Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Тарих – бұл өзара байланысқан оқиғалар тізбегі»

2911
 «Тарих – бұл өзара байланысқан оқиғалар тізбегі» - e-history.kz
Еліміздің бай және қайталанбас мәдениет жайында бүкіл әлемнің ғалымдары көне заманнан бері жазып келеді... Бүгінгі таңда шетелдік зерттеушілерді Қазақстанның қай кезеңі қызықтыруда?

Харун Йылмаз — тарих ғылымдарының докторы, Мария патшайым Лондон университеті (Queen Mary University of London) жанындағы Британ Академиясының ғылыми қызметкері. Доктор Йылмаз Орта Азия, Кавказ, Украина бойынша аймақтық сарапшы болып саналады. Ол жарыққа шығарған ғылыми еңбектерінің арасында грузин-араб қарым-қатынастары (2009), Қазақстан (2012, 2013) мен Әзірбайжандағы (2013) кеңестік ұлттық танымды қалыптастыру жайында зерттеулері бар. Сонымен бірге, ол Оксфорд университетінде «Тарих» және «Халықаралық қатынастар» пәндері бойынша сабақ береді. Бүгін доктор Йылмаз Қазақстан тарихы бойынша өз зерттеулерінің нәтижесі туралы айтып береді.

 — Өзіңіз жайлы айта кетсеңіз. Қазақстанға жиі келіп тұрасыз ба? 

— Мен Стамбулда дүниеге келдім. Оксфорд университетінде магистратураны бітіріп, докторлық дисертацияны қорғадым. Диссертациямның тақырыбы: «Сталин кезіндегі Қазақстан, Украина және Әзірбайжан тарихының жазылуы». Диссертация жаза бастағаннан мен ұлттық тарих пен біркелкілік (тұлғаның өзін белгілі бір топқа жатқызуы, өз рөлі мен статусын түсінуі) тақырыптарына ден қоя бастадым. Сонымен қоса Гарвард университетінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істедім. Қазіргі кезде Британ Академиясының ғылыми қызметкері болғаныммен, Лондон университетінде сабақ беріп жатырмын. 1999 жылдан бастап Қазақстанға жиі келіп тұрамын. Ал Қазақстанға мен жұмыс бабымен (зерттеу жобасымен айналысқанда). Әдетте менің Қазақстандағы сапарларым бірнеше айға созылады. 

— Қазіргі кезде қандай тарихи тақырыпты зерттеп жатырсыз? 

— Бүгінгі таңда мен Қазақстан және Әзірбайджандағы жаңа (кеңестік дәуірден кейінгі) ұрпақ өз өткенін қалай түсініп жүргендігін зерттеп жүрмін, сондықтан зерттеу тақырыбым да осы деп айтуға болады. Бұл тақырып Ресей, Балтық бойы, Украина елдерінде өзекті болып саналады, дегенмен, Орта Азия және Кавказда жақсы зерттелмеген. Аталмыш жобамен осы жылдың қыркүйек айынан бастап айналысып келемін. 

— Сіз қазақстандық ғалымдармен де жұмыс істейсіз бе? 

— Мен жобаларды жүзеге асырғанда қазақстандық ғалымдармен бірге жұмыс жасадым. Қазіргі кезде жобам өз дамуының бірінші сатысында, сондықтан да әзірге қазақстандық ғалымдармен бірлесіп жұмыс істей алмадым, дегенмен, егер осындай ұсыныстар болса, онда ынтымақтастыққа әр уақытта дайынмын. 

— Сіздің ойыңызша, Қазақстан тарихындағы қандай оқиға әлі толық зерттелмеген? 

— Кеңестік дәуір кезі мен Қазастан Тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі уақытта көптеген маңызды зерттеулер жасалды. Қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы бар, әртүрлі тарихи кезеңдер де болған, мысалы, моңғол шапқыншылығы, жоңғар шапқыншылығы, Қазақстанның Ресейге қосылуы және тағы басқалар. Осы тарихи кезеңдердің әрқайсысы ғылыми зерттеулерге көп мүмкіндік береді. Кеңес өкіметі кезінде (Қазақстан тарихындағы ең соңғы өзгерістердің уақыты) халық басынан сан қилы оқиғаларды кешті. Жақында болған оқиғаларды түсіндіру — оңай шаруа емес, сондықтан да бұл дәуір болашақ зерттеулер үшін сан-алуан тақырыптарды тудырды. 

— Қазақстанда орын алған қандай оқиғалар еліміздегі қалыптасқан жағдайларды түсіндіре алады?

 — Тарих — бұл өзара байланысқан оқиғалар тізбегі. Бірінші оқиғаны зерттеп отырсаңыз, онда екінші оқиға оның жалғасы ретінде пайда болады. Менің ойымша, тарихтың бір ғана оқиғасы барлығын (қалыптасқан жағдай) танудың кілті деп қабылдауға болмайды. 

— Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Қазақстанда қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы мерекеленетінін мәлімдеді. Жалпы сіздің осыған қатысты ойыңыз қандай? 

— Бұл керемет идея деп айтуға болады. Ұлттық біртұтастық мәселесі бойынша сарапшы әрі тарихшы ретінде осы мерекенің тойлануын қолдаймын. Бұл қазақтардың мемлекеттігі мен тарихы болғандығына күмәнданмен қарайтындарға тамаша дәлел болады. Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған шаралар елдегі басқа мерекелік күндердің тойлануына жол ашады. Қазақтарда ұлы қолбасшылар, дана хандар және дала соғысындағы керемет жеңістер бар. Осындай ұлы есімдер және атаулы оқиғалар тұңғыш хандықтың құрылуына орайластырылған мерейтоймен аталып өтуі тиіс. 

Сұхбаттасқан Динара ТАУКЕБАЕВА

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?