Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Демин әулетінің дәрігерлік еңбек өтілі 140 жылдан асады

1578
 Демин әулетінің дәрігерлік еңбек өтілі 140 жылдан асады - e-history.kz
Жоғары дәрежелі дәрігер атағын алып, Астана қаласынан шыққан Деминдер отбасы 140 жыл бойы медицина саласында қызметін атқаруда

Николай Александрович қарапайым отбасынан шықты. Анасы білім алмады, үй шаруашылығымен айналысқан. Әкесі шіркеу мектебінің 3 сыныбын бітіріп, жұмысшы болып еңбектенді. Николай Демин 15 жасынан бастап медицина саласына қызығушылық білдіре бастады, өйткені немере ағасы Иван Николаевич Ұлы Отан соғысы кезінде әскери хирург болып еңбек етіп, майдандағы өзінің басынан кешкен қиыншылықтары туралы айтып жүретін. Немере ағасының әңгімелерін тыңдап өскен. Николай Александрович өз өмірін медицинаға арнауға бел буды. 1964 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетіне оқуға түсті. Содан бері Демин дәрігерлер әулетінің тарихы басталды.

bb9e2b7dc07d583b604c707c51b46c69.JPG

Ол кезде Алматы қаласындағы мемлекеттік медицина университетінің студенттері 4 факультетте білім алды: емдік, санитарлық-гигиеналық, педиатрлық, фармацевтикалық. Николай Александрович санитарлық-гигиеналық факультетті таңдады. Студенттерді егін жинау жұмысына жиі жіберетін еді. Николай да қыркүйек айында институтқа қабылданып, басқа студенттермен бірге астық жинауға барды. Оны бригадир етіп тағайындады. Сонымен бірге, егін даласында болашақ жары Лариса Михайловнамен танысты. 

71e9b6d9eef0bc9d0b6b0314c0ef259b.JPG

Институтта оқып жүрген Николай Александрович комсомол ұйымының хатшысы қызметін атқарды. Өзін тәрбиелі, жауапкершілігі мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер ретінде танытты. 

Николай Александрович қарапайым отбасынан шыққандықтан, еңбекті бағалап өскен, өйткені ата-анасы небір қиыншылықтарды басынан өткерді. Ол институтты үздік тәмамдап, төртінші курста оқып жүргенде Лариса Михайловнаға үйленді. 

e12481a8c9f66fed626e86f4ec9da8a7.JPG

1954 жылы маңызды тарихи науқан – тың және тыңайған жерлерді игеру орын алды. Бұрынғы Совет Одағының құрамына кірген барлық республикалардан ондаған мың жас Қазақстанға келген. Содан бері Қазақстан аумағында қарқынды құрылыс жұмыстары басталды. 

– Егер Қазақстанның даму тарихы естеріңізде болса, республикадағы сол уақытқа дейінгі халықтың тығыздығы бір шаршы метрге шаққанда 4-5 адамнан болған. Ал тың игеру кезеңінен бері бұл көрсеткіш екі есеге өсті. Осы кезде Ақмола облысында 300-ге жуық елдімекен салынған. Одан кейін денсаулық сақтау жүйесі қарқынды дами бастады. Жұбайыммен бірге сол өлкеге барып, бұл тарихи оқиғаға атсалысайық деп шештік. 1964 жылы Целиноград қаласына келдік. Бұл жерде туған-туысымыз, таныстарымыз жоқ еді... Қалада өлкелік денсаулық сақтау орталығы жұмыс істеді. Меңгерушісі Василий Михайловичпен алғаш кездескенде, ол кісі маған былай деді: «Жас жігіт, қазақстандық Швейцария – Қорғалжын ауданына барасың ба?». Бұл мезгілде Ақмола облысының аудандары арасында Қорғалжын ауданында ең аз халық тұрып жатты, ауданның өзі де дамымаған еді. Содан соң Василий Михайлович мені өлкелік санитарлық-эпидемиологиялық станцияға жіберді... 

