Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Абай жолы»-ның мажар тіліндегі нұсқасы табылды

2563
 «Абай жолы»-ның мажар тіліндегі нұсқасы табылды - e-history.kz
Еуропаның төрінде қазақ әдебиетінің ірі туындыларының бірі М.Әуезовтың "Абай жолы" романының венгр тілінде жазылған нұсқасы сақтаулы екен

Мажарстандағы Сечени Мемлекеттік кітапxанасынан 1956 жылы жарияланған "Абай жолы" табылды Будапешт қаласындағы Сечени кітапxанасында Мұxтар Әуезовтың "Абай жолы" романының 1956 жылы мажар тілінде жарық көрген нұсқасы сақтаулы.

Орыс тілінен мажар тіліне аударылған еңбек сол кездегі Мажар билігінің тікелей қолдауымен басылған. Алдағы уақытта аталған кітап қазақшадан мадьяр тіліне тікелей аударылып жатса, бауырлас екі ел арасындағы мәдени байланыс одан әрмен нығая түсер еді?!

Бұл еңбекті кезінде Мадьяр тәржімашысы және журналист, ақын Жужа Раб аударған. 1926-1998 жылдары өмір сүрген көркем әдебиет саласының майталманы көзі тірісінде 100-ден астам еңбекті мажар тіліне аударған және 1963, 1973 жылдары әдебиет саласындағы беделді "Аттила Йожеф" сыйлығымен марапатталған.

"Абай жолын" Жужа Раб "Ақын жолы" деп мадьяр еліне жеткізген тұңғыш аудармашы. Сондай-ақ, Иштван Қоңыр Мандокиден кеңес ала отырып, Бауыржан Момышұлының еңбектерін мажар тіліне бірлесіп аударған.

 

Олжас БЕРКІНБАЕВ

Будапешт, Мажарстан

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?