Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жаппай саяси қуғын-сүргін ісіне күні бүгінге дейін нүкте қойылмаған

1360
Жаппай саяси қуғын-сүргін ісіне күні бүгінге дейін нүкте қойылмаған - e-history.kz
ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., Бүркітбай Аяған біздің Порталға Кеңес Одағында миллиондаған жазықсыз адамдарды қырған қуғын-сүргін жайлы айтып берді.

Қазақстанда саяси-қуғын құрбандарға арналған бірнеше мұражайлар салынды, кітаптар басылып шығып жатыр, фильмдер түсірілуде, пікірталастар жалғасуда. Сол зұлымдық жылдар туралы естелік мұрағат текшелерінде шаңдалмай, өмір сүруде. Жаппай саяси қуғын-сүргін ісінде нүкте әлі қойылмаған: ІІХК мұрағаттарының, саяси бюро отырысытар құжаттамасының мағынасын ашу, есімдерді оңалту бойынша жұмыс көп. Бүгінгі күнге дейін ешкім миллиондаған құрбандар мен отбасылар алдында айыбын мойындаған жоқ…

-Кеңес Одағындағы саяси қуғын-сүргін табиғаты туралы айтып беріңізші. Неге олар соншама ауқымды болып, адамгершілікке жат болды?

— Қазір қолымда француз тарихшысы, Кеңес Одағы бойынша ең ірі маман Н. Вертың кітабы бар. Батыс тарихшылары сталинизм және қуғын-сүргін табиғатын бізден бұрын зерттеген. Әлі-де қуғын-сүргіндердің нақты санын айта алмаймыз. Верт жазғандай, ол 4,5 миллионнан 12 миллион адамға дейін жеткен. Бұл үрейлі сан! Көптеген адамдар жазықсыз еді, оларда сотт емес, «үштік» жазалап, соттан тыс орган соттады. «Үштікке» аудан комитетінің бірінші хатшысы, ауатком төрағасы және жергілікті ІІХК бастығы кірді.

Лагерьде отырған санын есептеу қиыні, себебі статистика штабтары Қазақстанда орналасқан ІІХК-да жүргізілді. Лагерьлер кеңес республикаларында үкімет органдарына бағынған жоқ. Тұтқындалғандардың болжамды санын азық-түлік карточкалар арқылы көруге болар еді, бірақ бұл да нақты деректер емес: көптеген карточкалар жойылып кеткен немесе жоғалды.
Чекистердің естеліктері негізінде біз бұдан да үрейлі көрініске көз жеткіздік: орталық ІІХК-дан үкімі алдын ала шығарылған істер алынды. ІІХК-нің жергілікті органдары бос бағананы ғана толтыруы керек еді. Лагерьлерде негізінен зиялылар және партиялық номенклатура өкілдері отырды. Иә, әрине, бірақ қуғын-сүргіндегілердің 70–80% лагерьлерге болмайтын кінә үшін түскен қарапайым адамдар еді. Партия жұмысшы тобының ұлықтығын жариялады, бірақ сотталғандардың көбі жұмысшылар мен шаруалар болатын.

a5238e41c03bd0e9dbfc329a928336b5.jpg

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының тізімі, Ақмола облысының ішкі істер Басқармасы жариялаған.

Неге қуғын-сүргін КСРО-да соншалықты жан түршігерлік жағдайда өтті? Бір-де бір ел мұндайға ұшыраған жоқ. Қуғын-сүргіннің қаталдығы: отбасы иесін тұтқындаса, онда оның барлық отбасы бұдан зардап шекті. Әйелдерін «халық жауын» жасырғаны үшін лагерьге жіберді, ал балаларын балалар үйіне жіберіп отырды. Кеңес Одағы аумағында бірнеше әйелдер лагері болды, бұндайды жасау Гитлердің өзі-де ойлаған жоқ. Әйелдерге арналған лагерьлердің бірі Қазақстанда орналасты. Одан 18 мыңдай әйел өтті, олардың 99% «халық жауының" жұбайы болғаны үшін сотталды.

Жазаланған ата-аналардың балаларын (егер олар бірнеше болса), „кеңеске қарсы топтарды“ құрмау үшін әр түрлі балалар үйлеріне орналастырды. Мысалы, Тұрар Рысқұловтың қыздары әр түрлі балалар үйлеріне түсті. Бейімбет Майлиннің үш баласы да сондай тағдырға тап болды.

