Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Теректі-Әулие

13216
Теректі-Әулие - e-history.kz
Қола дәуіріне (біздің заманымызға дейін екінші мыңжылдығына) жататын Теректі-Әулие петроглифтары ұзындығы көп жерге созылып баратын жайпақ тасты гранит қалдықтарында қалың жабылған жазулар

Қола дәуіріне (біздің заманымызға дейін екінші мыңжылдығына) жататын Теректі-Әулие петроглифтары ұзындығы көп жерге созылып баратын жайпақ тасты гранит қалдықтарында қалың жабылған жазулар ғалымдар үшін үлкен қызығушылық тудырады. Неғұрлым көп тараған сарындар жануарлар, көбінесе аттардың бейнелеуімен байланысты, сондай-ақ түйе мен өгіздердің суреттері бар. Суреттер ежелгі адамдардың көшпелі өмірінің көрінісі болып табылады, аң аулауға, жабайы аңдарға арналған, сондай-ақ Күнге табынушылығын суреттейтін сюжеттер бар. Суретті орындау техникасы қызығушылық тудырады, онда ежелгі адам алғашқыда бейнелеудің пішінін салып, кейіннен суреттің нұсқасы бойынша ұсақ жұмыр таспен тегістейтін. Теректі-Әулиемен көптеген аңыздар байланысты, сондықтан да қажылыққа барып тауап етушілер, және сондай-ақ мистиканы әр түрлі жақтаушылары бұл жерде жиі болатын қонақтар.