Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстандағы иудаизм тарихы

13287
Қазақстандағы иудаизм тарихы  - e-history.kz
Иудаизм діні Еуразия даласында алғашқы рет Хазар қағанатында тарала басталғаны тарихтан белгілі. Бұл дінді билік басшысымен бірге хазарлық ақсүйек тобынан шыққан шектеулі қауым қабылдады.

Иудаизм діні Еуразия даласында алғашқы рет Хазар қағанатында тарала басталғаны тарихтан белгілі. Бұл дінді билік басшысымен бірге хазарлық ақсүйек тобынан шыққан шектеулі қауым қабылдады. XIV ғ. еврейлер Парсы елінен Түркістанға қоныс аударғаны туралы тарихи мәліметтер бар. Бұдан басқа, ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында Қазақстанның аумағында патшалық Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударған қолөнермен айналысатын еврейлер келе бастады. Республикаға еврей халқының жаппай қоныс аударуы ХХ ғ. 30-40 жж. сәйкес келеді. Еврей ұлты сталиндік репрессия салдарынан Қазақстанға қоныс аударуға мәжбүр болды.

Қазақстанда алғашқы синагогалар көтеріліске дейін пайда болған. Синагогалардың ең көнесі Семей қаласында сақталған. Бұл синагога 1913 ж. мен 1932 ж. аралығында 20 жылға толмайтын уақыт қызмет еткені белгілі. 2003 ж. иудаизм дінін ұстанушылар синагоганың 90-жылдығын атап өтті.

Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Павлодар және елдегі басқа да ірі қалаларда синагогалар қызмет етеді. 2004 ж. Астана қаласында Орталық Азиядағы ірі синагогалардың бірі болып табылатын  «Бейт Рахель – Хаба Любавич» синагогасының ашылуына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев, Израиль, АҚШ, Еуропа мен ТМД бірқатар елдері қатысып, бұл іс-шара Қазақстан еврейлері өмірінде маңызды оқиға болды.

2012 ж. 25 қазанда 4 иудейлік қауымдастық тіркелген. 2002 ж. бастап Қазақстанда «Шалом» газеті шығып тұрады (құрылтайшы – Қазақстандағы Еврей конгресі). Жыл сайын ежелгі еврей халқының мерекелері атап өтіледі.

Қазақстан иудейлері арасында Еуроазиялық раввиндер конгресі маңызды ықпалға ие. Аталмыш раввиндер конгресінің отырыстары ТМД ірі қалаларында, соның ішінде Алматы қаласында да өтеді. Конгресс конфессияаралық келісім мен еврей діни қауымдастықтарының қызметтерін үйлестірумен айналысады.

Республикада қазіргі уақытта бүгінгі иудаизм дінінің барлық негізгі бағыттары бар. Бұл Израиль, сондай-ақ АҚШ мемлекеттерімен халықаралық байланыстың күшейтілгенінің айғағы болып табылады. Қазақстан жерінде мұсылмандар мен еврейлердің көпжылдық бейбіт қатар өмір сүруі конфессияаралық келісімнің оң үлгісі болып болып табылады.

Иудаизм дін өкілдері Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төрт съезіне де қатысты. Атап айтқанда, форум жұмысына Израиль ашкеназилық бас раввин Йона Мецгер, сефардтық бас раввин Шломо Амар, сондай-ақ Қазақстанның бас раввині Ешая Коген қатысты.