Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Маңғыстау облысында діни-жерлеу кешені зерттелуде

1771
Маңғыстау облысында діни-жерлеу кешені зерттелуде - e-history.kz
Археолог Андрей Астафьев Маңғыстау облысында биыл өткізілген қазба жұмыстары жайлы өз пікірін айтты.

2014 жылдың маусымында «Тарих толқынында» бағдарламасының аясында Маңғыстау облысында орналасқан «Алтынқазған» діни-жерлеу орталығының алдын ала археологиялық зерттелуі аяқталды. Зерттеу барысында ескерткіштің аумағы (130 га), құрылымы және тарихи жасы анықталды. 

6dcb7c3d92fe9bbb0e555e7276529539.jpg

Алдын ала зерттеу барысында үймелері бар 5 қорған және 198-ден астам археологиялық ескерткіш табылды. Қорғанның диаметрі (заттың (нысанның) орталық нүктесінен өтіп, екі нүктесін тұтастыратын тура сызық) — 25-30 метр, ал биіктігі — 0,8-1,2 метр. 

14e5bd1ce5af0db9f52f4611ece8a99a.jpg

a15943cac983d9f42efec5f74f071263.jpg

Ескерткіштер бес төбеде топтастырылған түрде орналасқан. Құрылыстардың көбі діни мақсаттарға арналған еді. Археологтар негізгі кешеннің топоргафиялық түсірілімін жасап үлгерді. 

Бұрын ескерткіш аумағында металл детекторы көмегімен металлардың үлкен топтамасы табылды. Енді біз күміспен күптелген ерлерді (салт атқа мінуге арналған әбзел-жабдықтар жиынтығы) де тауып алдық. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда, бірақ біз әртүрлі металлардан тұратын үлкен бір топтаманы жинап алып, металлдардың көбі әбзел-жабдықтардың безендірілуіне қатысты екендігін айқындадық.

5ea926bbd824883142a55513e207cb5d.jpg

87e6bc42e48d04c38fdeecb99672c557.jpg

Бұйымдардың бір бөлігі жалатылған мыс негізіне салынған, алтыны бар қабатты престелген күмістен қалыптау (металды қалып арқылы дайындап шығару) арқылы өндірілген. Кейде бұйымдарды әшекерлеу үшін кәріптас пен шыны сияқты материалдан жасалынған заттар пайдаланылған. Осы заттардың кейбіреулері Ғұндардың Ұлы көші оқиғасының ескерткіштеріне ұқсас болып келеді. 

808168de60b39946f33908f50dcc615f.jpg

4466485b8526417f6cbd4a0d90291437.jpg

be418bd480e511db66b9591c9251d918.jpg

Олжалардың орналастыруына байланысты мынадай қорытынды жасауға болады: оларды құрбандық заттар ретінде қолданған. Археологтар төрт нысанды қазып алды: қорғанды, екі тікбұрышты дуалды, тақта оба түріндегі тұрғызған жерді. Қазба жұмыстарының барысында келесі мәліметтер анықталды: ежелгі кезде қорған діни кешен ретінде пайдаланылған, бірақ ол әлденеше рет болған тонаулардан көп зардап шеккен.

Дуал іргетасының жанында катакомб (көне дәуірлерде діни салт-жоралғылар мен ғұрыптар өткізуге, адам жерлеуге пайдаланылған табиғи немесе қолдан істелген үңгір) түріне жататын жерлеу табылды. Осы катакомбада әйел мен оның баласы жерленген. Басқа табылған заттардың ішінен бордан жасалынған бөлмеге хош иісті түтін шығаратын аспап, балшық сауыттар (су құюға арналған ыдыс) көзге ерекше түсіп тұрады. Тақта құрылыстың іргетасында қосымша жерлеу орны орналасқан, мұнда жасөспірім белгісіз бір жануармен бірге жерленген. Мұнда темірден жасалынған бұйымдар да бар: үзеңгі (ер-тұрман әбзелдерінің бірі), белдіктің екі айылбасы, жебе және кішкентай пышақ. Осы заттарға қарағанда, жерлеу орнын біздің заманымыздың X ғасырына жатқызуға болады. 

36ac45b7efd344d7fc4bb4adfe6058d0.jpg

28a397ad87dc7c8b4b3164138fc44731.jpg

3ddaaf2ee0bf8f90ae9028db8e4499ca.jpg

7f8ec1c0a0cc98a2a326741306ab565e.jpg

Болжамдар бойынша, «Алтынқазған» діни-жерлеу орталығы біздің дәуіріміздің III-V ғғ. екінші жартысында пайда болған.

Алдын ала жасалған қорытынды бойынша, «Алтынқазған» діни-жерлеу кешенін антикалық дәуірдегі және ерте ортағасырлық көшпенділердің бірегей кешені ретінде қарастыруға болады. Басқа болжам бойынша, бұл кешенді алан тайпалары салған. 

Жақында Маңғыстау облысының тұрғындары Халықтардың Ұлы көшіне байланысты көптеген қызықты, бұрын белгісіз болған мағлуматтарды біліп қояды.

Андрей Астафьев

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?