Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Күршімде Көкжал Барақ батырдың ескерткіші ашылады

4659
Күршімде Көкжал Барақ батырдың ескерткіші ашылады  - e-history.kz
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде тойланып жатыр. Соның бір айғағы ретінде Күршімде хас батыр Көкжарлы Көкжал Барақтың ескерткіші ашылмақ

Қазақ хандығының 550 жылдығы! Елбасының үндеуімен тарих сахнасынан әділ бағасын алған осы бір қасиетті мерейтойдың Республика көлемінде ерекше аталып өтуінің саяси һәм тарихи маңызы зор. Себебі, бұл күн – өлгеннің тіріліп, өшкеннің жанған күні. Ұлы күннің ұлылығын ұрпаққа үлгі-өнеге ету мақсатында күршімдіктер де іргелі тойға сүбелі үлесін қосуда. 

Ауданда қазан айының соңына дейін салтанатты түрде жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық туын көтерген Көкжарлы Көкжал Барақ батырдың ескерткіші ашылмақ. Батырдың ескерткіші алыстан көз тартады. Аудан әкімдігі даңқты баһадүрге ескерткіш тұрғызу жұмыстары Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылғанын айтып отыр. Игі бастаманы бұрынғы аудан әкімі, марқұм Алтайбек Сейітов қолға алған екен. 

b7489d49b56ede519099633fe14724eb.jpg

– Осы идея негізінде республикалық «Казахстанская правда» газетіне ескерткіш әзірлеуге хабарлама берілді. Байқауды Алматы қаласының «Арқанат» ЖШС-і жеңіп алды. Ескерткіш авторы – Рахиев Тоқтарбек. Оны орнатуға 68 832, 4 мың теңге бөлінген. Ескерткіш қоладан жасалған, – дейді аудан әкімінің орынбасары М. Қалелов. Ескерткіштің құрылысын толығымен аяқтау жұмысы Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорны мен «ТНУ» ЖШС-нің мердігерлігімен жүзеге асырылуда. 

Әкімдіктің хабарлауынша, құрылысы ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін толығымен аяқталмақ. Айта кету керек, ауданнан бөлек облыс орталығының 19-шағын ауданында да Барақ батырдың атында көше бар. Биылғы жылды есепке алсақ, бұл ескерткіш – өңір бойынша батырларға арналып тұрғызылған мүсіннің үшіншісі. Осы уақытқа дейін Абай ауданында Мамай батыр мен Тарбағатай ауданында Дәулетбай батырға ескерткіш орнатылған болатын. Еркіндік үшін жоңғардың жонын тіліп, қабырғасын қаусатқан батыр бабалардың рухын жаңғырту мақсатында қолға алынған игі бастама өзге аудандарға да үлгі боларлық игі іс екені даусыз.

d5966d7946a910804d8260db10f9f219.jpg

Көкжал Барақ Шүрекұлы (1702-1772) – жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы күресте қол бастаған даңқты батырлардың бірі. Орта жүздің Найман руының Ергенекті – Көкжарлы буынынан шыққан. Қазіргі Күршім ауданында дүниеге келген. «Көкжал Барақ» деген атпен үш жүзге мәшһүр болған тарихи тұлға. XVІІІ ғасырда Қазақ елін қанымен, жанымен қорғаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Наурызбай, Ер Жәнібек батырлармен тізе қосып шүршіт пен қаһарлы жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы ерлік көрсеткен, Қабанбай қолының бір қанатын – көкжарлы сарыжомарт руынан құрылған сарбаздарды бастап, шығыстағы Ертістің оң жағалауынан Алтай тауларына қарай кететін кең алқапты жаудан азат ету ұрыстарына қатысқан. Боранбай, Кешу, Ботағара, Шынқожа тағы басқа батырлармен бірге Аягөз жазығы, Алакөл жағалауы, Шыңғыстау, Тарбағатай баурайында жоңғарларға қарсы ұрыстарда ерлігімен көзге түскен. Барақ батыр әйгілі Аңырақай, Бұланты, Шыңғыстау, Шаған, Шорға шайқастарын басынан кешірген. 

Ал ауданнан қалмақ батыры Күршімнің есімін аластап, Көкжал Барақ деп атау мәселесі әлі де өзекті. 

Аян ӨРІБАЕВ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?