Бүгін Мәжілісте тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтай отырысында берген археологиялық қызметті ретке келтіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында депутаттардың бастамасымен дайындалған, деп хабарлайды e-history.kz порталы.
ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, құжатта археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері туралы барлық мәліметті жинақтау үшін бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру қарастырылған. Ғылыми-реставрациялық және археологиялық жұмыстарға 5 жылдық мерзімге лицензия беруді бөлу арқылы археологиялық жұмыстарға лицензия беру жүйесіне өзгерістер енгізіледі.
Сонымен қатар Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заң мен оған ілеспе түзетулерге Сенат енгізген өзгерістермен келісті. Сенат барлығы 16 түзету ұсынды. Олар Мәжіліс қабылдаған заңдардың мазмұнын өзгертпейді.
Палата комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады. Олардың қатарында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері туралы түзетулер мен бірнеше ратификациялық хаттама бар.