Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мұрат Әжі. Бәрінің бағы үшін…

1698
Мұрат Әжі. Бәрінің бағы үшін… - e-history.kz
Біз тап осындай кертартпалықпен түркі дүниетанымын бірде еуропалық, бірде әсіреисламдық жосықта асфальттап тастадық. Осы асфальттап тастағаннан кейін рухани пір таба алмай пұшайман да болдық

Бір адам зұлым қасқырдың қозыны жәукемдегелі жатқанын көріп, қасқырды өлтіріп, қозыны құтқарып қалды. Кейін ол аш қозының әдемі де, зүбәржаттай шөпті аяусыз жеп жатқанын көріп, шөпті құтқарып, қозыны өлтірді. Одан кейін осы бір арам шөпті жердің нәрін сорып жатырсың деп күстаналап, тамырымен жұлып алып лақтырып жіберді. Одан кейін осы бір кір-кір шөпсіз қара жердің табиғаттың сиқын келтіріп тұрғанына жыны келіп, бәрін асфальттап тастады.

Ал, содан кейін қалың ойға батып: «Бүгін тағыда қандай игі істер жасауым керек» деп қиялға берілді. Біз тап осындай кертартпалықпен түркі дүниетанымын бірде еуропалық, бірде әсіреисламдық жосықта асфальттап тастадық. Осы асфальттап тастағаннан кейін рухани пір таба алмай пұшайман да болдық. Сол кезде Мұрат Әжі тарихи сахнаға шықты. Біреу құптай, енді біреу тоңмойындықпен керітартпалыққа салынды. Сонымен...

Әжіні қадір тұтып, Гумилевті емес, Морозовты ұлықтайық.

Әжіге дейін Гумилев те, Морозов та бірі мәлім, екіншісі беймәлім болып келді. Соңғысын Ахмет Байтұрсынұлы өзінің бізге жетпеген мәдениеттану еңбегінде пайдаланғаны аян болып отыр.

Қазақққа орыстар төбесіне көтеріп отырған осы екі тұлға да жат: бірі – түркілерді жабайы етіп суреттесе, екіншісі – түркінің діни үрдісін біле тұра ауызға алмайды. Бұны ғылыми – парадокс десек артық айтпаймыз. Гумилевшілдік алаш баласы ғылыми-рухани ауырып, сауығып кеткен кезең, тек қазір сары көрішімізбен достық саясаты үшін ғана Елордадағы жоо құр ғана атын иеленіп отыр. Ал, тасада қалып келе жатқан екінші тұлға – бізге өзгелер жойған рухани-мәдени құндылығымызды қайыра оралтып, морозовшылдық дәуірінің салтанат құрғаны бізге керек. Біздің «алаштық ой империализмі» үшін керек.

Гуманитарлық ғылымда обскурантизм (лат. obscurans – күңгірттену сөзінен шыққан – зұлматият) – ағартушылыққа, ғалымға және прогреске жаулық көзқарас.

«Обскурантизм» терминнің шығу төркініне XVI ғасырдың басындағы «Epistolа Obscurorum Virorum» («Күңгірт жандардың хаттары») сатирасының атауы негіз болды, онда неміс гуманисті Иоганн Рейхлин мен доминикан сопысы Иоганн Пфефферкорн арасында жөйіт кітаптарын беймәсіхшілдік деп отқа өртеу керек пе деген ғылыми дау-дамай өрістегені сияқты бізде де христиандық пен бұддалық көзқарастарға деген «Обскурантизм» өрістеп тұрғанын жасырып жабуға болмайды. Бірақ олар тарихтың бәрін де өздерінен бастап, бұрмалаған түркі тарихын қайтару үшін «өз қолдарымын өз өтірігін шығаруымызға керек». Осы жолда Морозовтың кітаптары бабалар жоғын жоқтауда бізге көп жәрдем береді.

Бірінші – Шыңғысхан туралы мифті бізге Батыс пен Шығыс таңды. Ол 3 мың жылға созылған түркі азамат соғысын уақытша тоқтатып, бұрынғы зор империяның Алаштың жарты бөлігін қалпына келтіре білді. Ол Шыңғыстаудағы Орда тауында таққа отырды. Әрі сол жердің атымен бұрынғы Темірші Шыңғысхан атанды. Өйткені, бұл жер алаш хан әулетінің бағзыдан келе жатқан резиденциясы еді. Осы жердегі сан мың жылдық тарих зерттелмеуі үшін КСРО империясы полигонды әдейі орналастырды. Радиациясы бар жерге кім археологиялық қазба жұмысын жүргізбек!?... Мәңгілік жабық дүние. Ешкім енді ол құпияны аша алмайды.

