Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Чурюмов-Герасименко құйрықты жұлдызы. Алматылық жаңалық

2438
Чурюмов-Герасименко құйрықты жұлдызы. Алматылық жаңалық - e-history.kz
Еуропалық ғарыш агенттігінің «Rosetta» аппараты 67P/Чурюмов-Герасименко құйрықты жұлдызына 10 жылдан асқан уақыттың ішінде ұшып келе жатты. Комета алғаш рет Қазақстанда ашылған.

Бүгін газет және ғылыми журналдардың беттеріндегі шығып жатқан мақалаларда, теле- және радиобағдарламаларда Еуропалық ғарыш агенттігінің ақылға сыймайтын жетістігі («Philae» модулі алғаш рет 67P/Чурюмов-Герасименко кометасына қонған) жайында айтылып жатыр.

Дегенмен, жарқылдайтын туманды дақтан және құйрық тәрізді жарқылды аймыштардан құралған аспан заты алғаш рет Қазақстанда, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтында ашылғанын көптегендер біле бермейді. 

67P кометасы кездейсоқ ашылды. 1969 жылы Астрофизика институтының обсерваториясында (Камен үстірті, Алматы қаласының жанында) Киевтен келген жас астраномдар Клим Чурюмов пен Светлана Герасименко ғылымға белгілі аспан денелеріне бақылау жүргізіп жатты.

f01fa713f13099b74777df6dc071e969.jpg

Клим Чурюмов және Светлана Герасименко 

«1969-70-ші жылдарында мен және Света Герасименко аспиранттар болып жүрдік. Мен Алма-Атыдағы Астрофизика университетінде (оқытушы Д. А. Рожковский сабақ берді) оқып жатсам, ол — Киев университетінде (құйрықты жұлдыздар бойынша маман С.К Всехсвятский сабақтарды өткізді) білім алып жатты. Біз кезек бойынша аспан денелеріне бақылау жүргізіп жаттық. Сонымен бірге, біз бір жатақханада тұрып, қуаныш пен реніштерімізді бірге бөлісіп жүрдік. Міне, осылай достасып кеттік», — деп есіне алып жатты Светлананың досы Лариса Павловна.

379b756701c141601274b9ee19381865.jpg

Бақылауға дайындық. Алма-Аты қаласында орналасқан Астрофизика институтының қызметкерлері 

Осы кезде көптеген кеңестік республикалардан Алма-Аты қаласына ғалымдар келді. 1950 жылы Камен үстіртінде орналасқан обсерваторияда бұл уақыттағы өте сирек кездесетін, аса бағалы Мансұров телескопы болды. Аппараттың көру шегі үлкен болғандықтан, телескопқа түсірілген суреттер айқын бейнелерді көрсетті.

10ea50504b3c0e2fa7edf1da7bb79d9a.jpg

Алма-Аты қаласындағы алғашқы үлкен телескоп, 1950 ж. 

«Телескоптың осындай мүмкіндіктерінің арқасында, құйрықты жұлдызды кездейсоқ табуға болады», — В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының жетекші ғылыми қызметкері Любовь Шестакова айтты. 

ff4dee928c32d5c39f4cc8dcf6988b38.jpg

50-сантиметрлы Мениск телескопы 

Оның үстінде Алатаудың баурайындағы обсерватория аспан денелерін анықтауға барынша қолайлы еді. 1969 жылдың жаз мезгілінде киевтік астраномдар әр 20-30 минуттың ішінде түнгі аспанның аймақтарын 2 рет түсіріп жатты. Осындай жаңа техниканың арқасында уақыт бойымен өзгеріп отыратын аспан денелерін бақылауға мүмкіндік пайда болды. Әртүрлі уақытта түсірілген бейнелерді толық зерттеуге де мүмкіндік ашылды. Осылай, белгісіз болып келген жаңа аспан денесін де табуға мүмкіндік пайда болады.

1969 жылдың 11 қыркүйегінде Светлана фотосуреттерді өңдей отырып, ақауларды байқап алды. Светлана осындай ақаулары бар фотосуреттерді қоқысқа лақтырайын деп, бірақ өз шешімінен бас тартып, бұл фотосуреттерді өзімен бірге Украинаға алып кетеді. Осы елде болғанда ол бір күні телескоп арқылы түсірген фотоларды қарап отырып, бұрын-соңды ғылымда белгісіз болып келген жаңа аспан денесін тапты. Бұл — бүгінде әлем ғалымдары үстіне ғарыш құрылғысын қондырған 67P/Чурюмов-Герасименко кометасы болатын. 

Аталмыш комета алғаш рет Қазақстанда, анықтап айтсақ, В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтында ашылған. Ол қысқа мерзімдік құйрықты жұлдыздардың тізімдемесіне (бірыңғай заттардың белгілі тәртіппен жасалған тізімі) енгізілді. Ол (пайда болғанда) бақылауға алынды. Кометаның зерттелуі 2015 жылдың желтоқсанына дейін жалтастырады. 

Светлана Герасименко 40 жылдың ішінде Душанбе қаласында тұрып жатыр. Ол Алма-Аты қаласында өткізген уақытын есіне жиі ала отырып, қазақстандық достарды ұмытпады.

«Біз қазіргі уақытқа дейін де араласып, хабарласып тұрамыз, өйткені жастық шақта кездескен достар өмір бойы сізбен бірге болады», — деп жылы шырайлы жүзбен жымиып қарады Лариса Павлова.

Мақала В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының қолдауымен дайындалған

Инна Кузьменко

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?