Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстандағы иудаизм тарихы

13288
Қазақстандағы иудаизм тарихы - e-history.kz
Республикада қазіргі уақытта бүгінгі иудаизм дінінің барлық негізгі бағыттары бар. Бұл Израиль, сондай-ақ АҚШ мемлекеттерімен халықаралық байланыстың күшейтілгенінің айғағы болып табылады.

  Иудаизм діні Еуразия даласында алғашқы рет Хазар қағанатында тарала басталғаны тарихтан белгілі. Бұл дінді билік басшысымен бірге хазарлық ақсүйек тобынан шыққан шектеулі қауым қабылдады. XIVғ. иудей халқының Парсы елінен Түркістанға қоныс аударғаны туралы тарихи мәліметтер бар. Бұдан басқа, ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында Қазақстанның аумағында патшалық Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударған қолөнермен айналысатын иудейлер келе бастады. Республикаға иудей халқының жаппай қоныс аударуы ХХ ғ. 30-40 жж. сәйкес келеді. Иудей ұлты сталиндің репрессияның салдарынан Қазақстанға қоныс аударуға мәжбүр болды.

  Қазақстанда алғашқы синагогалар көтеріліске дейін пайда болған. Синагогалардың ең көнесі Семей қаласында сақталған. Бұл синагога 1913 ж. мен 1932 ж. аралығында 20 жылға толмайтын уақыт қызмет еткені белгілі. 2003 ж. иудаизм дінін ұстанушылар синагоганың 90-жылдығын атап өтті.

  Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Павлодар және елдегі басқа да ірі қалаларда синагогалар қызмет етеді. 2004 ж. Астана қаласында Орталық Азиядағы ірі синагогалардың бірі болып табылатын  «Бейт Рахель – Хаба Любавич» синагогасының ашылуына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев, Израиль, АҚШ, Еуропа мен ТМД бірқатар елдері қатысып, бұл іс-шара Қазақстандағы иудей халқы үшін маңызды оқиға болды.

  2012 ж. 25 қазанда 4 иудей қауымы қайта тіркеуден өтті. 2002 ж. бастап Қазақстанда «Шалом» газеті (құрылтайшысы  - Қазақстанның Иудей конгрессі) басылып шығарылады. Жыл сайын ежелгі иудей мерекелері атап өтіледі.

  Қазақстанда иудей дінін ұстанушылар арасында Еуроазиялық раввиндер конгрессі маңызды ықпалға ие. Аталмыш раввиндер конгрессінің отырыстары ТМД ірі қалаларында, соның ішінде Алматы қаласында да өтеді. Конгресс конфессияаралық келісімді нығайтуға өз үлесін қосып, иудей діни қауымдарының қызметін үйлестіруге ат салысады.

  Республикада қазіргі уақытта бүгінгі иудаизм дінінің барлық негізгі бағыттары бар. Бұл Израиль, сондай-ақ АҚШ мемлекеттерімен халықаралық байланыстың күшейтілгенінің айғағы болып табылады. Қазақстан жерінде мұсылмандар мен иудейлердің көпжылдық бейбіт қатар өмір сүруі конфессияаралық келісімнің оң үлгісі болып болып табылады.

  Иудаизм дін өкілдері Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төрт съезіне де қатысты. Атап айтқанда, форум жұмысына Израиль бас ашкеназийлік раввині Йона Мецгер, Израиль бас сефард раввині Шломо Амар, сондай-ақ Қазақстанның бас раввині Ешая Коген қатысты.