Түркі тарихында Ақ пен Қара Тұранда бірінші рет хан тұқымына жатпайтын адам билікке келді. Жұмақаның өз андасына қарсы тұрған себебінің бірі осында. Оны биілікке әкелген Орыс Тұранындағы Ариан шіркеуін басқарып отырған Керейлер. Оларға керегі Қара Тұрандағы (Шын-Машындағы) Қарақытайлардың Ариан шіркеуін және Батыс шіркеуін өзіне бағындыру керек болды. Әрі Бұны күшейіп алған Батыс шіркеуі мен қоңыраттық мұсылман түркілер жүзеге асырмады. Баба діні қайыра түлей алмады. Көп мұрамызды жат иеленіп, бауырына басып алған да еді. Жаңа тілдер ойланып табылып, олар ескі табиғи алаш тілі мен мәдениетін өзіне сіңіре бастады. Қазір осы тілдерде ешкім сөйлемейді неге? Өйткені, алаш жаулаған елдердің жергілікті (санскрит, жөйіт, копт, грек, латын) тілдері мен түркі тілі ғана болған. Бірақ алаш тілін тұғырдан тайдыру үшін өз мәдени миссияларын атқара алды.

Біз енді осы латын, санскрит, көнегрек, көнежөйіт, көне қытай мен парсы т.б. тілдеріндегі бағзы түркілік ғаламзаттық формалар мен мифтік ұғымдарды тани білуіміз ғана қалып отыр.

Екінші миф – түркі көшпелілігі. Номадизм бізге зорлықпен таңылды.

Үшінші миф – біздің дінсіз халық болғандығымыз.

Осы мифтерге жасырын аңыстағы жауапты Н.Морозовтың «Хритос» көптомдығын пайымдап оқыған шақта таба аламыз. Оның шет жағасын Мұрат Әжі бізге ашып айтқан еді. Енді қазақтың арасынан да осы «ақтаңдақтардың» құпиясын ашатын жандар шыға бастады.

Н. Морозов мұрасы қазақ баласы тарапынан алаштық дүниетанымыз аясында өзін жете зерделеуді қажет етеді. Біздің мақсат жоғалған қазақ бағзылығына Тыныштықбек ағасыздай, Серікбол Қоңдыбайдай т.б. алаш сөзінің тізгінін ұстаушылардай кесікті сөз айту емес. Ғұламаның назар аударуға тұратын пікірлерін жұрт назарына үзікті тәржіма түрінде ұсыну. Біз Н. Морозовтың Х томында сөз болған кейбір пікірлерін жұрт назарнына ұсынуды қош көрдік.

Сонымен...

«Мен өзімінің бұл зерттеуімдегі басты жүзеге асырмақ болғаным мүлдем кездейсоқ, бейберекет оқиғалар тізбегінен өзгелер былапыттаған табиғаттың мінсіз дүниесін табу. Әдебиеттің даму жолын ұғыну үшін біреулердің үстемдік жүргізуі үшін жазылған Фукидид тарихы сынды кере қарыс кітаптарды оқыған шақта олардың әдейлеп көркеми өңделгенін бағжайладым. Еуропа үңірге тығылған кезде тап осындай әдеби тілмен жазылған кітаптың өмірге келуі еш мүмкін емес дедім де, өзім іштей бұндағы уақыт қасақана бұрмаланған деген ойға келдім. Бұл кітап идеясы, тілі екінші немесе үшінші ғасырдың ар жақ бер жағында туындаған дүние.

Осылайша, мен әрі латын, әрі грек тіліндегі барша классикалық әдебиетке сын көзбен қарап, ілкі мәдени бетер Эллада мен ілкі мәдени бетер Римнің сонымен қатар, Финикияның, Өлі теңіз бойындағы жәйіт патшалығының өмір сүргені шын ба деген күмәнді ойға қалдым да, өзіме дейінгі барша адамзат дамуын тәрк еттім; немесе оны құлдық ұра мойындау мен мүлдем жоққа шығару алдымды кескестеді. Мен асторномия заңдылығына сүйеніп, апокрифтік жазбалардың бәлду-бәдігі барлығын таптым.

Бұл менің еуропалық (христиандық пен жөйіттік жайындағы) тарихқа қатысты ойларым, ал, азиялық мәдениет тарихы да адамды күмәнді ойға қалдырады. Егерде осы мәдеиеттер шын мәнінде дәл сол уақытта өмір сүрген болса, онда біз құдайдың адамзат маңдайына жазып қойған ісінің өз ретімен жүзеге асып жатқандығы, егер олай болмаса, бұл жазылғандардың бәрі – миф, онда біз бұндай мифтің қашан туындап қалай тараған себебін түстеп тануымыз керек. Өз басым жаратылыстану ғылымына ден қоя отырып, шынайы ғылыми диалектикалық-эволюциялық көзқарас тұрғысынан бүлінген дүниені орынына қоюға талпыныс жасауға бел будым.

