Басты бет Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Отандық зерттеулер Мемлекет Басшысы тұлғасының Ұлттық тарихтың қазіргі кезеңіндегі рөлі Н.Ә. Назарбаев- Қазастан Республикасының негізін қалаушы тарихи тұлға

Н.Ә. Назарбаев- Қазастан Республикасының негізін қалаушы тарихи тұлға

06 Қыркүйек 2013
413
0

Қазақ халқы тарихи этнос ретінде қалыптасқан уақыттан бастап еңселі ел болуды қашанда армандап, мақсат тұтқан халық. Осы мақсат жолында қазақтың талай арыстары өздерінің өмірін арман жолына сарп еткенін тарихтан білеміз. Біз тарихтан дарынды жеке тұлғалардың елдің тарихын түбегейлі өзгертудегі рөлін жақсы білеміз. Мысалы, Америка штаттарының негізін қа-лаушы Джордж Вашингтон, Ресей империясның негізін қалаған Ұлы Петр, қазіргі Туркия мемлекетінің негізін қалаған Кемаль Ататүрік т.б. Осындай тұлғалардың қатарына Қазақстан Республикасының негізін қалаушы Н.Ә. Назарбаевты да жатқызуға болады. Н.Ә. Назарбаев тарихи тұрғыдан алғанда аз уақыттың ішінде Қазақстан Республикасының егемендігін жариялап, оны дұрыс даму жолына түсіре білді. Нәтижесінде, Қазақс-тан Республикасы өзін бүкіл әлемге танытты, дамыған мемлекеттер қа-тарына қосылды. Бұл құбылысты тарихшылар «Назарбаев феномені» деп атап кетті. « Назарбаев феномені» Еуропа мен Азияның, екі құрлықтың, екі өркениеттің, екі саяси жүйе - тоталитаризм мен демократия түйіскен ортада туды. Осы екі түрлілікті синтездеп, демократиялық құндлықтарды құр-меттеген еуропалық реформизм мен күретамыры сан ғасырлардан тартылған азиялық дәстүрді сабақ-тастыра отыра жүргізді. Сол себепті де халықаралық қауымдастық Қазақстан көшбасшысының ішкі және сыртқы саясаттағы сарабдал жолын жоғары бағалап, оның есімін стартегиялық ойлау қабілетін иеленген мемлекет қайраткері деп даңқты тарихи тұлғалармен қатар қояды [1].

«Назарбаев феномені» қалай жасалды, оның алғы шарттары қалай еді? 1990 жылдардың басын-да ҚСРО-ның саяси-экономикалық жүйесінің кешенді дағдарысқа ұшырауы Қазақстан жағдайында айқын көрініс тапты. Саяси жүйенің дағдарысқа ұшырағанын Алматыда болған 1986 жылғы желтоқсан оқи-ғасы көрсетті. Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңға шыққан қазақ жаста-

ры елдің жүргізіп отырған саясатына өздерінің наразы екендерін көрсетті, ал саяси жүйенің басында отырған коммунистік партия, бұл оқиғадан тиісті қорытынды шығарудың орнына, алаңға шыққан жастарды бұзақыларға теңеп, бүкіл қазақ халқын ұлтшыл деп айып тақты [2].

Елдің экономикасы әдеттен тыс қиындықтарға тап болып, шын мәнінде құрдымға кетудің сәл-ақ алдында тұрды. Өнеркәсіп өндірісі екі есе, ауыл шаруашалығы үш есе қысқарды. Кәсіпорындар тоқтап, жұмыссыздардың саны күрт өсіп кетті. Осылардың бәріне қоса, Қазақстан Орталыққа шикізат беруші ғана болатын, өйткені, қазақстандық экономиканың 93 пайызы Одаққа тікелей бағынып, тек 7 пайызы ғана өз қажеттіліктерімізге жауап берген еді.

Осындай аса күрделі жағдайда ел тізгінін ұстаған Н.Ә. Назарбаев өзінің көреген саясаткер, елін елдікке бастаған аса дарынды реформатор,елін шын сүйетін тарихи тұлға екендігін көрсете білді. Оған Қазақстан Республикасның тәуелсіздік алған жылдарда жүріп өткен жолы, жеткен жетістіктері дәлел болады.

