Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Орыс халқы жаңа жылды Наурызда тойлаған

2934
Орыс халқы жаңа жылды Наурызда тойлаған - e-history.kz
Тарихшы, батыс аймағына белгілі өлкетанушы Жайсан Ақбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақтың «Көрісу» дейтін ежелгі дәстүрі бар. Бұл тек Қазақстанның батыс өңіріне ғана тән. Яғни бұл өңірлер Наурыз мейрамын Наурыз айының 14-жұлдызында бастайды. Бұл ескіше жаңа жыл мейрамы. Мына қызықты айтайын, орыстарда жаңа жыл мерекесі Наурыз айында болған. Орыс мемлекеті мұсылман халықтарымен бірге 14-Наурызды жаңа жыл мерекесі ретінде тойлаған. Тек І Петр бұл мерекені өзгертіп, 1-қаңтарға ауыстырды.

Оқи отырыңыз: 22 Наурыз мейрамына байланысты 22 қызықты дерек
 

1926 жылдан бастап, кеңестік үкіметтің ұстанған саясатымен одақ қарамағындағы басқа ұлттармен бірге түркітілдес халықтардың бәрі күні бүгінге дейін жаңа жылды 1 қаңтарда тойлаумен келеді. Содан бері Наурыз мейрамы да тойланбады. Өйткені сол уақтта Наурыз мейрамы «діннің қалдығы» деген желеудің ұраны болды. Жоғары да айтқандай І Петр Еуропаға еліктеп, көктем мерекесін ауыстырған. Шың, мәніндісінде Наурыз мейрамы табиғат мейрамы. Тіршіліктің жаңару мерекесі. Қыс дейтін, әсіресе көшпенді халыққа өте ауыр болған. Мал шаруашылығымен айналысу адам баласының кәсібінің ішіндегі ең қиыны. Ол малды бағып күту, әсіресе қысы қатал, қар көп түскен жылдары, не болмаса боранды жылдары малдан көп шығын болған, жұттар болған. Сол көктемде малдың аман қалуы, жанның аман қалуы содан болса керек. 

Мына амандасудың өзі «мал-жан аман ба?» - деп қал-ахуал сұрасудан бастаған. Бұл дегеніміз қазақ халқы әуелі «мал» аман ба? Деп төрт түлік малын меңзесе, екінші «жан» аман ба? Деп амандық сұрасқан. Сол көктем халықты, қыстың қиындығынан шыққаннан кейінгі жадыраған көктемнің келуі үлкен мейрам ретінде тойланған.

Мен айтар едім 14-Наурыз көрісу, қыстың қиындығынан шыққан халықтың бір-бірімен беттесуі жүздесуі, аман-саулығын білуі. Наурыздың да, Көрісудің де үлкен мейрам ретінде тойлануы үлкен заңдылық. Сондықтан барша қазақ жұртын Көрісу тойлап, бірге қатынасып, Ұлыстың ұлы күнін екі рет тойлауға жазсын. Наурыз мейрамын көрісу күнінен батсап, 22-наурызға дейін жалғастырайық. Көктем тойы, табиғат тойы, халықтық той бәріңізді осы тоймен құттықтаймын. Еліміздің тәуелсіздігі мәңгілік болсын! Халқымыз дүниежүзілік даму жолында тек қана алда болсын деген тілек білдіремін.    

Жазып алған: Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ,

Астана-Орал

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?