Бізге үнділердің фантазиясы аса бай деп айтады. Бірақ бұл фантазия шығармашылықта, әдебиетте, ғылымда айшықталуы керек қой. Ал, бұл елдің барша ғылымы мен әдебиетін еуропалықпен салыстыра аламыз ба? Бұндай ойдың кәлеңе келуінің өзі күлкілі болар еді. Жарық Шығысқа Батыстан түсті... Месопотамия туралы да осыны айтуға болады. Барша ежелгі сына жазуы нені танытады?

Мен бұған дейін де сөз еткен болатынмын, бір көзқарас бойынша сына әліпбиі дегеніміз фонетикалық дыбысталымға иелік етіп, өз бойына рубстық ілік жазбалардың сілемін де сақтаған мысыр пішпек жазуы сияқты, немесе мысыр жазуынан ірге ажыратып жеке бөлініп шыққан не жөйіт, не ұрым (грек) әліпби тәрізді табиғи жолмен дамыған әліпби емес. Сына жазуы дегенміз көп адам емес, табиғи әліпбиді ұғынатын «даналықтың дымбілместері» ұғынбас үшін әдейлеп, бір дангөй өмірге әкелген құпиялы әліпби. Ал. бұл жағдай табиғи жазу жұрттың басым көпшілігне түсінікті болған шақта орын алады. Демек, сына жазуы аталған аймақта үстемдікке ие жөйіт жазуы дәуірлеп тұрған шақта өмірге келді. Бірақ жөйіт әліпбиі бұл кезеңде біршама тұрпайыланып, қыш тақтайшалар жазу материалы реітнде кең қолданысқа ие бола түсті.

Бізге көрініп тұрғаны Месопотамияда мұсылмандық өмірге келер тұста Арона-Ария діні, яғни, шынайы ариандықтың тұғыры інжілдік ариандық болды.

Бұл дәуірде сурет салынатын, кейін Құран Кәрім күшіне еніп, әрі шармақ жорығының кесірінен інжілдің 5 кітабы мен мүсін мен сурет салуға мүлдем тыйым салынды. Бұрыннан барлары құрдымға кетті»...

Негізі қытай, араб пен парсы халқы қазақтар үшін «үлбіреген жібек мата» секілді ғой, кім қол тигізсе, бөтен пікір айтса соған «ойбай, қытайға килікпе кірлетесің, арабыма тиіспе бүлдіресің, парсыма жолама құртасың, өйткені ол адамзаттың ең ғажайып ұлтары, біз солар арқылы адам болып жер басып жүрміз» дегендей шу ете қалады. Тіпті тарихымыз да соларға жалтақтап жазылумен келеді. Әй, бірақ сол «үлбіреген жібек маталарыңыз» жыртылып, тозып, тарихтың шұлық етіп киюге де жарамайтын ескі қоқысына айналып кеткенін мойындағымыз келмейді-ау!

Біз тек бізден мықтылардан ғана үйренуге тиіспіз! Ол бәрін өзіне бейімдеп, беті бүлк етпей отырған Католиктік бетпақ Еуропа! Артына жалтақтай бергендердің болашағы бұлыңғыр. Гумилевті емес соларға күл шаша білген Морозовты ұлықтайық! Әжі бастаған соны бағытты адаспай жалғастырайық. Осы мақсатта Мұрат Әжінің кітаптарында айтылған концепциялық ойларынның үзігін «Қазақстан тарихы» сайтына жариялауды құп көрдік.

Фирдоуси плагиаты, инквизация мен шармақшылар жорығы жайында

Аудармашыдан: Қолға алып оқыған шақта түп мәнінде маржаны бар туынды бар, зәрін шашып бұғып жатқан зәндәмі бар туынды бар. Алаш баласы Мұрат Әжі туындыларын ден қоя оқыды. Әркім әрқилы түсінді. Бірді айтып, бірге кететіндігін де аңғарды. Біз аңғарған бір жайт. Құмық данасы кейбір дүниелерге көзімізді аша білді. Баламалы тарихтың не екенін ұқтырды.

Жоғалған мәтін саналатын Қазыбек бек Тауасарұлының «Түпқияннан өзіме дейіні» көзі ашық жұртты өре түрегелтті. Пікір қаққа жарылды. Осы тамаша туынды кейінгі көшірушілер тарапынан бізге жетті. Әрі әр көшіруші кейде өз жанынан жапсырма бәлду-бәдік қоспа қосты, мәтін былықты. Бірақ ұлығ бабамызды аты сақталды. Ал, сақталмағандары қаншама. «Ходай-намакты» кім жазды ол қандай шығарма болды. Оның қазақта сақталғаны «Қазақтың жеті қағаны» ма деген ой кейде маза бермейді. Сонымен... М. Әжіге кезек берейік.