Қазіргі Қазақстанның тарихынан білетініміздей 1991 жылдың 1 желтоқсан күні алғаш рет тіке-лей бүкілхалықтық президенттік сайлау болып, сайлау қортындысы бойынша Н.Ә. Назарбаев президент болып сайланды, оны бүкіл Қазақстан халқы сайлағандықтан ол елді түбегейлі реформалауда, мемлекеттің негізін қалауда ерекше уәкілеттікке ие болды.

Қазақстанда президенттік институт 24 сәуір 1990 жылы құрылды, бұл күні Қазақ ССР-інің Жоғары Кеңесі Н.Ә. Назарбаевты республика Президенті етіп сайлаған болатын [3]. Бұл қадам, сол кездегі елді жаппай қамтыған дағдарыс кезінде бірден-бір дұрыс қадам еді, президенттік билік дағдарыс жағдайында елдің одан әрі то-қырауына жол бермеді. Алайда, президенттік билік шектеулі болды, заң шығарушы билік тармағының мысы президенттік билікке түбегейлі шешімдер қабылдауына шектеулер қойды. Бұндай жағдайда Президент елді түбегейлі реформалауға қауқарсыз болды. Елді жаппай жалмаған дағдарыстан алып шығып, елді дамудың дұрыс жолына түсіру үшін өз нәтижесін бір жылда бермейтін, халықтың арасында наразылықтар туғызатын мемлекеттік меншіктегі тиімсіз кәсіпорындарды жабу, оларды жекешелендіру, экономиканы нарықтық жолға салу т.б. іс-шараларды атқару керек болды. Жағдайды түсінген Н.Ә. Назарбаев президент ретінде бұл шараларды тек бүкілхалықтың мандатын алған жағдайда ғана іске асыру-ға болатындығын болжап білді. Н.Ә. Назарбаев өз өкілеттілігінің аяқталуына үш жылдан астам уақыт қалғанына қармастан, 1991 жылдың көктемінде жалпыхалықтық тікелей президеттік сайлау өткізу мәселесін көтере бастады.

1991 жылдың 28 маусымында Н.Ә. Назарбаев Жоғарғы кеңестің сессиясында депутаттарға тікелей презденттік сайлау өткізу туралы мәселені қарауды ұсынды, алайда Жоғарғы кеңестің мүшелері мен депутаттары бұл ұсынысты қолда-май тастады.

Н.Ә.Назарбаевтың президентті тікелей бүкілхалықтық сайлау ұсынысының тез арада жүзеге асуына КСРО-да болған «тамыз төңкерісі» өзінің оң ықпалын тигізді. Елдегі саяси және әлеуметтік-экномикалық дағдарыстың одан әрі шиеленісіп, тереңдеуі, шұғыл түрде саяси

шешімдер қабылдауды талап етті.

1991 жылы 16 қазанда Жоғарғы Кеңес тікелей президенттік сайлау мәселесіне қайта оралып, нәтижесінде бұл мәселе оң шешімін тапты, 1991 жылы 16 қазанда «Қазақ КСРПрезидентін сайлау туралы» Қазақ КСР-інің Заңы мен «Қазақ КСРПрезидентін сайлауды тағайындау туралы» Қазақ КСРЖоғарғы Кеңесінің қаулысы қабылданып, 1991 жылдың 1 желтоқсанын сайлау күні деп белгіледі.

Президенттік сайлау баламалы түрде болды, президентікке Н.Ә. Назарбаевтан басқа өз кандидатураларын белгілі ақын О. Сүлейменов пен қоғам қайраткері Х. Қожа-Ахмет ұсынды. Елде қызу сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары басталап кетті. Н.Ә. Назарбаев 1991 жылдың күз айаларында Қазақстанның бүкіл аумағын аралып шықты, онда өзінің сайлау алды тұжырымдамасын жариялады. Тұжырымдамада мы-надай негізгі мәселелер қамтылды: мемлекеттік егемендікті іске асыру, бәсекелестікке негізделген нарық-тық экономиканы қалыптастыру, елді терең реформалау, демок-ратияландыру, ұлт аралық қа-тынастарды дамыту, оларды бір күш-ке топтастыру, халықтың әлеумет-тік әл-аухатын көтеру бағытындағы жұмыстарды жүргізу, экономиканы түбірінен құрылымдық қайта құру, экологиялық жағдайды жақсарту, саяси жүйе мен мемлекеттік құрылымдарды реформалау, Семей полигонын жабу, ядролық қарудан бас тартып, барлық елдермен бейбіт сыртқы саясат орнату [4, 38 Б.].

