Біз тарихымызды жазғанда асы­ғыстыққа жол бермеуіміз керек - Ерлан Қарин

Бөлісу

11.07.2025 1397

«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің «Ұлы дала – көшпенділер өркениетінің алтын бесігі» атты көлемді мақаласы жарық көрді, деп жазады e-history.kz порталы


Ерлан Қарин мақаласында Президент тасырмасымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық 7 томдық­тың әзірленіп жатқандығын атап өтеді. Көптомдық еңбек отандық тарихшылар мен қосалқы авторлар арқасында жинақталып жатыр.

«Прези­дент­­­ тапсырмасымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық 7 томдық­тың әзірленуін атап өткен жөн. Әр томға арнаулы ғылыми инсти­тут жетек­шілік етті. Бірегей жинақты дайын­дауға елімізден 250 тарихшы қатысты. Жүздеген ғалым көптомдықтың қосалқы авторы болды. Жұмыс барысында бұрын бізге беймәлім болып келген көптеген тың дерек табылып, ғылыми айна­лымға қосылып жатыр» - деп жазды Мемлекеттік кеңесші. 

Ол мақаласында тарихымыз түгенделіп, тарихи деректер шынайы зерделенгенін айтып өтті.

«Бір сөзбен айтқанда, тарихымыз түгенделіп, барлық мәлімет объек­тивті түрде сараланды. Ұлт жылнамасын ұлттық мүдде тұрғысынан жазу қа­ғидасы берік сақталды. Тарихи әділ­дікті қалпына келтірген жаңа еңбек, шын мәнінде, ұлттық жобаға айналды» - деді Е. Қарин

Мемлекеттік кеңесші мақаласында тарихымызды жазғанда асы­ғыстыққа жол бермеуіміз керектігін де баяндады.

«Алдыңғы академиялық басылымдар­ды әзір­леу кезінде жұмыс тіпті ұзаққа созылғаны белгілі. 1943 жылғы 1 том­­дық басылымға 5 жыл, 1957 жыл­ғы 2 том­дыққа 5 жылдан астам, 70-жылдары шыққан 5 томдыққа 10 жылға жуық уақыт кеткен.

Ал тәуелсіздік кезеңіндегі 5 том­­дықтың бірінші томы 1996 жылы шы­қса, соңғы бесінші томы 2010 жылы көпшіліктің қолына тиді. Дайын­дық жұмыстарын айт­пағанның өзін­де, бес томдықтың толық басылып шы­ғуына 15 жылға жуық уақыт кетті» - деді Ерлан Қарин.

Ерлан Қариннің «Ұлы дала – көшпенділер өркениетінің алтын бесігі» атты мақаласын мына жерден оқи аласыздар.

Бөлісу