Фирдоуси өз «Шахнамасын» атақты түркі туындысы «Ходай-намак» («Қағандар кітабы») бойынша жазды. Көптеген түркі ежегейлері парсыланды. Ал бұл кітапты Орта Шығысты ғасырлар бойы билеген түркілердің ұрпағы білмейді.

Әлбетте, еуропалықтар өз мәдениетінен бас тартқан жоқ. Бұл мүмкін емес дүние. Олар өздерін әм тарихи тамыр тегін жасырып тастады.

Бұған келтірер мысалдарымыз сан жүздеп саналады, солардың ішіндегі ең айшықтысы «инквизитор дәурені» қызып тұрған шақтағы Данте Алигьеридің шығармашылығы. Оның «Тәңірят комедиясы» назар аударуға тұратын дүние, онда ақын әм философ мәдени және рухани тазалануға өзі тамырын үзе алмаған алтай эпосының дәстүрімен шақырады! Ең назар аударуды керек ететіні «Халықтық тіл туралы» трактатында Данте жаңа итали тілі мен поэзиясының негізін салушылардың бірі ретінде танылады.

Еуропаның жаңа тілдері дегеніміз – инквизиция таңбасының іздері.

Сөз бұл орайда ескі, түркінің алмастырған мәдениет турасында болғалы отыр... Италияны құтқарушы Ит Дантедегі кездейсоқтық емес, қайта қоғамдық құрылысқа кедергі келтірген түрік құртқасын жеңуші. «Тәңірят комедиясында» ақын құртқаны жеңіп, шыңға шығуың үшін о дүниедегі тамұқты шарлайтын жаңа жолды таңдауың керек дейді, көріп отырсыз ба, тағы да алтайлық сюжет алдыңызды кескестейді, Алтай эпостарында бұның молынан ұшырасатыны зерттеушілерге жақсы таныс.

Шарль Перрода бұрыннан белгілі, бірақ, анонимдік сюжеттерді кәдеге жаратты, оның алтайлық ертегілермен ұқсастығының түп тамыры осында жатыр. Оның өз басы кезінде: «Ілкі заманның тәлімдік Ертегілері» деп жазған болатын.

Шекспир туындыларының түркі эпостарымен тамырластығы осындайдан келіп шығады...

Әлбетте, еуропалықтар өз мәдениетінен бас тарта алмайды. Бұл мүмкін емес дүние. Олар өздерін әм тарихи тамыр тегін жасырып тастады.

Бәрі мибылық араласып кетті. Папа инквизицияның уысынан шығып, отқа өртенбеді.

Данте алған образдар бәрін өз орнына қояды... Рим символы болған Құртқаның бөлтіріктерін шақалақ Ромул мен Реммен алмастырды.

Бірақ кесар Ромул атауында – патша Ромул деген түркі сөзі сақталып қалды.

Ал, Данте құтқарушы төбеттер бейнесі арқылы сол кездегі еуропалықтар үміт артқан доминикан сопыларын айшықтады.

Еуропаның кескін-келбетін адам танығысыз өзгерткісі келген Шіркеудің арам пиғылын көпшілік ұғына қойған жоқ. Құрбандық болды. Өте көп құрбандық болды. Қан судай төгілді. Инквизиция дегеніміз – түптеп келгенде саясат, бір сөзбен айтқанда жолындағысын жаңа өмір беру үшін шайып өтетін су тасқыны.

Еуропалықтар өздерін қолдарынан келгенше тазалап бақты! Ең лас жұмысты Шіркеу емес, зайырлы билік атқарып шықты. Дін иелері дарға тартуды, отқа жағу жазаларын орындаған жоқ, қайта қалғандарды бұдан сақтап қалу үшін жұмыс істеді.

Тәлімді католик болғысы және ана тілін ұмытқысы келмейтін Еуропалық түріктер еретик деп жарияланды. Олардың барып тұрған бірбеткейлігі бастарын өлімге тіккізді. Бұл есеп айырысудың ең оңай жолы еді бұны өзгелер, әсіресе, Әулие Людовик король бас пайдасына жаратты. Инквизиторлар өз құрбандығының мал-мүлкін иеленді, өйткені, еретиктің балалары атақтарынан, мал-мүлкін иелену құқығынан айырылатын еді.

Міне, осы себепті ең бірбеткей, ең ауқатты ақсүйектер бірінші болып қырға ілікті.

Қорғандар мен байбатшалықтар қаңырап, инквизиция дәуірінде орданың заңымен жүретін түркіні өзгеден ерекшелендіретін әскери сал-серілер мен әскери серілік өмір салты келмеске кетті.

