«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Ватиканнан табылған карталар

798
Ватиканнан табылған карталар - e-history.kz
Бауырлас башқұрт халқының өкілі,Колумбия университеті профессоры Рафис Абазов Мемлекет тарихы институтының қызметкерлерімен болған кездесуде, Ватиканнан табылған тарихи карталар жайлы бізбен бөлісті.

«Жоба өткен жылы қолға алынды, дайындық он айға созылды. Бізді шығыс пен батыс өркениетінің қарым-қатынасы қызықтырды. Осы мақсатта Ватикандағы Иезуит орденінің құпия мұрағаты мен Құпия мұрағатта жұмыс жасадық. Жобаны жүзеге асыруға Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, аталған оқу орнының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Андрей Хазбулатов көмек қолын созса. Тегі италияндық Данте Альгиери атындағы Ассоциация президентінің бізбен тізе қосып жұмыс істеуі де өз көмегін тигізді» деді профессор.

1c50578c6e607a70f10f4082522ca9c5.jpg

Рафис Абазов кездесу барысында

Иезуиттердің құпия мұрағатынан алты карта табылған. Оның бесеуі тарихи деректер болса, біреуі экономикалық құжат. Рим папасының шығыс хандарына жазған хаты да бар. Қазіргі кезде олар көне латын тілінен ағылшын тіліне аударылу үстінде.

Карталарды үш бөлікке бөліп қарастырсақ болады:

1. Сараптамадан өтіп жатқан карталардың ғылымға белгісіз екендігі дәлелденсе, ғылыми айналымға жаңа құжаттар енгізіледі.

2. Бізге бұрын белгісіз болып келген топонимдерді зерттеуге кең мүмкіншілік туады.

3. Батыс өркениет мен қазақ даласының қарым-қатынасы тың деректермен толығады. 

Айта кетер бір жайт Рим мен Шығыс десе Марко Поло мен Рубрук есімі тілге оралса. Енді жаңа карталар негізінде бұрын белгісіз болып келген он екі саяхатшының есімі белгілі болмақ. Олар негізінен Рим, Венеция, Генуя тұрғындары болған. 

7dd8fa30c32e6825f88641c588f1a7a9.jpg

1-ші карта

726440ecd5c702c66ac8ad5747342289.JPG

2-ші карта

db0a7dd839efff66d52df237e2220861.jpg3-ші карта

a10f464d20dc84e83cfee2359306dada.jpg

4-ші карта

Рафис Абазовтың топшылауынша Ш.Уәлихановқа дейін XVI-XVII ғасырға дейін Рим мен Генуяға қазақ саяхатшысының табаны тиіп, Батыс өркениетіне Шығыс жайлы көптеген деректер берген.

0c19b32f3bbc9007a5f8747f0a331018.jpg

Қасқыр бейнеленген барельеф

872f7cce87fe7a576d16b11dddf861cc.jpg

14e634225ff54c995a238b0f1aaa73c4.jpg

1 картада: V-VI ғасырлардағы Орта Азия елдері бедерленген. Каспий мен Арал теңізін қосып сызған. Осы карта бойынша Ватиканның елшіліктері бағдар түзген. Бір қызықғы қазақтың көне шаһары Түркістан аталған картада бар. Ресейді Московия және Россия деп екі бөлікке  бөліп қарастырған.

2 картада: 1654 жылғы Гран Могол елін бейнелеген. Шағатай ұлысы аталған картада бар. Осы картаға сүйенсек қазақтар үнді еліне жылқы, түйе айдап сауда жасаған.

3 карта: XVIIIғасырлардағы Француз ҒА жасалған. XVIII ғасырдың І жартысындағы топонимдер бейнеленген. Каспий, Арал, Балхаш бейнеленген. Өзбек ұлысын картадан кездестіруге болады. Балхаштан Тибетке дейінгі аралық пен Қалмақстан қамтылып, Қытай бөлек бейнеленген.

4 суретте: Римдегі барельефте соғыстың біткені бейнеленген. Қасқыр жеңіс символы іспеттес болып тұр.

Олжас БЕРКІНБАЕВ


Сауалнамалар
Қандай бұйым үйіңіздің төрінде тұр?