Өндірісті өлке - Жезқазған
07.06.2023 2517

Жезқазған – Қазақстанның тарихи, мәдени және қазба байлығы жағынан да маңызды өлкелердің бірі. Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі кездесетін шаһардың орналасқан жері де қасиетті. Елдің орталық аймағының қақ ортасында орналасқан бұл жерде 80 мыңнан аса халық тұрады.


Жезқазғанның ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның бай тарихы мен мәдени мұрасы. Қалада атақты Ахмет ишан Оразайұлы мешіті, Алаша хан кесенесі және таңғажайып Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы сияқты таризы жүздеген жылдарға созылған көне орындар мен көрнекті мұражайлар  бар. Бұл орындар тек тарихи маңызымен ғана емес, сонымен қатар қаланың өзіне тән сұлулығын айқындай түседі.

Тарихы мен мәдениетінен бөлек, Жезқазған Қазақстанның маңызды экономикалық орталығы да. Қала маңайындағы бағалы металдар мен пайдалы қазбаларды өндіретін бірқатар ірі тау-кен компаниялары яғни тау-кен өнеркәсібі жергілікті экономиканың маңызды бөлігі болып есептелінеді.

Жезқазғанда  сәулеттік өнер ескерткіштері мен әрбір бұрышы қала тарихы жайлы сыр шертеді. Жезқазған атауы  «мыс қазылған жер» деп аударылады.

Саяхатшылар Орталық Қазақстанның кең даласын аралады. Революцияға дейін мұнда мыс рудасын өндіру мен өңдеуді іс жүзінде жолға қойған, тіпті темір жол салуды бастаған ағылшындар қоныстанды. Бірақ өлкенің нағыз дамуы кеңес өкіметі тұсында болды. Әр төбені, әр тасты, өзеннің әр сағасын көрнекті ғалымдар – геолог Қаныш Сәтбаев пен археолог Әлкей Марғұлан зерттеген. Қаныш Сәтбаевты жезқазғандық және сәтбаевтықтар тау-кен және металлургия қалаларының негізін қалаушы ретінде құрметтейді. Өнеркәсіптік қалалардың орталығында көшелер, ең құрметті жерде академиктің ескерткіштері оның есімімен аталады. 50 жыл бұрын салынған Мыс комбинаты мен өңдеу комбинаттары аймақтың ауқымды құрылыс нышаның көрсетіп тұрады. Кеншілердің, байыту фабрикаларының және металлургтердің қажырлы еңбегінің түпкілікті өнімі - сапаның эталоны ретінде танылған әлемдегі ең үздік катод мыс болып есептелінеді.

Мысты алғашқы балқыту 1928 жылы Қарсақпай мыс зауытында жүргізілді. Ал 1939 жылы олар Жезқазған мыс кен орнының іргесіндегі ауылдың орнында, кейіннен үлкен Жезқазған деген атаумен   жұмысшылар посёлкасын сала бастады. Жезқазған  қала мәртебесін 1954 жылы қала  күніңде алды. Мұнда металлургиялық, байыту кешендері, тұрғын үйлер салу үшін комсомол энтузиастары мен инженерлер келе бастады, бірақ Степлаг тұтқындары да аймақтың дамуына айтарлықтай үлес қосты. Олар барлық жобаларға, соның ішінде Кеңгір су қоймасы мен жол құрылысына атсалысты.

Жезқазғанның тарихи мұраларының бірінде,  тарихшы, Жезқазған университетінің профессоры Тұрғанбек Алланиязов өзінің еңбегінде 1990 жылдардың бірінші жартысындағы қуғын-сүргін тақырыбын ғалымдар емес, негізінен журналистер әзірлегенің айтады. Атап айтқанда, ол «Казахстанская правда» газетінің Жезқазған облысындағы тілшісі Владислав Николаевты атап өтеді. Ішкі істер басқармасының жабық мұрағатына қол жеткізген журналист сол кездегі Степлаг, Кеңгірдегі көтеріліс туралы сенсациялық материалдар жазған. Қайтыс болған саяси тұтқындарды еске алу мақсатында мыс зауыты мен лагерь бөлімінің алыс емес жерде  жалғыз төбеде ескерткіштер қойылды.

Мұнда Ресей, Украина, Венгрия, Литва, Израиль және басқа елдердің елшіліктері өздерінің шағын обелисктерін орнатқан. Александр Солженицын «Гулаг архипелагы» атты зерттеуінде тұтқындардың Кеңгір көтерілісі туралы жазған. Бұрынғы тұтқындармен хат алысып, олар қатал қысты, желді, жаздың қақаған ыстығын, ауыр жұмысты, ауыз судың тапшылығын айтып отырды.

Арада ондаған жылдар өткенде жазушының ұлы Ермолай Жезқазғанға келді. Олар Тұрғанбек Алланиязовпен бірге лагерь кешенінің қирандыларын аралады: лагерь бөлімінің үш ғимараты, казарма, фельдшерлік пункт, асхананың  аман қалған қабырғасынан көркем сурет - өнеркәсіптік пейзаж табылды. Авторы, әрине, белгісіз, бірақ оны тұтқындардың бірі салғанына күмән жоқ.

