Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақтың қайсар тұлғасын еске алу

13269

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан  жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «Мәңгілік Ел» идеясы аясында Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға арналған  «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ» тақырыбындағы дөңгелек үстел 2014 жылдың  4 сәуірінде Аршалы ауданының Қойгелді орта мектебінде өтті.

Бұл Ақмола облысы, Аршалы ауданындағы Қойгелді ауылының маңындағы Танакөл жағасындағы елдімекенде1915 жылы 20 наурызда қазақтың қайсар тұлғасы, өз заманының танымал мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшенев дүниеге келген.

Осындай біртуар тау тұлғалы қазақ азаматының 2015 жылы өтетін 100 жылдық мерейтойына байланысты өткізілген еске алу шарасына Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы,  Аршалы аудандық Білім бөлімінің меңгерушісі Күлшат Рамазанқызы, Аудандық мәслихат депутаты Берік Құрманғалиұлы, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Ғелманұлы, институт қызметкерлері – Сейітқали Жахияұлы, Жабай Нұрмақұлы, Қанат Әлібекұлы және Қойгелді ауылының ақсақалдары – Барлыбай Елеуов, Сайлау Әлкеев пен ауданның орта мектептерінен келген ұстаздар, оқушылар қатысты.

8cff6bd630f314ed2ced4935770d7933.jpg

Суреттерде: Аршалы ауданы Қойгелді ауылының орта мектебінде 2014 жылдың 4 сәуірінде «Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің өмірі мен қызметі» тақырыбында  өткен дөңгелек үстелдегі бас қосу. Солдан оңға қарай отырғандар – Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к. С.Ж. Дүйсен, п.ғ.к. Ж.Н. Қалиев, Мемлекет тарихы институтының директоры Б.Ғ. Аяған, Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы, Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Қ.А. Еңсенов және Аршалы аудандық мәслихатының депутаты Б.Қ. Бектеміров.

Дөңгелек үстелдегі бас қосуда ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Ғелманұлы Аяған және «Жұмабек Тәшенев» кітабының авторлары – Сейітқали Жақияұлы Дүйсен мен Қанат Әлібекұлы Еңсенов қайраткердің өскен ортасы, еңбекке араласуы, еліне сіңірген ерен еңбегі, халқына қалтықсыз жасаған қызметі мен батырлығы жайында кеңінен жан-жақты баяндамалар жасады.

d17b911b31c5aec709db37df9b01f5f9.jpg

Ж.А. Тәшеневті еске алуға арналған дөңгелек үстелге қатысушылар

Еліміздің еркіндігі мен тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін бүгінгі жас ұрпақ тәуелсіздік рухында тәрбиеленуі тиіс. Сондықтан, өмірі өнеге болатын Жұмабек Ахметұлы сияқты тайсалмас дара тұлғалардың қызметін таныстыру, насихаттау жастардың бойына патриотизмді, асқақ рухты қалыптастыратындығы сөзсіз. 

4c195d69dcaa1116c421e5a5a91010fc.jpg

Ж.А. Тәшеневті еске алуға арналған дөңгелек үстелдің соңында Қойгелді мектебінің оқушылары, ұстаздары, ауыл ақсақалдары, әжелері және кешке қатысушы аудан басшылары мен Астаналық ғалымдар.

Кездесу барысында Ж.А. Тәшенев пен жақын таныс болған ауылдың ақсақалдары мен қарт аналары асыл азаматтың адамгершілік қасиеттері туралы естеліктерін ортаға салды.

  Жалпы, биылғы бас қосу, келер 2015 жылдың 20 наурызында Жұмабек Ахметұлының 100 жылдық мерейтойына дайындық деп есептеуге болады. Осы дөңгелек үстел қорытындысында аудан басшылығы, ауыл ақсақалдары және ғалымдар мынадай мәселелерді келер жылы ескеру керектігін атап көрсетті:Аршалы ауданында аудандық және Астана қаласында республикалық конференциялар өткізу;Конференция материалдарын жинақ ретінде шығару;Астана қаласында бір мектепке атын беру және ескертікіш қою керек;Аршалы ауданында Ж.А. Тәшеневтің бюстін қою қажет;Аршалы ауданының бір елдімекеніне Ж.А. Тәшеневтің есімін беру мәселесі көтерілді.

Қанат Еңсенов, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к.