Олар татарлардан жеңілгендіктен жойылған жоқ, әскери сал-серілерді ит етінен жек көретін сопылардың қолымен жерге көмілді. Бұл қолына билік тиген жоқ-жітік пен ақсүйектің арасындағы дүрдраздық еді.

Тағы да түркі түркіге қарсы шықты. Қолында шырмақ па, қылыш па бәрі бір еді. Жоқ-жітіктердің доминикандықтар орденіне көз жұма ден қойғаны кездейсоқ емес. Олар оған өздерінің бұрынғы төрелерінің мамыржай тірлігін тас-талқан қылу үшін оыс қадамға барды. Батыстағы дінді қаруға айналдырғандар Түркі әлемін осылай көрге тықты.

Шармақшылар жорығы

Орта ғасырды «түнекті әлем дәурені» деп атайды. Өйткені, осы кезең туралы адамдардың нағыз ақиқатты білмегенін кейбіреулер қош көреді. Католиктер барша жылнамалар мен кітаптарды құртты. Ақиқатты өлтіру үшін мыңдаған амал-тәсілді ойлап тапты. Міне, соның бір тәсілі.

Шіркеу ақсүйектер үшін аждаһамен жекпе-жек ережесін енгізді. Оны жеңбеген жан өзі асыл тектімін деп айта алмады. Ол үшін қоғамға бастар жол жабылып, көршілері өз есігін ашпады.

Дегенмен қандай аждаһаны өлтіру керек еді? Әр қандай жекпе-жек турасында сөз болып отыр? Еуропада тірі аждаһа жоқ. Ал, аждаһа (ұлығ – қазір біз ұлу деп алжасып жүрген айдаһарымыз. Оған себеп, Сталин қазақша жыл санауға «ескінің сарқыншағы» деп тыйым салып, Хрущеев жылымығы кезінде: «Кербалық - кит» - «Мешін//маймыл болып 1800 жылдан бастап қытайшаланды», ұлығ айдаһар - ұлу атанып шыға келді – Ә.Ә.) – осы құрлықты жайлаған түркі мәдениетінің образы. Шіркеу адамнан бабаларынан бас тартуды күтті.

Ол «ұлығпен» байланысты дүниелерден бас тартамын деп ант-су ішті… Бір қарағанда қан төгілмейтін әдет-ғұрыптық жекпе-жек, ал, оның зәндәмінде нағыз қан төгу жатты. Жады құрбандыққа шалынды.

Тағы бір мысал, көп нәрсені ұқтырады. Түркі ешқашан өз қарсыласын түйреп өлтірген емес, бұндай қылық арқадан пышақ салған масқаралық саналады. Қыпшақтар тек қайқайта кесуді ғана қош көреді. Өйткені, дұшпаны ар заңы бойынша өзіне төнген қылышты көруі керек.

Бұны Шіркеуде байқады. Католиктерді түйреуші семсер, шпага, стилетпен қаруландыру етек алды. Түйреуші қаруымен. Шіркеуге адал жекпе-жектің құны бес тиын болды.

Қайқы қылыш, селебеге жол беріп, дегдарлық – зәндәмдыққа жол босатты. Католиктер өз қаруының жеңісін латын шармағымен, Иса Мәсіх жеңісімен байланыстырды.

Шындық жайлы жұмаған аузын ашпады…

Рим папсы Григорий VII Еуропаға Иса Мәсіх жеңісі жолындағы шармақшылар жорығын ұсынды. Шындығында бұл «Құдай мүрдесін» құтқару үшін емес, қанды қырғын мен орта ғасырдағы мәнсіз соғысты жүргізу үшін ойлап табылды.

Қапыпезерлік үстемдік құрған дәурен туды.

Батыс Еуропа XI ғасырда Византия мен Ислам Шығысына аттаныс жасау үшін зор күш жиды. Енді папаға әлемге үстемдік жүргізу үшін жұртты соғысқа жұмылдыра білу ғана қалды. Бұл саясат: «шармақшылар жорығы» деп аталып, екі ғасырға жуық уақытқа созылды.

Ақиқатын айтар болсақ, Құдыста «Құдай мүрдесі» болған емес, жөйіттер қайтыс болған жанды табытпен жерлемейді... Бір сөзбен айтсақ, соғысып еш қажеті де жоқтын.

Бірақ оларға Атлантикдан Евфрат жағалауына дейінгі аралықты қамтыған соғыс керектін. Әлем от жалынға орануға тиістін. Сол себепті, Шіркеу дінсіздер иелік етіп отырған «Тәңір табытын» ойлап тапты.

