Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Аталар мирасы» жобасының алғашқы 10 томы жарық көрмек

1570
«Аталар мирасы» жобасының алғашқы 10 томы жарық көрмек  - e-history.kz
Түркі кеңесі Мемлекет басшыларының Шолпан Атада өтетін келесі жылғы саммитіне дейін «Аталар мирасы» көптомдығының алғашқы 10 томы жарық көретін болады

Бұл туралы Астанадағы Халықаралық Түркі академиясында өткен түркі әлемі әдебиет институтары басшыларының жиынында белгілі болды.

Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетелік, биыл Астанада өткен Түркі кеңес Мемлекет басшыларының бесінші саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Халықаралық Түркі академиясына «Аталар мирасы» атты ғылыми жоба аясында түркі халықтарының әдеби мұраларын жинақтап басып шығаруды тапсырған болатын. 

Бүгін аталған тапсырманы орындауға алғашқы қадам жасалып, түркі әлемі әдебиет институттары басшылары көптомдықты бірлесіп әзірлеуге уағдаласты. Жобаның жүзеге асырылуын Халықаралық Түркі академиясы үйлестіріп отырмақ. 

Сондай-ақ Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен өткізілген маңызды шараның бірі – түркі дүниесі әдебиет институттары басшыларының жиыны. 

Түркі әлемінің Ұлттық ғылым академиялары одағы шеңберінде өткен жиынға Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, Низами атындағы Әдебиет институтының директоры Иса Габиббейли, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Абдылдажан Акматалиев, Түрік тілі қоғамының төрағасы Мустафа Качалин, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов, Татарстан Ғылым академиясы Ғ.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының директоры Ким Минуллин, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан және бірқатар БАҚ өкілдері қатысты. 

Алқалы жиынды Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Астанада өткен Түркі кеңесінің 5-саммитінде берген тапсырмасы бойынша қолға алынып жатқан «Аталар мирасы» ғылыми жобасы, сонымен қатар «Ортақ түркі әдебиеті» оқулығының тұжырымдамасы талқыланды. Аталған жобаларды іске асыру үшін әдебиет институттары арасында әріптестік жөніндегі келісім жасалды. 

Қатысушылар жиын барысында күн тәртібіндегі өзге де мәселелер жөнінде жан-жақты пікір алмасып, бірқатар маңызды шешімдер қабылдады. Айта кету керек, бұған дейін Халықаралық Түркі академиясы «Ортақ Түркі тарихы» оқулығын әзірледі. Оқулық үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде өткен Түркі кеңесі Мемлекет басшыларының бесінші саммитінде жоғары бағаланды. Академия осы игі бастаманы жалғастырып, түркі халықтарына ортақ әдебиет пен география оқулықтарының жалпы нұсқасын дайындауда.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?