Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мемлекеттік рәміздер — ел мақтанышы

1268
Мемлекеттік рәміздер — ел мақтанышы - e-history.kz

Үстіміздегі жылдың 3 маусымында елордадағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Астана қаласының әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның мерекелік отырысы болып өтті.

Отырысқа комиссия мүшелерімен қатар, елордада орналасқан мемлекеттік мекемелердің ҚР мемлекеттік рәміздері бойынша жауапты тұлғалар қатысып, отырысты комиссия төрағасы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Балаева Аида жүргізіп отырды.
Іс-шараға қатысып отырғандарды атаулы мерекемен құттықтап, кіріспе сөз сөйлеген Аида Ғалымқызы бірінші баяндаманы ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, ағамызға берді. Өз баяндамасын «Елтаңбаның тарихи маңызы» деп атаған, ағамыз, өз сөзінде халқымыз, аңсаған азаттықты алысымен, елтаңба жасаудағы жұмыстарын баяндап, соңғы жиырма жылда атқарылып жатқан жұмыстарды бір тізіп өтті. Алайда рәміздердің насихатталу-деңгейіне көңілі толмайтынын жеткізген ол, болашақ ұрпақ өз рәміздерін құрметтесе игі еді деп бір тоқтады. Елтаңбаны логотип емес, ұлттық рух сыйлар мақтаныш екенін айтып, оны жастарға ежелеп отырып түсіндіру қажет деп өз сөзін қорытындылады.
Келесі кезекте «ҚР мемлекеттік рәміздерін қабылдау жөніндегі» тақырыбында баяндама жасаған Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Қашқымбаев Амангелді болды. Елімізде рәміздерді насихаттау жұмысы жайлы сөйлеген ол көп ұлтты елде тұрып жатқан отандастарымыз мемлекеттік рәміздерді құрметтуі тиіс деді.
Ел рәміздерінің ел басшылары-деңгейінде қалай жүзеге асатыны жайлы ҚР Мемлекет күзет қызметі салтанатты іс-шаралар бөлімінің бастығы, полковник Таңатаров Бауыржан «Рәсімдік іс-шараларда ҚР Мемлекеттік туын қолдану» тақырыбындағы баяндамасында айтып өтті.
Елордалық жастардың жай-күйі мен олардың Рәміздерді ұлықтау жөніндегі іс-шаралары жайлы Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының бастығы Талғат Рахманберді «ҚР Мемлекеттік рәміздерін жастар арасында насихаттау» тақырыбында баяндады. Оның сөзіне сүйенсек, қазір елорданың 30% жастар, 8 мың студент, 15 ЖОО, 35 колледже жастармен тығыз жұмыс жасалуда. Отырысты «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның бөлім бастығы Цхай Евгений «ҚР Ұлттық стандарты 2014 «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық жағдайлар» баяндамасымен қорытындылады.

fbd35b345fc6f9160a687fea4c73169a.jpg


84a1c0295220cc4038d6e4dfa4fdaf10.jpg


Іс-шара соңында ҚР Елтаңбасының авторы Ж.Мәлібеков ағамыздың уақытының тығыздығына қарамастан сұхбаттасудың да сәті түскен болатын:

c69a4fac81affc3afa57b2afdb39a058.jpg

Жандарбек Мәлібекұлы, баяндамаңызда елтаңбаны жасау барысында алдын-ала екі ай уақыт жұмсап дайындалғаныңызды айтып қалдыңыз, дайындық кезінде қазақ тарихына қатысты қандай еңбектермен танысып шықтыңыз?
-Елтаңбаны жасау кезінде дүние жүзі тарихына біраз шолу жасадым. Әлемдегі елдердің елтаңбасына түгел қарап тарихымен танысқан болатынмын. Сосын қазақ этнографиясын біраз зерделедім. Еліміздегі таңбалы тастар тарихы мен үш жүздегі ру-тайпалардың белгілерінің сырына біраз бойладым. Олардың саны 300–400 жуық болады. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық таным-түсінігі мен сеніміне жүгіндім. Археолог Кемел, Ақышевтің «Алтын адамын» елтаңбаға орналастырдым. Сақ дәуіріне бермен қарай біраз тарихты парақтап шықтым.

59f5468b1bd9d5202ec3d34e6328b222.jpg


e9dc1b7f57de8bc1f1bca6d27271c5e1.jpg


8bc4e6d0cba88b44ec5889e2ab2276cd.jpg


Оқырмандарға қосымша, ақпарат:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар деген мәнге ие.

0b61425efc751341e9e39e646907e959.jpg


b4148bf2ea7d1a2a1a2c2fcad3f363db.jpg


Олжас БЕРКІНБАЕВ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?