты арттыру үшін таныстыру іс-шаралары өткізіледі. Мектептердегі сынып сағаттарында оқушыларға олардың қарапайым құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірілсе, ата-аналар жиналыстары арқылы балалар құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізіліп отырады. Конституция халқымыздың еркін білдіретін елдің басты заңы ғана емес, сонымен бірге Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандығын жүзеге асырудағы елеулі ілгерілеуді, сондай-ақ басқа елдермен ынтымақтастыққа және олармен адал қарым-қатынас орнатуға ұмтылысын көрсетеді.

Қазақстанның БҰҰ, ТМД, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕурАзЭс сияқты ұйымдарға мүше болуы, осындай мақсаттарды сәтті жүзеге асырудың куәсі болып табылады. Халықаралық қауымдастықтың елімізге деген сенімі және оның үлкен экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми және саяси жетістіктерін мойындауы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мүмкіндігінде айқын көрінді. Қазақстанның әлемдік аренадағы танымалдағы күрт өсіп, еліміз өзін болашақта бұдан да қызықты бола түсетін тартымды туристік нысан ретінде көрсете білді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының алдында басқа – негізінен көп жағдайда РСФСР-дың басты заңына сүйенген 1926 жылғы Қазақ АКСР Конституциясы, Қазақ КСР-інің 1937 және 1978 жылдардағы Конституциясы КСРО Конституциясын ескере отырып, Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымымен әзірленген 1993 жылғы ҚР Конституциясы. Қолданыстағы Конституциямен бірге Сенат пен Мәжілістен тұратын қоспалаталы Парламент бекітілді. ҚР Конституциясы келесі тараулардан тұрады: 

I. Жалпы ережелер

II. Адам және азамат

III. Президент

IV. Парламент

V. Үкімет

VI. Конституциялық Кеңес

VII. Соттар және сот төрелігі

VIII. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

IX. Қорытынды және өтпелі ережелер. Қарқынды дамып жатқан әлемімізде заңнама да бір орында тұрған жоқ. Конституцияға қазақстандық қоғамды демократияландыруды арттыру тенденциясын дәлелдейтін түзетулер енгізіледі.

2017 жылғы наурызда «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.  Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылығымен Парламент өкілеттілігін кеңейту – сондай түзетулердің бірі. Мысалы, 67-ші баптың 4-ші тармақшасына сәйкес, енді Премьер-Министр Үкімет қызметінің негізгі бағыттары мен оның барлық маңызды шешімдері туралы тек Президентке ғана баяндап қоймай, Парламентке де баяндайтын болады.  70-ші баптың 1-ші тармағының жаңа редакциясы бойынша Үкімет жаңадан сайланған Мәжіліс алдында  өз өкілеттігін доғарады. 49-шы баптың 1-ші тармағының тұжырымы нақтылана түсті: Қазақстан Республикасының Парламенті заң шығару билігін жүзеге асырады (бұрынғы редакцияда Парламент заң шығару функцияларына ие болатын).

Президенттің және Парламент депутаттарының  мерзімдері мен өкілеттігіне қатысты өзгерістер 1998, 2007 және 2011 жылдары енгізілген болатын. Әсіресе 2007 жылы Конституцияға елеулі өзгерістер енгізілді, олардың ішінде барабар сайлау жүйесіне көшу де бар. Яғни, жалпыхалықтық дауыс беру кезінде депутаттар мандаттарын алып, Партияның басшылық органының шешімі бойынша парламентарийлер болады.

Қазақстан халықтары ассамблеясы ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат ұсыну мүмкіндігін алды. Осылайша, халық, Парламент, Президент, Үкімет және биліктің басқа да мемлекеттік органдары «қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, экономикалық даму, патриотизм» жолында бірлескен жұмысты атқарады. Мерекелік іс-шаралар қарбаласында, Конституция күні түрлі ойын-сауық шараларына толы жай ғана демалыс емес, ең бастысы біздің бейбітшілігіміз бен тыныштығымыздың кепілі екенін естен шығармайық, ағайын.