Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Тек бізге ғана сүйіктім, барлық жолдар жабық қой» АЛЖИР тұтқынындағы әйелдер

2019
«Тек бізге ғана сүйіктім, барлық жолдар жабық қой» АЛЖИР тұтқынындағы әйелдер - e-history.kz

 «Зар айтады, қан құсып көкірегі,

Жетім желге қосылып жетігені.

«Жалаңашкөл», «Алжир» боп

шашын жайып – «Степлагы» 

Кеңгірде өкіреді».

Қара орамал. Поэма-реквиемінен үзінді

Көздерінде «Не үшін?» деген үнсіз сұрағы бар, үйі мен балалар туралы ой кешкен, болашағымыз не болады деген алаңдаумен, бейшара болған әйелдер темір тордың артында, суық пен аязда, ыстық пен шаңда, қарауылшылар мылтығының мәжбүрлеуімен, иттің ұлыған даусында зорлықпен жұмыс істеді.

АЛЖИР — «Отанға опасыздық жасағандардың" әйелдерінің Ақмола лагері -тоталитаризм дәуіріндегі КСРО аумағындағы ең ірі әйелдер лагерінің бірі болды. Отанға опасыздық жасағандардың аналары, әйелдері, қарындастары, қыздары болғаны үшін ешқандай қылмыс жасамаған әйелдер айыптарын осында өтеуге мәжбүр болды.

Қазір сол жерде АЛЖИР мұражай-мемориалдық кешені орналасқан. Мемориал «Қайғы аркасымен» ашылады. Ол тірі және өлі екі әлемнің кездесуін символмен көрсетеді. Аркадан өткенде құрмет белгісі ретінде басты иіп өту керек. Ауа райы күрт бұзылғанда аркадан уақыт және тарих дауысы тәрізді желдің толқыны мен шуылы естіледі.

c33abf9e4629d9883bad4296a3130724.jpg

Мұражайдың экспозициясы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім — ХІХ-ХХ ғғ. Қазақстаның саяси тарихына арналған «Алаш» экспозициясы.

e103f17866c4babe73570a38b33a1baa.jpg

967c64a1f856bef2873844c3a981a8ba.jpg

Залдың ортасында «Өмір гүлі» композициясы. Көптеген қорқыныш пен қайғыға қарамастан, өмір жалғасады дегенді айтқысы келгендей гүл тасты жарып тұр.

b6660d08b975cc20174436d28045bbd7.jpg

f3c05b389ce577ebae32eab4415f3c12.jpg

Жоғары қарасаңыз, «Бостандық пен тұтқындық" композициясын көре аласыз. Композиция тұзақтан тұрады, оның ішінде 15 көгершін ұшу үмітімен қанат қағып тұр.

0b4e5975234fe996d07dadb85579d4ac.jpg

Екінші бөлім толығымен «Отанға опасыздық" жасағандар әйелдерінің Ақмола лагеріне арналған. Экспозиция көбінесе фотосуреттер, құжаттар, еске алулар, АЛЖИР тұтқын әйелдері мен балалардың жеке киімдерінен тұрады. Мұндай төмендегілер ұсынылған: 30-шы жылдардың тергеу абақтысының түпнұсқа есігін бар «Кісен» инсталляция, лагердің тұтқындарының еңбек күндері туралы әңгімелейтін «АЛЖИР» диорамасы, лагерь тігін фабрикасының көріністерін қайта құруы, тергеуші кабинеті және барақ.