Осылайша Николай Александрович өлкелік санитарлық-эпидемиялық станцияда жұмыс істей бастады. Одан кейін облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станцияға ауысты. 1971 жылы Целиноград қаласының бас санитарлық дәрігері етіп тағайындалды. 

Бұл – өте жауапты қызмет, өйткені қаланың санитарлық ахуалын бақылап, сауда нысандарының, су мен тамақтанудың сапасын тексеру қажет. 

– Бас санитарлық дәрігердің қызметін 11 жыл бойы атқардым. Сонымен қоса халық депутаттары қалалық кеңесінің мүшесі болдым. Атмосфералық ауаны қорғау комиссиясын басқардым. 1982 жылы облыстық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары етіп тағайындадым. Орынбасар аудандағы барлық емдік бөлімдердің жұмысын ұйымдастырып жүрдім. Осы қызметті 1995 жылға дейін атқардым. Бұдан кейін «Медстандарт» облыстық орталығы директоры қызметіне ауыстым. Ол кезде аймақты емдік заттармен қамтамасыз ету жүйесі де, оларды өткізу кезіндегі бақылау да дағдарысқа ұшырады. Облыстық дәріханалардың басқармасы жабылуға жақын қалғандықтан, кез келген адам дәрі-дәрмектерді қалаған жерде сата бастады... Облыстық дәріханалар басқармасын таратқаннан кейін бұл жағдай бақылаусыз қалды. Орталықты құрап, мамандарды өзім жинадым. Жөндеу жұмыстарын да өзіміз жүргіздік. Одан соң шеберхананы ашып, оны стандарттау және сертификаттау орталығы ретінде тіркедім. Тәртіп орнаттық... Қаладағы дәріханаларды лицензиялап, бұл мәселені де шештік. Қазіргі кезде қаладағы дәріханалардың ахуалын өздеріңіз көріп отырсыздар. 

Николай Александрович ЖИТС-тің (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы) алдын алу және оған қарсы күрес орталығында бас дәрігердің орынбасары болып қызмет етті. Мекеме қабырғасында Астана қаласындағы АИТВ-тің (адамның иммун тапшылығы вирусы) деңгейін төмендету бойынша екі бағдарлама әзірледі. 

Ол 2006 жылға дейін осы жұмыстарды атқарып жүрді. Содан соң дәрігер-эпидемиолог ретінде қан орталығына шақырылды. Қазіргі таңда қан арқылы берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу мәселесін зерттеуде. Қан орталығында арнайы бағдарламаны дайындады, донорлыққа қарсы көрсеткіштері бар тұлғалардың базасын жинақтады. Дәрігердің еңбегі – көзге елеусіз болғанмен, көп зейін мен қажымас қайрат талап ететін, қоғам үшін маңызды жұмыс. 

Николай Александрович қызмет бабымен көптеген қиыншылықтарды көріп, маңыздылығы жоғары мәселелердің шешуіне де атсалысты. Осылай, канализациялық сорғы станциясы салынбағандықтан, шойын қорыту зауытының құрылысын аяқтау жөнінде актіге қол қоймады. 

«Жақсы дәрігер – жауапкершілігі мен қайырымдылығы мол адам. Жоғары білімді маманның бойында осындай қасиеттер жоқ болса, одан тәуір дәрігер шықпайды», – деді Николай Демин әңгімесінің соңында. 

Қазіргі кезде Демин Трансфузеология ғылыми-өндірістік орталығында жұмыс атқаруда. Мекеменің қызметкерлері оны «Ақсақал» деп атайды. Биыл Николай Александрович 76 жылға толып, медицина саласында да 51 жыл еңбек етуде. Ол – дәрігерлер әулетінің негізін қалаушы. Отбасының барлық мүшелері – зайыбы, қызы, ұлы да аталмыш салада қызмет етуде. Демин әулетінің дәрігерлік еңбек өтілі 140 жылдан асады.

 Мирас НҰРЛАНҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?