Папаның салпаңқұлақ тыңшылары Құдыста бейберектік ұйымдастырып, оларын мұсылмандарға жапты. Бұл ілік табуға себеп еді. Туғанынан бастап, өң мен түстің арасында сансырап жүретін Шөлші Петр (Петр Пустынник) көмектесті. Осы бір делқұлы жас жігіт ақша үшін есі ауысқан сарықарын ханымға үйленді, бірақ, оған бұл неке бақыт әкелмеді. Петр әйелінің сән-салтанатты үйінен аулақтап, сопы аттанды. 1094 жылы папаның пәрменімен Құдысқа жол тартты. Онда оған Иса Мәсіх жолығып: «Петр, қасиетті жерлерді қайырсыздық жайлады. Дінге сенушілер Құдысты одан тазалап, мәжусилердің қолынан әуле-әмбиелерді құтқарыңдар» депті-мыс.

Дәл осы сөздерден кейін шармақшылар жорығы басталды. Тап сол кезден бастап, католиктер өзінің ежелгі одақтасы мұсылмандармен қанды соғысты бастады.

Нақ осы кезде христиан мен барша адамзаттың жауы Ислам туралы алғашқы алыпқашпа сөз өмірге келді. Осы туралы барлық үйде, барлық жерде кеуесет сөз желдей есті… Папаның салпаңқұлақ тыңшылары ыңғайлы жолға қойылған тетікті орынды қозғай білді. Бәрі де келісті, бәрі де орынды өз жөнімен іске аса бастады. Ғибадатханадан ғибадатханаға, қаладан қалаға осы гу-гу тарап жүре берді. Ол құстай ұшып, адамдардың жан-дүниесіне нық орнығып, мұсылмандарға деген өшпенділікті тудырды.

Католиктерге гректерді Жерорта теңізінен түріп қуып шығу үшін жаңа саясат керек болды. Рим папасы Григорий VII Шіркеу папаларының ішіндегі ең көрегені еді.

Қанша жерден дана болсын, бәлен жерден әлеуетті болсын, «Жалғыздың шаңы шықпайтыны» белгілі. Бірақ олардың алдына қоятын орасан жоспарлары бар! Ол болса, жұртты өзіне имандай сендіріп, ақымақты да, ақылманды да өзіне ұйытып, өзінің тылсымды шыңырауына тартады.

Рим папасы Григорий VII «Құдай үшін соғысуы» тап осындай еді.

Ол тек Жерорта теңізін жаулап алуды емес, Еуропаны күшті де, көзі ашық жандардан айыруды көздеді. Бұл шармақшылар жорығының құпия да, ең басты жоспары еді. Шіркеу көптен бері «әрі зайырлы, әрі рухани император» болуды арман ететін. Сол себепті, папа бірінші кезекте, өздері үшін аса қауіпті саналатын ақсүйектер мен жастарды құртуды ойластырды.

Бұл кезде Батыс католиктер арасындағы соғыс пен керіске тыйым салынып, барлығы «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалауы» идеясымен өмір сүрді. Бұл идея Францияның оңтүстігінде өмірге келіп, барша әміршілер оған ден қойды. Оларды халық жақтады. Бұл түрік құлағына үйреншікті сөз еді. «Trenga Dei» – «Құдай дүниесі»… Ұмыт болған Тәңірі көңілдерді әлпештеді. Латын қыпшақтарының қанында бір кездегі дәурені жүрген дәуірдің жадысы оянды. Ілкі дүние еске түсті.

…1096 жыл бойы Батыс Еуропаның ірі қалаларының көшелері иін тірескен жұртқа толды. Алаңдар мен көшелерге жұрт сыймады. Жұрт оң жақ иықтарына папа әскерінің таңбасы қызыл шүперектен шармақ жапсырып тігіп алып, шармақшыға айналды.

Сол кездегі рим папасы Урбан II «Құдай жолында, Құдай жолында» деуден бір танбады. Ол шармақшыларды өзінің жеке қамқорлығына алды, олардың күнәлері кешіріліп, қарыздары жойылды.

Олар дінге берілген, бірақ папаға алданған жандар еді. Оларды қасапханадағы өгізшедей, өлімге итермеледі. Ал, олар бұны кәперлеріне де алған жоқ.

Қасиетті жерді азат ету үшін ақсүйектер және олардың ұлдары, шаруалар мен қолөнершілер Құддысқа жасайтын жорыққа дайындыққа кірісті. Тулуза, Бургундия, Фландрия… отбасылары, бір сөзбен айтқанда, Батыс Еуропалық түркі жерлері сақадай сайланды. Олар жаулап алудың еш қажеті жоқ нәрсеге аттану үшін ғажайып жасауға әзіренді.

Бір таңқаларлығы шармақшылардың көпшілігі Қасиетті жердің қай жақта орналасқанын білмеді, ал, олардың басшыларының айқын жоспары да жоқтын. Бұл жоспардың еш қажеті жоқтын, өйткені, папа Еуропадан адамдарды бастарын жұтуы үшін әкетті. Оған керегі халық көп қырылып, өзі қол жеткізетін батыс және шығыс түркілерінің жерлері еді. Соғыстың нәтижесі қандай болмасын, барлық жағдайда тек Шіркеу ғана ұтып шықты.