Большевизм негізі — тоталитарлық өкімет. Адам өмірі түкке-де тұрмады. Сол үрейлі уақыттың оғаштығы: саяси бюро мүшелері немесе олардың отбасылары жиі репрессияға ұшырады. Мемлекеттегі екінші адам В. Молотовтың жұбайы Полина Жемчужникова бірнеше жыл лагерьде отырды, М. И. Калининнің жұбайы да сотталған. Ал күйеулері ештеңе болмағандай жұмыс істеді. Л. М. Кагановичтің ағасы да қуғын-сүргінге ұшырады. Заңсыздық өріс алды, адам мүлде қорғаусыз болды.

-Тұтқындарды бір жерде ұстайтын лагерьлер жүйесі қандай себептерге байланысты жұмыс істеді?

— Себептердің бірі — экономикалық. Егер лагерьлерді орналасу аудандарына зейін салып қарасақ, бұл Магадан, Колыма, Қазақстан, Сібір, Қиыр Шығыс. Өнеркәсіп дамыған және темір жол салынған аумақтарда жұмысшылар жетпеді. Қарағандыдан Алматыға дейін салынған темір жолды тұтқындар салғанын көбі білмейді. Екібастұз, Қарағанды, Жезқазғанды да тұтқындар салды.

Лагерьлердегі аштық, індет, тұрмыс Т. Шаламов, А. И. Солженицын, Л. Э. Разгон шығармаларында жан-жақты сипатталған.

-Өз еңбектерін қуғын-сүргін жылдарына арнаған қазақстандық жазушылар мен тарихшылардың есімдерін атаңызшы.

— Қуғын-сүргін туралы айтып беретін көптеген қазақстандықтар, ғалымдар, зиялылар лагерьлерден оралған жоқ. Алайда М. Қозыбаев, Д. А. Шаймұханов, К. Нұрпейісов, тілші А. Тасыбековтың кітаптарын оқуға болады, онда лагерьден шыққан әйелдердің естеліктері бар. Негізінен тірі қалғандар еске алушылықты немесе көркем шығармаларды жазбай, мақалалар жазған.

Бүгінгі күнде отан тарихында бөлек тұлғалардың тағдырлары арқылы зұлымдық жылдарды сипттау тән болып келеді, олар: С. Сейфуллиа, Т. Рысқұлов, А. Бөкейханов және тағы басқалар.

-Ату, соттау жазалары қалай жүргізілді?

— РКФСР ҚК № 58 бабы болды, халықта ол „халық жауы“ бойынша бап» деп аталды. 58 баптың 1 тармақшасында «құқығын жою» деген түзетулер болды. Адамды құқығынан айырып, 10–15 жылға соттады, яғни бұдан кейін адам қоғам үшін өмір сүруін тоқтатты: хат алмасуға құқығы болған жоқ, туыстары оның қайда екенін білген-де жоқ. Көптеген ірі қайраткерлер осы бап бойынша сотталды.

Ату жазасы жөнінде айтатын болсақ, онымен жүйелі түрде әскери сот айналысты. Осы шешімдерде әділдік болды деп айтуға болмайды. Лагерьге жіберу немесе атып тастау дәйекті болған жоқ.

Сонымен қатар адамдарға әр түрлі жазба белгілері қосып жазылды: «ағылшын тыңшысы», «жапон тыңшысы». Бұрынғы түркістандық, дарынды скрипкашы А. Толғымбаевты, ағылшын тыңшысы ретінде соттады, алайда ол сол, ағылшындарды неміс тұтқынынан шыққанда өмірінде бір рет қана көрді. Айыптардың адам таңқаларлық болды. ІІХК онша қиялдаған жоқ: егер қазақты соттаса, оған «жапон тыңшысы» деген жазба белгісін ілді, ол қазақтар мен жапондардың сыртқы ұқсастығынан деп ойлаймын. «Тыңшылық" үшін баптар ең қаталдардың бірі болды.

-Қуғын-сүргіндер ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болмағаны белгілі. «Кеңес халқының жауларын» жою бойынша кампанияның қалай басталғаны туралы айтып беріңізші.

— Алғашқы жазалаушы қуғын-сүргіндер большевиктердің өкіметке келгеннен кейін басталды. Онда қуғын-сүргіндер негізінен Мәскеу мен Петроградты қозғады. Олар осы қалаларда орналасқан буржуазия-оппозициялық партиялар қарсы бағытталды. Көп кешікпей «кеңес халқының жаулары» тізіміне дін басылардың өкілдері түсті. Төкерістің талартарын білдіретін Лениннің атақты жеделхаты бар: «дарға асу, мінндетті түрде дарға асу, белгілі жүз кулак, байлар, қанішерлерді халық көрсін; есімдерін жариялау; олардан бүкіл нанды тартып алу; кепіл тұтқындарды белгілеу. Жүз шақырым жерде халық көрсін, білсін, айтсын: «қанішер-кулактарды тұншықтырады».

