Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында бірнеше ғылыми іс-шаралар өтеді

2817
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында бірнеше ғылыми іс-шаралар өтеді - e-history.kz
Институт негізінде 10 және 17 сәуірде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына арналған дөңгелек үстел және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Институт негізінде 10 және 17 сәуірде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына арналған дөңгелек үстел және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

2014 жылдың 10 сәуірінде сағат 10.00-де Институтта «Қазақстан ғылымы және «Мәңгілік Ел» тақырыбында мерзімді баспасөз өкілдері: «Қазақ тарихы» және «Ақиқат» журналдары мен «Түркістан», «Айқын», «Президент және Халық», «Алматы ақшамы» газеттерімен бірлескен дөңгелек үстел өткізіледі. Жұмыс барысында 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының Жолдауы және қазіргі Қазақстан ғылымының ахуалы сөз болмақ. Институт қызметкерлері түгел қатысуы тиіс. Сондай-ақ баяндама мен хабарламаларыңыздың жасайтындарыңыз алдын ала тақырыбынlazat_85@mail.ruэлектронды почтасына жазып жіберулеріңізді сұраймыз.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Тарихшылардың Ұлттық конгресі 2014  жылдың 17 сәуірінде 10 томдық «Отан тарихын» жазуға арналған «Қазақстан және әлемдік тарих кеңістігі: жалпы мен ерекшенің «Мәңгілік Ел» ұлттық идея арқылы көрінісі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отыр. Еліміздегі, сондай-ақ таяу және алыс шетелдердегі белгілі маман тарихшылар қатысатын осы конференцияның жұмысы барысында мынандай мәселелер талқыланады.

– әлемдік тарихи кеңістіктегі Қазақстан;

– ұлттық идея тарих толқынында;

–  көптомдық «Отан тарихы»: идеялар мен іркілістер.

Конференция жұмысына қатысамын деушілер баяндаманы Ұйымдастыру мекен-жайына жіберу керек:

1. Ұсынылған форма бойынша өтініш.

2. Мақала мәтіні 10 бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен қағаз және электронды түрде. Шетелдік қатысушылар үшін электрондық хат арқылы бекітілген файлмен жіберуге болады (хат тақырыбында көрсету керек: АЛҒАШҚЫ АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ – мақала).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Мақалаларды тапсыру мерзімі – 2014 жылдың 07 сәуіріне дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28

ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ұйымдастыру комитеті.

Байланыс телефоны және факс:

Байланыс телефоны: 8 (727) 261-16-35, 8 (727)261-17-58, 8 (727) 272-68-46.

Факс: 8(727) 261-67-19

E-mail: kazhistory@bk.ru; knurumbetova@mail.ru

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптарды www.iie.kz сайтынан қараңыз. 


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?