Дегенмен, «қаныпезер» Ислам туралы папаның айтқаны барып тұрған аяр антұрған өтірік еді. Құран Кәрімде өзге ұлтты езіп-жаншып билеу турасында бір ауыз сөз жоқ. Оны айтасыз ишара да жоқ. Оның есесіне егер жұртқа күш қолданып, алдап-арбауға түсірсең дінге қаяу түседі деген сөздер бар. Бұл – мұсылман үшін күнә. Тек сөзбен, өзінің жеке басыңның тәлімдік үлгісімен Исламды елге жаясың.

Папа бірінен бірі өткен аярлықтарды ойлап тауып, ақиқаттан аулақ кетті.

Әрі шармақшылар Ислам туралы дымды да білмей соғысты бастап кетті. Оларға ілім-білім мен кітаптың еш қажеті де жоқ болды. Көздеріне қан толып, Шығыстың ертегідегідей байлығына қол жеткізу үшін арандарын ашты. Көпшіліктің есін осы пиғыл жайлады.

Талан-тараж бірден басталып кетті. Құдысқа барар жолда папа әскері ауылдарды да, жолдарында кездескендерді де тонап, содан нәпақа тапты. Сопылар олардың көңілдерін өсіріп, алдамшы үмітке қарық қылып отырды. Әскермен қоса әйелдер мен балалар да қозғалды… Бұл бір жағынан халықтық көші-қонға ұқсайтын. Бірақ олар дән себу үшін емес, керісінше, жаңа жерде өлуге бастарын бәйгеге тіккендертін.

Әрбір үлкен қаланы шармақшылар Құдыс деп ойлап қалатын. Бірден тікке шабуылға кірісіп кететін. Көзсіз тобыр шұбырап шығысқа қарай бет алды. Жорық өзінің қатарын жаңа жақтаушылармен толықтырып, шармақшылық уағызы адамдарды жылан арбағандай өзіне тартты.

Жұр арасында дүрбелең туындады. Дегдар жанның қасында қоғамның керексіз жаны жолдас болып бірге жүрді. Мысалға, баукеспе ұрылар Англия шармақшыларының басшысы болды. Басшы болу үшін бір қарақшының өз кеудесіне өзі шармақты күйдіріп басып, «Бұл Құдайдың қылғаны» дегені де кезікті.

Оның үстіне, күнәсінен арылуы үшін қарақшы он дінсізді өлтірсе, құдайға жағады деген сөз де тарады… Шармақшылардың қатары молығуы үшін бәрі де кешірілетін кезең еді.

Бүгінгі Алманияның ол кездегі Қасиетті империяның тұрғындары әуелі шармақшылар шоғырына таңданыстарын жасырмай, үрке қарады. Баварлар, саксондықтар оларды «дүдәмәл да, ессіз үміттің» құрбандары деп қарқылдай күлді. Папаны ит етінен жек көретін «Немістер» папа уағызшыларына іштерін бермей, олардың императоры Генрих IV керек десеңіз папамен соғысты. Бірақ та, олардың француздық және ағылшындық ағайындарының тәлімі жұқпалы аурудай дертті ете білді. Алман қыпшақтары да басқа жерден бақыт іздеуге құлықтылық таныта бастады.

Қасиетті империяда да түркі қаны оянды.

Алман жеріндегі шармақшылар саны императордың мың жерден тыйым салғанымен күн сайын өсе түсті… Рейн әскері өз алдына ешкі мен қазды қойып, оларды «әскери жорық көсемдері» деп жария етті.

Бұл арада таңқалатын түгі де жоқ, Қорғаушы рух саналатын: қой мен аққуды еске түсіретін көне түркі символы еді. Бұл жайында ешкім де ұмтықан жоқ, тек халық санасында олар басқаша айшықтала бастаған еді.

Мәдениеттер қойыртпағы. Ол ешкім күтпеген жерден төбе көрсетеді. Тап осысымен этнография ғажайып қой.

Мәселен, папа әскері турасында мәлімет мардымсыз. Тіпті жоққа тән десе де болады. Керек десеңіз оның кімдерден, қандай халықтардан тұрғандығын да ешкім білмейді. Дегенмен, бір ғана деталь – шармақшылық жорыққа қатысушылардың салған әндері – рухани әндер. Ол хормен айтылды. Бұның өзі біраз нәрсені аңғартады. Бәз біреулер әнде тұрған не бар дер?

Шіркеу оны «пилигрим әндері» деп атады. Бір ойлаған жан Еуропаның алуан тілді ұлт-ұлыстың басын қосқан Құдаяттық бастау көз деп санар… Шындығында солай ма?

