Тарихи терминологиялық сөздік құрастыру мәселесіне байланысты Ш.Уәлиханов ат. тарих және этнология институтында жиылыс өтті
3708
13 наурызда тарихи терминологиялық сөздік құрастыру мәселесіне байланысты институт директоры Х.М. Әбжанов, институт қызметкерлері С.О. Смағұлова, С.Ә. Асанова, Г.Ү. Орынбаева, А.Ә. Жүнісбаев, Р. Көбеев, Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, 30 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік құрастыру орталығының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Қ. Құсайынов және осы орталықтың ғылыми қызметкері Г. Құланшиева қатысқан жиылыс өтті. Жиылыс барысында жаңадан жасалып жатқан тарихи терминологиялық сөздікке археологиялық, этнографиялық, тарихи жаңа терминдерді енгізу мәселесі қаралып, сөздік жасаудың күнтізбелік жоспары жасалды.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және
Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. 8 (7172) 64 95 59
(ішкі - 1164)