Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚазҰУ-да І Халықаралық Фараби оқулары басталды

2481
ҚазҰУ-да І Халықаралық Фараби оқулары басталды - e-history.kz
Халықаралық Фараби оқулары университет қабырғасында алғаш рет еліміздегі ең ірі ЖОО 80-жылдық мерейтойын тойлау аясында өткізілуде.

Бұл дәстүр ғылым фестивалі форматында қайта жаңғыртылып, екі апта бойы жетекші отандық және шет елдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми конференциялар, сессиялар, дөңгелек үстелдер, авторлық семинарлар, байқаулар өтетін болады.

 Фараби оқулары аясында 2 сәуір күні әлем ғалымдарының әріптестігі мен заманауи диалогта жаңа платформа болатын «Әбу Насыр әл-Фараби: дәуір сұхбаттастығы» атты халықаралық  форум болып өтті. Іс-шараның жалпы мақсаты – жалпы ғылым дамуына жаңа шабыт беріп және көптеген зерттеу бағыттарында заманауи тұрғыдан ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасының негізін ұғыну болып табылады. Форумға қатысушылар ғылым мен білім берудегі бірігуді, рухани – адамгершілік және бүгінгі қоғамдағы интелектуалды мәдениетті жақсартуды, аман – сау қоғам құрудағы "Мәңгілік ел" – ұлттық идеясы біріккен "Қазақстан – 2050" Стратегиясындағы міндеттерді іске асырудағы өзекті мәселелерді талқылады.

Пленарлық отырыста ақын  және ҚР мемлекет қайраткері Олжас Сүлейменов, ҚР ҰҒА академигі Мұрат Жұрынов, ҚР БжҒМ ғылым комитеті ғылыми – зерттеу институттарының директорлары – Әбсаттар Дербісәлі және Зарема Шаукенова, танымал отандық және шет елдік ғалымдар – Әбдімәлік Нысанбаев, Альберт Фишлер (Франция), Яшар Айдынлы (Түркия) және т.б қатысты.

Университет ректоры Ғ.Мұтанов пленарлық кіріспе сөзінде ғылыми және мәдени қоғамға әл – Фараби ғылымындағы қайырымды қала туралы ілімі негізге алынып жасалған, «Al – Farabi university smart city» инновациялық моделін ұсынды. Бұл жобаның мақсаты – жаңа технологиялардың бір – біріне оңтайлы әсер етуі негізінде және қоғам дамуына инновациялық ықпал ете отырып, рухани – адамгершілік құндылықтарды көрсету арқылы жаңа форматтағы университет жасау. Моделдің іске асуы университеттік маңызды міндеттік орындалуына мүмкіндік береді – азаматтық жаңа буын қалыптастыру, заманауи құнды жүйеде бағыт анықтау, өзіндік реттеуде және «адам қоғам» өзін-өзі дамыту жүйесінде басты принциптерді бекітуге септігін тигізеді.

6861ab27d64e0352d9948ed4e2d12d2c.JPG

Қонақтар мен іс – шараға қатысушылар Орталық Азиядағы ЖОО арасындағы ең үлкен кітапхана болып табылатын әл – Фараби университеттік ғылыми кітапханасы ғимаратында құрылған әл – Фараби мұражайының экспозициясымен танысты. Сонымен қатар, ұлы ойшылдың шығармалары топталған төрт томдықтың бірінші кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл басылым «әл – Фараби» орталығы мен Халықаралық Абай клубының дайындауымен ұлы ғұламаның туғанына 1145 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Форум аясында ғылым, білім беру, қоғамдық және халықаралық қызметтегі еңбегі үшін Олжас Сүлейменов пен Альберт Фишлерге «әл – Фараби Алтын төсбелгісі» табысталды. 

cca524c613cf52f31758b864b9e73107.JPG

Ғылымның әр салалары бойынша «әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» дипломының марапаттау рәсімінің негізі қаланды. Форумнан соң Фараби оқулары аясында «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» халықаралық студенттік форумы, «Фараби әлемі» студенттік конферециясы, студенттік бизнес инкубаторлармен өзге де инновациялық жобалар байқауы өтетін болады. Сондай ақ форум жұмысына тікелей қатысып, «Қазақстан тарихы» Интернет – жобасының таныстырылымын жасап, университет ректоры Ғ.Мұтановтан, ақын, қоғам қайраткері О.Сүлейменовтан, белгілі ғалым, фарабитанушы Ә.Дербісәліден, ф.ғ.д., профессор У.Қалижаннан, фарабитанушы Яшар Айдынлыдан арнайы портал үшін сұхбат алған болатынбыз, келесі мақалалардан оқи отырыңыздар.

Олжас БЕРКІНБАЕВ

«Қазақстан тарихы» Интернет-порталының тілшісі


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?