Қарақозы менен Амантай
06.05.2024 1473

II Дүниежүзілік соғысқа қатыстқан жауынгерлердің ерлік істері жайлы естеліктер жылдар өткен сайын ұмытылып бара жатыр. Бірақ адамзатың жадында әлемді фашистік құлдықтан құтқарған солдаттардың батырлығы ешқашан тарих парақтарынан өшірілмейді. Бұл соғыста мыңдаған сарбазды шекарада күтіп алып, лайықты тойтарыс берген қазақ сарбаздары ер жүректілігімен ерекшеленді. Соғыстың алғашқы жылдары мыңдаған қазақтың ұл-қыздары майданға аттанды. Қазақ халқы қазақ майдангерлеріне жазған хатында: «Қазақтың ұл-қыздары! Сіздердің жеңіске жететіндеріңізді білеміз.. соңғы демге дейін, қанның соңғы тамшысына дейін күресіңіздер!» делінген. Майдангерлер өз халқының үндеуін лауықты түрде қабылдады. Қазақстаннан барған сарбаздар Ленинград пен Мәскеу үшін, Сталинград, Киев және Минск үшін, әрбір шекара бағанасын қалпына келтіру үшін табандылықпен шайқасты.


Украиналық кинорежиссер А. Довженконың украин жерін азат етуде қазақ батырларының алғы шепте тұрып, жау сарбаздарын күл талқанын шығарғаны туралы әңгімесі дәлел болады. 

Қазақстаннан 500-ге жуық сарбазы мен офицері, оның ішінде 98-і Совет Одағының Батыры атағына ие болды. Олардың ішінде Дубосеково разъезінде ерлік көрсеткен панфиловшылар, Совет Одағының екі мәрте батырлары Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда, қазақ халқының даңқты қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова, ұшқыштар – Нұркен Әбдіров пен Михаил Янко, Александр Матросов сияқты жауынгерлер, Ағәділ Сухамбаев, Сұлтан Баймағамбетов, Иван Бабин және басқалар. Олардың барлығы отанын аяусыз жақсы көрді, көбісі оған өз өмірін берді. Сондай батырлардың бірі – Қарақозы Әбдәлиев. Ол Совет Одағының батыры, гвардия лейтенанты болған. Ұлы жүздің Сіргелі руынан шыққан. 

Өкінішке қарай, II Дүниежүзілік соғысқа қатысқан барлық батырлары үйлеріне орала алмады. Олардың көпшілігі өз өмірлерін майдан даласында құрбан етті.  Сонымен біздің кейіпкеріміз Қарақозы Әбдәлиев та майдан даласында қаза тапты. Бір қызығы, батыр 1942 жылы 9 мамырда майданға жіберілді. 

Ол туралы көп ақпарат жоқ. Оның қашан дүниеге келгені де белгісіз. Құжаттарда тек 1908 жыл мен Түркістан өңірі туралы жазылған. Кей деректе 1903 жылы деп жазылған. Ұлты қазақ, ал ата-анасы қарапайым шаруалар болған. Қиын кезеңде ол орта мектепті бітіріп үлгереді. Кейіннен «Талдыбұлақ» шаруашылығында жұмыс істейді. 1940 жылдан бастап ол Түркістан коммунистік партиясының мүшесі болды. Қарақозы ауылдастарының арасында ең алғашқылардың бірі болып майданға аттанды. 

Соғысқа ол жергілікті әскери комитет арқылы әскерге шақырылды. Алдымен ол дайындықтан өтіп, кейін майданға аттанды. Ол кезде бұл 1942 жыл болатын. Алғашқы әскери дайындықты ол кіші лейтенант шенімен аяқтады. 

Ол Украинаның Мелитополь қаласы үшін шайқаста ерекшеленген атқыштар полктерінің бір взводын басқарды. Дәл сол жерде ол өзінің ерлігін көрсетті.

Біз оның ерлігі жайлы мән-жайларын марапаттау құжаттарынан біле аламыз. Егер бұл жазбаларға сенетін болсақ, оның взводы 1943 жылдың қазан айында Мелитополь үшін шайқас кезінде жаудың бірнеше ондаған атыс нүктелерін жойып, ондаған үйлерді босатып, жаудың елуден астам сарбазын өлтірген. 

Неміс әскерлерінің танктермен жасаған шабуылы кезінде Қарақозы Әбдәлиев бір танкті өртеп жіберді, ал ауыр жарақат алғаннан кейін де бірнеше танкіге граната лақтырып үлгерді. Осы ұрыста Әбдәлиев қол созым жерден жау танкісіне гранат лақтырып, қаһармандықпен қаза тапты. Қарақозыны сол маңайға жерледі. Оның өлімінен бірнеше күннен кейін бірден «Совет Одағының Батыры» атағы берілді. Днепр үшін соғыста көрсеткен ерлігі үшін советтік газеттің бірі ол туралы «Батырлардың батыры» деп жазды. 1943 жылы Ленин ордені де Қарақозы Әбдәлиевтің атына жазылды. 

