Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге. Оқиғалар хроникасы (1990-1995 жж.)

13060
Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге. Оқиғалар хроникасы (1990-1995 жж.) - e-history.kz
Жаңа мемлекетті құру тарихы туған ел тарихын құруда тарихи күрделі кезең болды.

Алғы сөз

Ұсынылатын кітаптың бірінші томында кеңейтілген дерекнама базасын тарту негізінде, мерзімді басылым материалдарынан автор – құрастырушылар 1990-1995 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстанда болған, аса маңызды оқиғалардың барлық спектрін еске түсіруге мүмкіндік алды. 1990 жылдың сәуірінде Президент постын құруға 1990 жылдың 25 желтоқсанында «Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» аса маңызды нормативті-құқықтық актісін қабылдау, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Егемен Қазақстан мемлекеті болып жарияланды, ТМД құру туралы Алматы актісіне қол қойылды, Егемен мемлекеттің Конституциясы қабылданды, қолданыстағы экономика жүйесін түбегейлі қайта құру, меншікті валютасын енгізу, мемлекеттік бейнелемесін әзірлеу, Президентті бүкілхалықтық сайлауында таңдау алғашқы тәуелсіздік жылдарындағы өзіндік кезеңі болды. Бұл өткінші емес тарихи маңыздылығы бар осы және басқа да тағдыршешті оқиғалар, хроника беттерінде өзінің жүйелі бейнелеуін алды.

Хрониканың бірінші томында Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі ретінде қалыптасу үдерісіне маңызды орын берілген. Кітапта елдің жетекші халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуы бейнеленген. Шет ел мемлекеттерімен дипломатиялық қатынасты орнату үшін орасан зор жемісті жұмыс атқарылып, Қазақстанды ресми мойындау және әлемнің бірқатар ондаған елдерімен дипломатиялық қатым –қатынас орнатылды, - деп қорытынды жасады құрастырушылар.

Құрастырушылар тарихи үдерісті тек ғана мемлекет үшін жаһандық ұстанымдағы оқиғалар емес, сондай-ақ басқа қалада, ауылда, шалғайдағы ауылдағы өтіп жатқан оқиғалар, күнделікті өмір арқылы ұсынған.

Танудың ғылыми әдісін пайдалана отырып, құрастырушылар оның барлық мәселелерімен және жетістіктерімен тарихи болмысының толық бейнесін барлық қырынан тыңнан жасайды.

«Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге. Оқиғалар хроникасы» студенттерге, оқытушыларға, ғалым-тарихшыларға, сондай-ақ Қазақстанның жаңа тарихының қызығушыларына арналған.

Б.Г. Аяған

тарих ғылымдарының докторы, профессор

Независимый Казахстан: День за днем. Хроника событий(1990-1995гг) 1 том.pdf