Қуғын-сүргіндердің бірінші толқыны 1917–1921-шы жж. алады. Ол кеңес өкіметінің саясатын қолдамаған оппозиционерлердің үстінен шықты. Азамат соғысынан кейін Кеңес өкіметі нығайып, ауқымды жүйелі жұмыс басталды. Мысалы, «Алаш» партия өкілдерінің ізіне түсуі басталды. Бізге Сталиннің «Ақ жол» журналы туралы хаты белгілі, онда ол өкіметке осы партия мүшелерін жібермеуін сұрайды. 1937 жылы алашордашылар және оларды жақтаушылардың барлығы жойылды. Лагерьлерден оралғандардың екеуін ғана білемін, олар: Мұхтар Әуезов және Әлімхан Ермеков.

Қуғын-сүргіндердің екінші толқыны 21-30-шы жж. алады. Осы кезеңде «кулакка» қарсы күрес басталады. Оларға ауқатты шаруаларды, содан кейін орта шаруаларды жатқызды. 1928–1932 жж. — зұлымдық аштықтың жылдары. Қатты аштық Украинада, Қазақстанда, Ресейдің астық аудандарында болды.

-Бүгінгі күні тарихшылар 30-шы жылдардағы аштық жасанды түрде жасалды дегенге көз жеткізіп отыр. Сіз-де солай есептейсіз бе?

— С. Уиткрофт деген тарихшы бар, оның есептеуінше 30-шы жылдары басталған аштықта ауа райы жағдайлары кінәлі. Біз олай есептемейміз, себебі, егер Қазақстанда аштық болса, неге ол Өзбекстан немесе Қырғызстанда болған жоқ? Көптеген қазақстандықтар осы республикалардың аумақтарында құтқарылды, себебі онда аштық болған жоқ. Аштық көбінесе аймақтар мен республикалардың жетекшілеріне, аймақтардың ерекшеліктерін білмеуінен, жоғарыдағы бағыттамаларға толық бағынуына, адам құқығын сыйламауына байланысты болды.

Қуғын-сүргіннің үшінші толқыны 1937–1938-шы жж. басталды. Осы жылдары көптеген партиялық номенклатураның өкілдері құлады. Сол уақытта Сталин партия қайраткерлерінен құтыла бастады: Т. Рысқұлов, Л. И. Мирзоян, Ф. И. Голощекин және тағы басқалары ату жазасына кесілді.

-Егер «ескі» партиялық номенклатураны жойылса, сол орындарда басқаруға кім қалды?

— Сталин өте, ақылды бағытта жасады: ескі партиялықтармен күресте ол жастарды пайдаланды. Ол терең білімі жоқ Г. М. Маленков, Н. С. Хрущев сияқты адамдарға тірек жасады. Кө алдын елестетіп көріңізші, кешегі жұмысшылар өкіметке келді. Қызықтырып және ұстап қалу үшін Сталин оларға артықшылықтар берді: олар пәтерлер, қызмет машинасын, екінші төлемақыны алды. Осы жастар еске партиялықтарды қуана-қуана талқындады. Жас партиялық номенклатура Сталинның сенімді тірегі болды, сондай жағдай әскерде-де болды. Маршал Тухачевский, Егеровты және т.б. соттағанда, олардың орындарын саяси жетекшінің курсын қолдайтын жастар басты.

Соғыс жылдарында қуғын-сүргіндер сәл жұмсарды, бірақ 1945 жылдан бастап, олар қайта күшейді. 40-шы жылдары халықтарды «талқылау» басталды: кавказ, қалмақ, украиндық және көптеген басқа ұлттардың өкілдерін Қазақстанға көшіруі басталды.

Сол зұлымдық жылдар туралы, "ждановшылық" және «түркістандықтар» туралы, сонымен қатар тұтқындардың Кеңес Одағына оралуы туралы көп айтуға болады және Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргіндер аяқталған жоқ. Көптеген адамдар лагерьлерде қалды, ал шыққандардың есімі, ақталған жоқ.

Президент Н.Ә. Назарбаетың 1993 жылғы Жарлығы қуғын-сүргіндерді, ақтауда үлкен рөлді ойнады. «Халық жауы» азап шегу өте қиын және ол бүкіл отбасының тағдырына түсіп отырды.

-Қазіргі Қазақстанда бүгінгі күнге дейін, ақтламаған қуғын-сүргін құрбандары өмір сүріп жатыр ма?

— Қаза болғандардың есімдері ғана, ақталмаған. Себебі адамды, ақтау үшін оның жазба түріндегі өтініші керек.

Людмила Выходченко

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?