2019 жылы Мәскеуден Жезқазғанға реставраторлармен бірге саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгілік ету қорының атқарушы директоры Артем Готлиб келді. Мамандар қабырғадағы суреттерді зерттеп, тіпті құлап жатқан қабырғаны қалпына келтіру және мұражайда сақтау үшін Мәскеуге алып кетуге рұқсат сұрады. Жәдігер осылайша ерекше болып шықты. Дегенмен, бұл біздің мұрамыз, енді олар Жезқазған қаласында ГУЛАГ-қа арналған жеке мұражайын ашуды жоспарлап отыр. Тағы бір айтарым, қаланың тарихи бөлігіндегі үйлер де сол кезді еске түсіреді. Оларды 50-ші жылдардың басында тұтқындар салған, ол үйлерді  әлі де адамдар мекен етеді. 

Жезқазғанның ғарыш тарихы 

Ғарышкерлер Жезқазған қаласынан онтүстік шығыс бағытқа қарай 146 шақырым жерге түседі. Қалада ғарыш тарихының 59 мемориалдық белгісі сақталған. Олар көше атауларында, панноларда, монументалды ескерткіштерде, тіпті жол белгілерінде де бар. Сәтті қонғаннан кейін ғарышкерлер мұнда қарағай отырғызады. Бұл идея «Союз-11» экипажының қайғылы қазасынан кейін пайда болды. Әрбір жаңа ағаштың жанына отырғызу күні көрсетілген тақтасы орнатылды. Біріншісі «Союз-12» ғарышкерлері Василий Лазарев пен Олег Макаров болды. Өкінішке қарай, қарағайлардың бәрі аман қалмады, кейбір тақтайшалар сынды. Бірақ олардың кейбіреулері сақталған. 2010 жылы ғарышкер Геннадий Падалка мен астронавт Пегги Уитсон осында қарағай көшеттерін отырғызды.1970-1980 жылдардан бастап ғарышты бағындырушыларға арналған ескерткіш және халық арасында «тікен» деп аталатын ғарыш стелласы сақталған. Бүгінде ол Жезқазғанның визит карточкасы.

Тағы білу керек дерек: 56 ғарышкер «Жезқазған қаласының құрметті азаматы» атағын алды. Бұл дәстүрдің бастауы 1973 жылы Жезқазған облыс орталығы құрылуымен тұспа тұс келген.

«Жошы хан» тарихи-сәулет кешені 

Ғарышкерлер бульварының арғы жағында Кетбұғаның ескерткіші бар. Негізі бұл орта ғасырлар тарихына арналған жалғыз ескерткіш. Ол ұлы қолбасшы ғана емес, ұлы Жошының өлімі туралы қайғылы хабарды Шыңғыс ханға жеткізген жыраушы. Көне тарихқа қатысты басқа да деректер, бабалардың тұлғалық көшірмелері, жануарлардың шағын мүсіндерін, Алашахан даңғылының бойынан кездестіруге әбден  болады.

 Бүгінгі таңда Ұлытау өңірінің қонақтары үшін «Жошы хан» тарихи-сәулет кешені келешек ұрпақтың  тарих пен білімге деген қызығушылығын арттыратын бірден бір   қасиетті жер  болып саналады. Жошы ескерткіші сонау далада орналасқанына қарамастан, зияратшыларды, туристерді, өлке тарихына қызығушылық танытушыларды үнемі қызықтыруда.

 Кешен өткен жылы ашылып, биылғы жазда ұлытаулықтар өлкенің құрылуын тойлағанда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарихындағы тұңғыш құрылтайын осында өткізді. Қараша айында Жезқазғанға Жошы ұлысына арналған конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар келді.

2022 жылы Жезқазған облыс орталығы мәртебесін қайтарды. Қаланың аумағы және жастары өседі деген үміт бар. 1954 жылы қала халқының саны Рудник ауылымен бірге 30 мың адамды құрады. Бүгінде Жезқазған қаласында 89 мың адам  тұрады, бірақ ол Жезқазған облысының облыс орталығы болған кезде мұнда 140 мыңға дейін азамат тұрған екен. Көпшілік үшін облыс мәртебесінің оралуы яғни «туылуы», дәлірек айтсақ, қаланың «жаңғыруы» дегенді білдіреді, Жезқазған тарихында жаңа белес басталады. Келешекте  қала тұрғындарын керемет өзгерістер күтіп тұр деп үміттенейік. Қала жұртшылығы қаладағы барлық жолдар жөнделсе, ескі коммуналдық инфрақұрылым жаңасына ауыстырылса деп күтеді.

Лаура Халел,

Л.Н Гумилев атындағы  ЕҰУ-нің 2 курс студенті