Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ою-өрнек  - ұлттық дүниетаным айнасы

29126
Ою-өрнек  - ұлттық дүниетаным айнасы - e-history.kz

Ою-өрнек  - ұлттық дүниетаным айнасы

Қазақ ою-өрнегінің тарихы терең, түрі көп, өресі биік, өрісі кең әрі көрікті, өміршең, халықтық сипаты мол жасампаздық. Шеберлер ою-өрнектің түрлі нұсқаларары арқылы қазақ сахарасының көшпелі тұрмысын, әдет-салтын, көркем табиғатын, сол уақыттағы болып жатқан түрліше жағдайларды өз келбетімен алдыңызға жайып салады.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ғалымдар әзірше екі жүздей түрін ғана анықтады.

Көшпенділерді қоршаған тарихи орта, мал өсіру, егімшілік кәсібі, сондай-ақ көктемнің алғашқы күндерінен бастап гүлдейтін бәйшешектер, қызғалдақтар мен қазақтың кең жаласында өсетін мыңдаған өсімдік түрлері бейнелеу өнерінде шеберлердің дүниетанымын байытты. Ғасырлар бойы табиғат қас шеберлерге небір тамаша туындылар силады.

Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғартады. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат қойып, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан, қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, ең көп түрі және әр түрлі мәнер жасауға жиі қолданылатын түрі «мүйіз» тектес ою-өрнектер. Ою-өрнектің бұл тобын қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні деуге болады. Өйткені барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған.

Қазақ шеберлері өз қолөнер туындыларына түрлі бояуды пайдаланғанда, оның нышандық мәнін түсінген. Өйткені, бояу мен түсті қолөнерге ұтымды пайдалану, әрбір елдің өзіне тән ерекшелігі мен талғамын танытады.

Қазақ қолөнерінде қолданылатын түстердің символдық мәні аса зор.

Көк түс – аспанның, еркіндіктің; ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың; сары түс – білімнің, даналықтың, қайғы-мұңның; қызыл түс – оттың, күн көзінің; жасыл түс – жастықтың, көктемнің; қара түстіжердің, берекенің символы етеді. Бұйымдағы ою-өрнектер осы түстердің бірімен бейнеленгенде ғана оған белгілі мән беріледі.

Сөйтіп, халық қолөнерінің ертеден келе жатқан көркемдік тәсілдері, өнердің бүгінгі таңда өркендеуіне негіз қалады. Халқымыздың ою-өрнек өнері - киіз басу, киіз ою, тігу; кілем, ши тоқу, сызушылық, тоқымашылық, зергерлік, сәулет өнері сияқты күнделік бұйымдардың бойына әбден сіңірілген.

Шеберлер ою-өрнекке еш қоспасыз табиғи түстер ғана пайдаланған. Халқымыздың мұңын, сағынышын, қуанышы мен бейбіт өмірін ою-өрнектегі түстердің, бояулардың құбылуынан байқауға болады. Шеберлер тоқыған кілем мен шымши немесе алашадан табиғаттың төрт маусымын көруімізге болады. Олар жасыл дала, биік тау, қалың орман мен тау қойнауында ағып жатқан мөлдір бұлақ көрінісін тұспалдап, ұтымды түс бере білген.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?