Бұл әндерді айналып келген шақта: итали мен француз, ағылшын мен неміс бір ғана тілде орындады. Өйткені, ол «түрлі тілді» шармақшылар тобыры арасында шырқалған түріктің ескі жорық жырлары еді. Адамдар өз ана тілінде төл әндерін әуелетті… Ұлығ халықтар көші-қонынан кейін әрбір екінші еуропалық қаны жағынан түркі екендігін естен шығаруға болмайды.

Жады бұл кезде жұртты бір тудың асытан топтастыра білді! Бұрын жорық әнін білмеген Еуропаға бұл дәстүр Алтайдан келді. Тап сол себепті ағылшын француз және неміспен еш тілмәшсіз тіл табысты. Барлығы бір-бірін еш кедергісіз түсінетін: өйткені, ол кездегі Еуропада түркі тілі қарым-қатынас тілі болды.

Тек XV ғасырға қарай ол мәңгіге ұмытылды.

…Ал, шармақшылардан кімдер қорықты, әрине, византиялықтар: олардың әлпетінен өздерінің ажалдарын көріп, демін сезінді. Католиктер «Көз қылу үшін Құдысқа аттанды»,-деп жазады сол кездегі византия жылнамалары «ал, өздері Константинопольді иеленгілері келеді»,-деп мәлімдей.

Бұл қисынды, шармақшылар бірден христиан әлемінің астанасын тонауға кірісіп кетті. Олар шіркеуге баса-көктеп кіріп, қолына түскен құнды дүниелерді қойын-қонышарына тығып алды да.., артынан оны гректердің өздеріне саудалады.

Талан-тараж ұзаққа созылған жоқ, шақырылмаған қонақтарды Еуропаны Азиядан, христиан әлемін мұсылман әлемінен бөліп тұрған Босфор бұғазы арқылы түре қуып шықты, әрі өздерімен өздерін жалғыз қалдырды. Византиялықтар «Құдай табытын» азат ету жорығына аяқтарын аттап басқан жоқ.

Ары қарай ең қиын кезең басталды: дайындығы жоқ армия жат елде ұзақ өмір сүре алмайды… Әлбетте, мұсылмандарды олар жеңе алған жоқ. Жылнамаларда осы шармақ жорығы турасында «Христиан сүйегінен тау төбелері тұрғызылды» деп жазады.

Бұл сүйектерден тұрғызылған төбелер папа саясатының нәтижесі еді.

Керек десеңіз, Шіркеу үшін әскери жорықтың табысты болуы керек те емес болатын. Тіпті, шармақшылардың 1099 жылы Құдысты басып алып, Қасиетті Жерде христиандардың жөйіттер мен мұсылмандардың үйлерін тонауы папаны қуантқан жоқ. Ол бұған шыдамдылықты керек ететін тіс ауруындай қарады… Нағыз қолбасшылар Францияның оңтүстігінен жасақталған әскерді басқарған граф Раймунд Тулузский, Гуго Вермандуа, герцог Роберт Нормандский, Готфрид Бульонский және басқалары не істеді? Олардың папа әскерінде еш құқығы жоқтын. Олар бастарын бәйгеге тігіп, бәрін жолға қойғылары келді, әуелгісінде мақсаттарына қол жеткізді. Тек шамалы уақытқа ғана.

Мұсылмандар ақыр соңында католиктерді тас-талқан қып жеңіп, Шығыстық құл базары адамға толды. Дәп осыны рим папасы іштей қалаған еді.

Кейін 1148 және 1191 жылдары шармақ жорығы жалғасты. Оларда тап бұрынғысынша аяқталды. 1212 жылы балалардың шармақ жорығы орын алды. Ондаған мың балалар өз бастарын өздері жұту үшін Қасиетті жерге аттанды: папа қызметкерлері оларды Құдысқа емес, бірден Мысырдың құл базарына тоғытты.

Еуропа өзінің миллиондаған адамын жоғалтты. Бірақ осы тірі тауарлар үшін Шіркеу қаншама пайда тапты.

Халықтың қайығы-қасіретінен Рим-католиктік Шіркеуі өзінің көкке өрлеген қарышты қадамын бастады. Ол шармақ жорығында жеңіп шықты. Папаның басты жауы ақсүйектердің билігі жойылды. Қалалар қайғы жамылды.

Міне, дәл осы кезде жаңа папа әскері – тамплиер мен госпиталиерлердің сал-серлік ордені тарихи аренаға шықты. Олар сопылық ордендерді толықтырып, талай ғасыр папаға қалтықсыз қызмет етті.

Жалғасы бар...

Әбілсерік ӘЛИАКБАРҰЛЫ.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?