Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандық теңге туралы қызықты деректер

4524
Қазақстандық теңге туралы қызықты деректер - e-history.kz
15 қарашада Қазақстанда Ұлттық валюта күні аталып өтті. Қазақстандық ақшаны жасау туралы ең қызықты деген деректерді ұсынамыз.

Қазақстан КСРО-ның рубльдік аймағынан шыққан соңғы мемлекеттердің бірі болды. Ұлттық валютаны жасау — күрделі, көп еңбекті талап еткен үдеріс. Дегенмен, 90-шы жылдардың басында біздің елімізде оған соншама көп уақыт болмады. Қазақстан ұлттық валютасының дизайні бірнеше жылдың ішінде дайындалып бекітілді. Жаңа валюта «теңге» атауын алды.

 Алғашқы қазақстандық ақшалар Лондонда шығарылды. Шығарылған қағаз ақшаларды Лондоннан Республикамызға жеткізу үшін 18 әуе сапары жасалды, ал 8 күн ішінде тәуелсіз мемлекеттің жеке қаражаты барлық қазақстандық банктарға бөліп берілді. 1993 жылдың 15 қарашасы қазақстандықтардың есінде мәңгі сақталады. Осы күні кеңестік банкноттарды ұлттық теңгеге айырбастай бастады. ТМД-да банкнот фабрикалары 4 елде ғана бар. Теңге банкнотасы әлемдегі ең үздік қағаз ақша ретінде үш рет танылды. Теңге — жалған ақшадан әлемдегі ең қорғалған валюта. Біздің тәжірибеміз долларды жасап шығаруға пайдаланды. Ал, доллардың тарихы XVIII ғасырдан бастау алады. 

Қазақстандық теңгенің тарихынан ең қызықты деректерді Инфографика түрінде оқырмандар назарына ұсынамыз.

b416073d432e776e568b1b53bcd504e8.jpg

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?