Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстанның тарих ғылымындағы проблемалар және инновациялар

13219
Қазақстанда соңғы жарты жылда тарихты одан да терең зерделеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстанда соңғы жарты жылда тарихты одан да терең зерделеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.  Бұл жөнінде «Қазақстанның тарих ғылымындағы проблемалар және инновациялар» атты тақырыпта өткен брифинг барсыныда тарих ғылымдарының докторы, «Мемлекет тарихы институтының» директоры Бүркітбай Аяған мәлімдеді.

«Өлкенің біржарым мыңжылдық тарихын қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды. Жалпылама келбетті қалпына келтіру ғылыми зерттеулерді үзік-жарды жүргізуді тоқтату және ұлы байтақ далада өмір сүрген қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу этногенезінің шынайы да, нақты келбетін жасауға мүмкіндік береді. Біз қазақ халқының тарихына ғана емес, сондай-ақ біздің елде қоныстанған және Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыруға және құруға зор үлесін қосып жатқан барлық халықтардың тарихына үлкен көңіл бөлеміз» - деді профессор.

Професордың ақпараты бойынша шынымен-ақ соңғы екі айда отандық археологтар Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам елді мекенінен және Шығыс Қазақстан облысындағы сақ кезеңі қорғандарынан құнды артефактілер тапты. Маусымның 29-ы мен 3-ші шілде аралығында Қазақстан бойынша тарихшылардың жергілікті үкімет органдары өкілдерінің қатынасуымен аймақтық жиналыстар өткізілді. Жиналыстарда жоғарғы ірі оқу орындарының ректорлары мен ғылыми-зерттеу институттарының директорлары баяндама жасады. «Халық тарих толқынында» атты ғылыми-техникалық бағдарламаның жобасы әзірленуде.

Қазақстан тарихына байланысты тұрақты жұмыс істейтін мәліметтер базасы құрылып, оның қоры шетелдік орталықтардың мәліметтері және ғалымдардың тізімдемелерімен үнемі толықтырылып отырады. 2013 жылы маусымда 23 жетекші ғалым Иран, Түркия және Ұлыбританияның мұрағат қорларына жолдама алды. Ал, бүгінгі күні 10 ғалым шетелден оралып, басқа топтағы ғалымдар дайындалу үстінде. Мәдениет және ақпарат министрлігінде табылған материалдарды сұрыптау мәселелері талқыланды, алдағы уақытта оған кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету жоспарлануда», – деді профессор.