8ede01ecb9f585420aa0feeb729871ba.jpg

86f455167540f092c5837ce5e657bc52.jpg

bb91d802613da7e41482b66dc0d06fa2.jpg

3b54cc23c32ff1c35fd116965198f465.jpg

1938 жылы 6 қаңтарда, Ақмола лагеріне бір жастан үш жасқа дейінгі балалармен бірге бірінші әйелдер тобы келді. Лагерь бірнеше балшық барақтардан, төрт мұнара мен тікенді сымнан тұрды. Екі ай ішінде тұтқынға алынғандар үздіксіз келіп отырды. Әйелдерді АЛЖИРға бүкіл елдерден әкеліп отырды: Мәскеуден, Ленинградтан, Украинадан, Белоруссиядан, Грузиядан, Армениядан, Орта Азиядан. Тұтқын әйелдерге орын жетпеді. Келгендер өздері аяз бен боранда, ыстық пен жауын-шашында барақтарын құрды, оларға төсек-еденді өздері орнатты. Матрастардың орнына, ағаш төсенішке сабанды төседі.

7157e831f26cb90cae4fcfbedbb6f9a3.jpg

1974f715ec4575f313fb622a63a1240b.jpg

0b7cddbb4afec81fa1a22a31eb72339b.jpg

bed13c92cf9215de15dff752362beea0.jpg

АЛЖИР тұтқындарының Кеңес одағына танымал белгілі әнші Лидия Русланова, әртістер Татьяна Окуневская және Наталья Сац, Рахиля Плисецкая, атақты жазушы Галина Серебрякова, ақындар мен жазушылардың әйелдері, мемлекеттік қайраткерлердің әйелдері Азиза Рысқұлова, Гүлжамал Майлина, Гүләндам Ходжанова, Зуфнун Нұрмақова, Аиш Кұлұмбетова, Фатима Дивеева, Елизавета Садвоқасова және тағы басқалар. Атақты немесе атақсыздар — олардың барлығы жазықсыз жазаға тартылды және оларды әрқашан есте сақтауымыз керек.

662b6fc78ed214f1aff717bbfe59a32d.jpg

e501eb1b429fffdb849c99fe4b2b8b54.jpg

Рахиль Плисецская балаларымен

АЛЖИРдің бір күні туралы мұражайдың ауқымды диорамасы толық ұғымды береді. Тұтқын әйелдерің мүсіндері, қаруланған қарауылшы, ұлыған иттер, айнала табақша көлдері бар шексіз дала, ал осының барлығын Қазақстанның көгілдір аспаны қоршап еді.

2b4a77abe99d9acd2dabec752215addc.jpg

Балалардан айырған ананың қайғысынан артық қайғы жоқ. Барлық «АЛЖИР әйелдері» осыны бастан кешірді. Тұтқынға алынған әйелдерді балалардан айырған, кішкентай балаларды Наркомздрав бөбекханасы мен балалар үйіне жіберді, 3–15 жасқа дейінгі балаларды Наркомрос балалар үйіне, ал 15 жастағы және одан үлкен балаларды «қоғамға қауіпті» деп танып, репрессияға ұшыратты немесе арнайы мекемелерге орналастырды. Мұражай экспозициясында балалардың үрейлі жылдардың айқын айғағы — фото құжаттары, хаттары ұсынған.

9a5de142b6fb3cdc8882676eb352125f.jpg

e344129d87388f672a4e545466406e20.jpg

АЛЖИР балалары

83693424dfbf411569b219c831cb29ba.jpg

Балалардың хаттары

Вины за собой мы не знаем,
Нам каяться было не грех…
Но все же беду нашу злую
Расскажет же кто-то для всех…

Бірнеше жылдар өтті, ағаш барақтар және тікен сымымен қапталған қарауылшы мұнаралары жер бетінен жоғалғанда, ауыл жаңа өмірді бастады және сол үрейлі жылдар туралы еске түсірмес үшін — Ақмол деген жаңа атау берілді. Бірақ осында ол «әйелдер» туралы ешкім ұмытқан жоқ. Қайғы құрбандарын ұрпақтары мәңгі есте сақтайды. Ұрпақ үшін түрме мен лагерь кезеңі тозағының барлық үрейлі кезеңінен өткендері үшін.

eeb520b158dcf1377d32bed0b388eba3.jpg

Саяси репрессиялар құрбандарын еске алу қабырғасы
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?