1991 жылы 1 желтоқсанда елімізде тікелей президенттік сайлау болып оның қортындысы бойынша халық бірауыздан Н.Ә. Назарбаевты президентікке лайықты адам деп таныды. Н.Ә. Назарбаев халқына антын берді. Осы күннен бастап тарихта жаңадан пайда болған Қазақстан Республикасының даму кезеңі басталды [5].

Бұл тарихи таңдаудың бір-ден-бір дұрыс екендігін уақыт көрсетті. Осы тарихи тұрғыдан аз уақыт ішінде Қазақстан адам баласы танымайтындай өзгерді. Экономикасы қарқындап дамып, халықтың әл-аухаты күшейіп, Қазақстанды дүниежүзі мойында-ды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев пен қазіргі дамыған Қазақстан Рес-публикасы бір ұғымға айналды.

Расында да, Қазақстан Респуб-ликасы өз тәуелсіздігін алған жыл-дарда толағай табыстарға қол жет-кізді. 1997 жылы ҚРПрезиденті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдады. Өткен 15 жыл ішінде біз Қазақстанның негізін қаладық, билік тармақтарының бөлуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесін құрдық, елдің жаңа елордасы - Астананы көтердік [6, 21 Б.]. Астана заманауи қала ретінде дүниежүзілік форумдар өткізу орталығына айналды, ол арқылы Қазақстан дүниежүзіне танылды [7, 415 Б.]. Біз «алдымен экономика – содан соң саясат» деген формуланы басшылыққа алып елді демократияландыру мен ырықтандырудың процесін қарқынды жүргізіп келеміз. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, біз осы уақыт аралығында азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім қағидасын назарда ұстаудамыз. 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүруде [8, 97 Б.].

Осы жылдар аралығында Қазақстан Республикасы бейбіт-шілікке, ядролық қарудан бас тартуға, оны таратпауға негізделген сыртқы саясатын жүргізіп, бұл салада да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы жылдарда әлемдегі ең ірі ядролық держава бола тұра, одан өз еркімен бас тартты, Семей ядролық сынақ алаңын жапты, Ресеймен, Қытаймен және басқа көршілес елдермен шекарасын айқындады [9].

Біз – бірлігі жарасқан Қазақстан халқы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев-тың стратегиялық жоспарлары іске асатындығына хақ сенеміз, осы стратегиялық жоспарды іске асыру жолында, әркім өз саласында қажырлы еңбек етеміз.

Әдебиеттертізімі

1 Власов А. Феномен Назарбаева – неоспоримый факт // Казахстанская правда. – 2011. – 9 апреля. – С. 1.

2 Козыбаев М. Декабрь 1986: факты и размышления. – Алматы: ИИЭ им. Ч. Валиханова, 1997. – 43 с.

3 Ведомости Верховного Совета Казахской ССР. № 40-41 (2007). - Алматы, 1989. - С. 336.

4 Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. – Алматы: Атамұра, 2003. – 256 с.

5 Об итогах выборов Президента Казахской ССР. Сообщение Центральной избирательной комиссии по выборам Президента Казахской ССР// Казахстанская правда. – 1991. – 7 декабря. - С. 1.

6 Назарбаев Н.Ә. Еуразия жүрегінде. - Алматы: Жібек жолы, 2011. – 308 б.

7 Назарбаев Н.А. Казахстанский путь. - Алматы: Жібек жолы, 2012. – 460 с.

8 Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. - Алматы: Атамұра, 2003. – 240 б.

9 Қожабеков Ғ. Ядролық қарусыз әлем көшбасшысы // Астана ақшамы. – 2012. – 11 қыркүйек. – 2 Б.

Резюме

Автор статьи: учитель истории школы-гимназии № 3 Курчумского района Восточно-Казахстанской Мергембаева Сара Нурмагамбетовна.

Вданной статье показаны все периоды становления республики, как независимого государства, от принятия Конституции, Декларации независимости и до сегодняшних дней. Вней рассматриваются самые яркие и значимые события государства, также раскрывается особые моменты становления суверенного Казахстана во главе с Президентом.

Summary

Author of article: Sara Nurmaganbetovna Mergembaeva, history teacher of the Grammar School № 3of Kurshim District of East Kazakhstan Province.

This article include entire periods of republic formation as independent state, from adoption of the Constitution, the Declaration of independence till this day. The article also include brightest and significant events of period of republic formation as independent state led by the President of Kazakhstan.

С.Н. Мергембаева,

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,

№3 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз