300 жыл бұрын суға кеткен испан қазынасы табылды

Бөлісу

09.10.2025 5682

АҚШ-тың Флорида жағалауында теңіз түбінен нағыз тарихи олжа табылды. Сүңгуірлер тобы 300 жылдан астам уақыт бұрын суға кеткен испан флотилиясының қазыналарын, алтын мен күмістен соғылған монеталар мен көне артефактілерді жарыққа шығарды деп хабарлайды e-history.kz euronews.com сайтына сілтеме жасап. 


Табылған жәдігерлердің жалпы құны шамамен 1 миллион доллар деп бағалануда. Қазыналар 1715 жылдың 31 шілдесінде апатты дауылға тап болып, Атлант мұхитына батып кеткен испан кемелерінің бірі әйгілі галеонның бортынан шыққан.

Ол кезде Испанияның Жаңа дүниедегі колонияларынан алтын, күміс және асыл тастар тиелген он екі кемеден тұратын керуен метрополияға бет алған еді. Алайда күтпеген дауыл кемелердің барлығын дерлік талқандап, жүздеген теңізшіні жалмаған. Сол күннен бастап испан тәжінің байлығы ғасырлар бойы мұхит түбінде құпия күйінде жатты.

Қазына іздеушілердің айтуынша, табылған монеталардың көбі жақсы күйінде сақталған.  Тіпті кейбірінің бетінде 1712–1715 жылдар арасындағы соғылған уақыты мен монета сарайының таңбасы айқын көрінеді. Сарапшылар бұл артефактілер тек материалдық емес, тарихи тұрғыдан да баға жетпес мұра екенін айтады.  Сондай-ақ теңіз түбінде әлі де жүздеген миллион доллар тұратын асыл тастар мен бұйымдар қалуы мүмкін деген пікір бар.

Бөлісу