Батырдың құрметіне Мелитополь қаласының бір көшесі Қарақозы Әбдәлиевтің есімімен аталады,  сонымен қатар ескерткіш тақта орнатылған. Сонымен қатар Қазығұрт ауданының Рабат ауылында батырдың кестеленген бюсі орнатылған. 

Тағы бір Совет Одағының батыры – Амантай Дәулетбеков. Амантай Дәулетбеков 1917 жылы 10 қарашада Жамбыл облысы қазіргі Талас ауданының Майтөбе ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатында 1940 жылғы 9 маусымда берілген аттестат бүгінгі күнге дейін сақтаулы. Оқу озаты болған Амантай тек екі пән, орыс тілі мен әдебиеті бойынша «жақсы» деген баға алды, қалған пәндер бойынша «өте жақсы» болды. Осыны ескере отырып, жергілікті билік оны кадрлық резервке енгізді. Уақыт өте келе Амантай шаруашылық басшысы болуға тиіс еді (1939 жылдың қазан айында Алматыда совхоз директорларының курстарын бітірген). Бұл туралы куәлік мұрағатта да сақталады.

Амантайдың армандары да, басшылықтың жоспарлары да орындалмады. Соғыс басталды. 1942 жылы Амантай майданға шақырылып, артиллерияға жіберілді.

Амантай Дәулетбеков Курск доғасындағы қатал шайқастарға қатысты. Мұнда 1943 жылы шілдеде Поныри кентінің маңында 253,5 биіктігін қорғап, өзінің ерлігін көрсетті. 

Жау қорғаныс шебін бұзып, тылға кірген кезде Дәулетбековтың зеңбірек есебі танкке қарсы 1080-полк пен 1019-артиллерия полкінің түйіскен жерінде тұрды. Фашистер зеңбірекшілерге қарсы 13 Т-VI танкін, 14 өздігінен жүретін зеңбіректі және бір батальонды жіберді. 

Қарсыластарының жасаған айласы көмекке келген әскерді жолатпады. Сондықтан Амантай, жауынгерлермен бірге жаудың шабуылын өз бетінше тойтаруға мәжбүр болды. Жекпе-жек үш сағатқа созылды. Жаудың 13 рет жасалған шабуылында фашистер 10 танк, жеті өздігінен жүретін құрылғыны және сарбаздар ротасынан айырылды. Снарядтар көп болғанымен, мылтықтардың көбі істен шықты.  Сондықтан барлық үміт тек кешіктірілген күшейтуге ғана қалды. 

Тыныштық орнаған кезде шаршаған сарбаздар демалуға жатты. Бір уақытта Амантай басын көтеріп, жау жағынан қозғалысты байқады. Көмекке келе жатқан әскер әлі де көрінбеді. Олармен байланысатын рация да істен шыққан болуы керек. Егер жау шабуыл жасаса, қолда бар қару-жарақпен тойтарыс бере алмайтынын білген Амантай білектің күшіне сенеді. Қара күштің арқасында ол төрт фашистті құлатты. Дегенмен жүрегіне тиген оқ оны тоқтатты. Батырлығы үшін ол «Совет Одағының Батыры» атағын алды (қаза тапқаннан кейін).

Совет Одағының Батыры атағына марапаттау парағынан:

«Дәулетбековтің зеңбірегінен 29 танк, 13 өздігінен жүретін зеңбірек, 150 жаяу әскер, 40 автомат жойылды. Міне, оның көрсеткіші осындай. Совет Одағының Батыры атағы мен  Ленин орденіне лайық. 1180-артиллерия полкінің командирі подполковник Маз. 1943 жылғы 1 тамыз».

Сөйтіп ССРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 24 желтоқсандағы Жарлығымен Амантай Дәулетбеков Совет Одағының Батыры атағына ие болды. 

Ол бір жыл ғана соғысқан. Бірақ осы уақыт ішінде ол үлкен ерліктер көрсеткен екен. 

Амантай Дәулетбеков Понырык кенті ауданындағы Курск доғасындағы молаға жерленді. Поныров ауданының басшысы В.С. Торубаров жазған хатында Совет Одағының Батыры Амантай Дәулетбековтің есімі «Батырлар-саперлер» федералдық маңызы бар ескерткішіне қашалғанын, ал мемориалдық кешенде Курск доғасының солтүстік бөлігіндегі батырларды еске алу үшін қазақ батырының бейнесі бар мәрмәр тас орнатылғанын айтты.

Сонымен қатар Майтөбе ауылында бюст орнатылған және оның есімімен мектеп аталды.